Алдын алуға болатын дерт
Бүгін Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында санитариялық-эпидемиологиялық бақылау Департаменті мамандарының, сондай – ақ БАҚ өкілдерінің қатысуымен адам папилломавирусы-АПВ-ға қарсы вакцинациялау мәселелеріне арналған брифинг өтті. Біздің Орталықтан брифинг жұмысына маммология және гинекология бөлімшесінің онкогинеколог дәрігері Әсем Чалдыбаева қатысты.
Кездесу барысында атап өтілгендей, адам папилломавирусы – әйелдерде аурулардың тұтас кешенін, соның ішінде қатерлі ісіктерге айналуы мүмкін ісік алды зақымдануларды тудыратын, ұрпақты болу жолдарының инфекцияларының ең көп тараған вирустық қоздырғышы.
Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, гинекологиялық онкологиялық аурулардың ішінде жатыр мойны обыры (ЖМО) әйелдердің басқа онкологиялық аурулары арасында Қазақстан Республикасында екінші орында тұр.
«Жыл сайын елімізде ЖМО 1800-ге жуық әйелдердің өмірін қиып келеді, яғни ҚР-да жатыр мойны обырынан күн сайын 2 адам қайтыс болады. Сонымен қатар дерт жылдан жылға жасарып келеді, егер бұрында ЖМО анықталған әйелдердің орта жасы шамамен 45 жасты құраса, бүгінгі күні орта жас 35-ті құрайды» -деп атап өтті Әсем Чалдыбаева.
Жатыр мойны қатерлі ісігі – алдын алуға болатын жалғыз қатерлі ісік екенін атап өткен жөн. Бірінші профилактика – бұл АПВ-на қарсы вакцинациясы болып табылады. Сондықтан Қазақстанда 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап 11 жастағы қыздар арасында адам папилломавирусына қарсы вакцинациялауды енгізу көзделіп отыр. Вакцинация ата-анасының келісімімен мектептерде сертификатталған вакцинамен жүргізілетін болады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2030 жылға қарай 15 жасқа дейінгі қыздардың кем дегенде 90% – ын АПВ-на қарсы егуді ұсынады. Бұл скринингпен және ерте емдеумен бірге 2045 жылға қарай жаңа ЖМО жағдайларын 42% – ға азайтып, 2070 жылға қарай бүкіл әлем бойынша 14 миллион өлімнің алдын алуға болады деген болжамды байқатады. АПВ вакцинациясы есептік деректер бойынша алдағы 100 жылда 45 миллионнан астам өлімнің алдын алуға болатынын айтып өтті мамандар.
Қазақстан халқының бірлігі күні құтты болсын!
Құрметті достар! Орталығмыздың барлық ұжымы атынан баршаңызды көктемнің тамаша мерекесімен, 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бірлік пен келісімнің арқасында біз тәуелсіз мемлекет қалыптастырып, зор жетістіктерге жеттік. Әлемге танылып, биік беделге ие болдық. Бірлік, достық және өзара сыйластық болған кезде ғана біздің кең байтақ ортақ отанымыз – Қазақстан Республикасы мол байлық пен бақ-берекеге кенеледі. Осы маңызды құндылықтар қоғамымыздың дүниетанымын анықтап, оның одан әрі біріге және жұмыла түсуінің айқын бағдары болады.
Біз бұл басты құндылықтар болашақта одан да үлкен табыстардың кепілі болатынына сенімдіміз. Баршаңызға зор денсаулық, амандық және жаңа табыстар тілейміз!
Аймақтың онколог – дәрігерлеріне арналған ғылыми-практикалық семинар
✅Тиімді ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу
Денсаулық сақтау саласындағы реформалар жалғасуда
19 сәуірде Мемлекет басшысы Қасм-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заң медицина қызметкерлерін құқықтық және қаржылық тұрғыдан қорғау жүйесін енгізуге және олардың жауапкершілігін арттыруға, сондай-ақ жастар арасында құрамында никотині бар заттардың таралуының алдын алу және оған қарсы күресу үшін жүйелі шаралар қабылдауға бағытталған.
Заң арқылы медицина қызметкерлерінің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі енгізілді (Заң ресми жарияланғаннан кейін 6 ай өткен соң қолданысқа енеді).
Сонымен қатар медицина қызметкерлерін қолдауға бағытталған түзетулер қабылданды. Атап айтқанда:
– тұрғылықты жері бойынша мектепке дейінгі ұйымдардан балалары үшін басым тәртіппен орын алу, кәсіби қызметіне заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғау, мамандығына құрметпен қарау, медициналық мамандығы бойынша әскери қызметін өткеру немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру құқықтары берілді;
– «Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» құрметті атағы – мемлекеттік наградасы белгіленді;
– Басы артық есеп немесе ақпарат беруден босату үшін денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бұдан былай медицина қызметкерлері толтыруға міндетті құжаттама тізбесін бекітеді;
– Аса тапшы мамандықты меңгерген медицина қызметкерлері ауылдық жерге кемінде 5 жыл жұмыс істеуге келген жағдайда, оған ең төменгі жалақының 100 еселенген мөлшерінде бірреттік ақшалай төлем беріледі.
Бұдан бөлек, Заңда шегуге келмейтін темекі өнімдерін, вейптерді, хош иістендіргіштерді және оларға арналған сұйықтықтарды сатуға, таратуға, сондай-ақ оларды жарнамалауға тыйым салу қарастырылған Заң бұл норма ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Кәсіпқойлық пен сыйластық-өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттары.
Бүгінде профессор Д. Р. Мусинов атындағы клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының қызметкерлері. пациенттерді қолдау қызметінің мамандарымен бірлесіп біздің Орталықтың қызметкерлері арасында оқыту семинарын өткізді. Кездесудің басты тақырыбы – қызметкерлер ұжым ішінде жұмыс істегенде де, пациенттермен жұмыс істегенде де қатаң ұстануға тиіс этикалық нормалар мен ережелерді талқылау болды.
Кездесу барысында Қазақстанда қабылданған медицина қызметкерлерінің Ар-намыс кодексінде бекітілген негізгі нормалар мен талаптар айтылды, сондай-ақ жанжалды жағдайларды болдырмауға ғана емес, ұжымда салауатты атмосфераны сақтауға мүмкіндік беретін қарым-қатынас пен өзара іс-қимыл әдістері талқыланды.
Эндоскопиялық технологиялар-хирургиядағы жаңа мүмкіндіктер
Хабарландыру
Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина
және онкология орталығы» ШЖҚ КМК байқау кеңесінің мүшелерін
іріктеу жөніндегі конкурс
«Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ байқау кеңесінің мүшелігіне конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс жариялайды.
Кәсіпорынның орналасқан жері: Абай облысы, индексі 071407, Семей қаласы, Құтжанов көшесі 3, телефон +7/7222/774422.
Конкурстың өтетін күні мен орны: 2024 жылғы 06 мамыр, Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 38а (3 қабат), 307 кабинет, «Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ғимараты. (more…)
Онкохирургиядағы заманауи әдістер
«Ашық есік күні» өтті
Білгенге абзал!
«Колоректальды қатерлі ісік» – сигма тәрізді (тоқ) ішек пен тік ішектің эпителийінде локализацияланған қатерлі ісіктерді біріктіретін ұғым. Көптеген онкологиялық аурулардың ішінде бұл патология ең аз талқыланатын дерт, демек мүмкін осыған байланысты дерттің айналасында көптеген мифтер пайда болып, пациенттердің арасында талай алаңдаушылыққа себеп болды. Алайда бүгінгі таңда қолданып келетін қатерлі ісік ауруын алдын алу тәсілдері КҚІ-ін ~ 95%-ын болдырмауға мүмкіндік береді дегенге сенім бар деп айтуға болады.
Әлемнің дамыған елдерінің статистикасы өкпенің қатерлі ісігінен басқа кез келген басқа локализациядағы қатерлі ісіктермен салыстырғанда алғаш рет анықталған тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісіктерінің тұрақты өсуін көрсетеді. Абай облысына келетін болсақ, өткен жылы колоректальды обырмен сырқаттанушылықтың 163 жаңа жағдайы тіркелді, бұл өкпе және асқазан обырынан кейінгі өлім – жітім деңгейі бойынша 3 орында тұр.
Колоректальды қатерлі ісік көбінесе полиптен,қатерлі емес ісіктің үлкеюінен басталады. Егер полип емделмесе немесе жойылмаса, ол қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
Полиптердің бірнеше формалары бар: Аденоматозды полиптер. Оларды колоноскопия арқылы анықтауға болады. Қатерлі ісікке дейінгі түрі болып саналады. Гиперпластикалық полиптер тоқ ішек пен тік ішекте де дамуы мүмкін. Олар ісік алды деп саналмайды. Полиптерді колоноскопия кезінде оңай анықтауға болады, өйткені олар әдетте тоқ ішектің беткі жағынан көтеріледі. Тоқ ішек полиптерінің шамамен 10% – ы жалпақ, егер оларды оқшаулау үшін бояғыш қолданылмаса, колоноскопия арқылы анықтау қиын болады. Бұл жалпақ полиптердің қатерлі ісік ауруына дамудың қаупі жоғары болады.
Аурудың бас кезеңдерде денсаулыққа байланысты проблемалар туғызбайды -әдетте олар кейінірек, ісік үлкен мөлшерге дейін өскеннен немесе басқа тіндерге зақым келтіргеннен кейін пайда болады. Сондықтан қатерлі ісіктің басқа
✅Дерттің алдын алу – мықты денсаулықтың кепілі


✅«Alma mater» – көптеген жылдар бойы тиімді және жемісті ынтымақтастық!


Үйлестіру кеңесінің отырысы: қорытындылар мен перспективалар
Бүгін Қазақстан Республикасының онкологиялық қызметінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы басталды, оның барысында бірқатар өзекті мәселелердің ішінде еліміздің онкологиялық қызметінің өткен жылғы жұмысының қорытындылары да талқыланатын болады.
Үйлестіру кеңесінің отырыстары 19 және 20 ақпан күндері өтетін болады. Оның жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі онкологиялық ұйымдардың басшылары қатысады. Екі күн ішінде өңірлердің бас онкологтарының 2023 жылғы есептері тыңдалмақ, өткен жылғы жұмыс қорытындыларын Абай облысының Ядролық медицина және онкология орталығы да ұсынатын болады. Әр өңірдің проблемалық мәселелерін, сондай-ақ оларды шешу жолдарын да талқылау жоспарлануда.
Айта кетерлігі, Үйлестіру кеңесінің ағымдағы отырысы үшін алаң ретінде Шығыс Қазақстан облысының көпсалалы онкология және хирургия Орталығы таңдалды. Бұл күндері ШҚО онкологтары еліміздің барлық өңірлерінен әріптестерін қабылдап қана қоймай, сонымен қатар іс-шара аясында көпсалалы Орталықтың мамандары қатысушыларды онкологиялық орталықта қолданылатын онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерімен таныстырып, жинақталған тәжірибелерімен бөліседі.
Дәрілік препараттың жағымсыз әсері туралы ақпаратты енді DariKZ қосымшасы арқылы жолдауға болады
✅Семей қаласының қоғамдық кеңесінің өкілдерімен кездесу
✅Халықаралық онкологиялық аурулармен күрес күні қарсаңында!
2023 жылғы Орталықты дамыту және стратегиялық жоспарлау: қорытындылары мен болашағы
1-10 ақпан: онкологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі онкүндігі
Құрметті достар, оқырмандар! Ақпан айының алғашқы күндерінен бастап біздің Орталықта Халықаралық онкологиялық аурулармен күрес күніне арналған онкүндік өтуде. Осы күндердің ішінде біз өңіріміздің онкологиялық қызметінің жұмысымен байланысты көптеген өзекті тақырыптарды, соның ішінде қатерлі ісіктердің алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған тақырыптарды көтеріп, талқылайтын боламыз. Сонымен қатар алдағы «Ашық есік күні» сияқты түрлі іс-шаралар өтетін болады! Сондықтан, баршаңыздан әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылып, пайдалы сілтемелермен бөлісуді сұраймыз.
Өкінішке орай, көптеген онкологиялық аурулар бастапқы кезеңдерде асимптоматикалық болып табылады, яғни аурудың ешқандай белгілері болмауы әбден мүмкін, ал белгілердің пайда болуы – көбінесе дерттің асқынғандығын білдіреді. Сондықтан, қатерлі ісіктермен және олардың асқынған түрлерімен күресудің негізгі құралы-онкологиялық сақтық және қоғамды дұрыс хабардар ету екендігін атап откен жөн. Осы онкүндік барысында біз қатерлі ісіктің алдын-алу, алғашқы белгілері мен ерте диагностикалау мүмкіндіктері туралы неғұрлым көбірек айтуға тырысамыз. Осылайша отандастарымыздың денсаулығын, тіпті өмірін сақтап қалуға одан да көп үлес қосамыз дегенге сенімдіміз!