Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Құрметті достар! Бүгін біздің орталықта кезекті «Ашық есік күні» өтті, оның барысында ең ауқымды скринингтік тексерулер жүргізілді. Бұл күні қатерлі ісіктердің барлық локализациясы бойынша бейінді мамандар қабылдауларын жүргізді. Осының арқасында біздің өңірдің 65-тен астам тұрғыны іс – шараға қатысып, денсаулықтарын тексеруге мүмкіндік алды-әртүрлі тексерулерден, мысалы, кеуде қуысының рентгенографиясынан, маммографиядан және ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, онколог дәрігерлердің пайдалы ұсыныстарын алды.
Қуанышқа орай, «Ашық есік күніне» қатысушылардың ешқайсысына қатерлі ісіктер немесе қатерлі ісікке дейінгі жағдайлар деген диагнозы қойылған жоқ. Дегенмен мамандар көптеген басқа ауруларды, соның ішінде созылмалы ауруларды да анықталды. Бұл біздің орталықта жүргізілген соңғы скринингтік тексерулерден алыс. Сондықтан келесі жолы мүмкіндікті жіберіп алмай денсаулықтарыңызды тексеруге асығыңыздар өйткені дерттің алдын – алу және ерте диагностикалау – мықты денсаулықтың кепілі.