Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Құрметті оқырмандар! Жалпы денсаулық сақтау жүйесінде онкология және қатерлі ісіктермен күрес – медицинаның күрделі және маңызды бағыттарының бірі екені сөзсіз. Онкологиялық қызметтің тиімділігі бірқатар факторларға тікелей байланысты, техникалық жағынан жарақтандырылу маңызды бола тұрғанмен, одан да маңызды аспектілер аз емес – бұл ең алдымен қатерлі ісікпен күресте заманауи құрылғылар мен әдістерді қолдана алатын біліктілігі жоғары мамандар, сонымен қатар халықаралық озық тәжірибелерді енгізуге және диагностика мен емдеудің қолда бар тәсілдерін жетілдіруге ықпал ететін ғылымның саласы. Көптеген жылдар бойы өңірдегі осы аса маңызды міндеттерді ойдағыдай шешуге онкологиялық қызметті тиімді дамыту және құруда еліміздің жетекші медициналық университеттерінің біріндегі әріптестеріміз, сенімді серіктестеріміз және пікірлестеріміз біздің мамандармен иық тіресе еңбек етіп келеді. Атап айтқанда, ол Семей медицина университетінің профессор Даниял Рахымқанұлы Мусинов атындағы клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының қызметкерлері. Әрине, көптеген жылдар бойы осы күнге дейін үзілмей келе жатқан жемісті ынтымақтастықты бір мақалаға сыйдыру мүмкін емес. Олай болса, біз «Alma mater» атты жаңа айдар ашып, оны мамандар даярлайтын шеберханаға, достарымызға және пікірлестерімізге арнағымыз келеді. Бірқатар мақалаларымызда оқырмандарды біздің Орталық базасындағы профессор Д.Р.Мусинов атындағы клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының құрылу, қалыптасу және дамуындағы маңызды кезеңдермен таныстыратын боламыз. «Alma mater» айдарынының алғашқы шығарылымын біз, әрине, кафедраның құрылуы мен дамуының берік іргетасын қалаған, білікті кадрларды даярлау ісіне және онкологиялық қызметте ғылымды дамытуға өлшеусіз үлес қосқан негізін қалаушыларға арнағымыз келеді. Сонымен, клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының тарихы 1975 жылдан бастау алады, дәл осы жылы Семей облыстық онкологиялық диспансерінің базасында (сол жылдары біздің орталық осылай аталған еді) Семей медицина институтының онкология курсы ұйымдастырылған болатын. Конкурс бойынша курстың алғашқы меңгерушісі болып медицина ғылымдарының кандидаты, доцент Виталий Прокопьевич Русанов сайланды. Ассистенттер м.ғ. к. В. Г. Черенков және м. ғ. к. А.Д.Шейнин, 1976 жылдан бастап, м. ғ. к., А.Ж.Мұқанов тағайындалды. Толық онкология кафедрасы 1983 жылы құрылды. Сол жылдары кафедраның алғашқы меңгеруші болып м. ғ. д., профессор А. Т. Бутенко тағайындалды, ал 1985-1993 жылдары кафедраны м. ғ. д., профессор В.Г.Черенков басқарған еді, оның жетекшілігімен кафедра қызметкерлері онкологияның өзекті мәселелері бойынша 3 кандидаттық диссертация қорғады (А. П. Макиенко, З. А. Танатова, М. С. Малгаждаров), өнертабыстарға патенттер алынып, рационализаторлық ұсыныстар жасалды. 1994 -1999 жылдары кафедраны жоғары біліктілік санатындағы онколог, м.ғ.к., доцент А.Ж.Мұқанов басқарды. Р.Ц.Жақыпова, З.А.Танатова, М.С.Малғаждаров кафедраның ассистенттері болып қызмет атқарды. 1999-2006 жылдар аралығында кафедраны м.ғ д., профессор жоғары біліктілік санатындағы хирург Д.Р.Мусинов басқарды. Осы жылдары адамның әртүрлі органдары мен мен жүйелеріне зерттеулердің ауқымды көлемі жүргізілді, соның ішінде әртүрлі локализациялардағы ісіктердің пункциялық жіңішке инелі аспирациялық биопсиясы. Кейіннен ғылым мен білім беру саласын дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін кафедраға Даниял Рахымқанұлының аты берілген болатын, бірақ бұл туралы «Alma mater» айдарының келесі шығарылымында толығырақ айтатын боламыз.