Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығы ұжымының Семей қаласының қоғамдық кеңесінің өкілдерімен кездесуі өтті. Делегация құрамында біздің орталыққа Айан Кеңесбаев, Айнагүл Нұртазина, сондай-ақ Фарида Рахматуллина келді.
Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Бұл өңірдегі қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың көрсеткіштері, өткен жылғы онкологиялық қызметтің жұмысының қорытындылары, Ядролық медицина және онкология орталығының стратегиялық даму перспективалары. Әлеуметтік маңызды мәселелер, оның ішінде халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау ұйымдарындағы кадрлардың тапшылығы, жас мамандарды қолдау және ынталандыру, жалақы мәселелері, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер де талқыланды. Өңірдің онкологиялық қызметінің өзекті мәселелері туралы айта келе, Семей қаласының қоғамдық кеңесінің өкілдері жемісті ынтымақтастық орнатуға және денсаулық сақтауды одан әрі дамытуға кедергі келтіретін кез келген мәселелерді шешуге жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.