Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Осы күндері біздің Орталықтың онкогинекологтары Лаззат Аликенова және Алексей Ямушев Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжі мен «Авиценна» жоғары медициналық колледжінің оқушыларына дәріс оқыды. Кездесудің басты тақырыбы Қазақстан Республикасында адам папилломавирусына қарсы 11 жастағы қыздарды вакцинациялаудың 2023-2025 жылдарға арналған жоспарын талқылау болды. Спикерлер вакцинацияның негізгі мақсаттарын, вакцина жұмысының алгоритмдерін түсіндірді, сондай-ақ осы саладағы отандық және шетелдік ғалымдардың зерттеу нәтижелерімен бөлісті. Спикерлер тыңдаушылардың өзекті сұрақтарына да жауап берді. Адам папилломавирусы жатыр мойны обырының дамуының негізгі этиологиялық факторы болып табылады. 97% – да бұл қатерлі ісік осы вируспен байланысты. Бүгінгі таңда жатыр мойны обыры Қазақстандағы әйелдерде жиі кездесетін қатерлі ісіктердің бірі болып табылады. Сонымен қатар, қатерлі ісіктің бұл түрі вакцинацияның арқасында пайда болу қаупін едәуір төмендетуге болатын жалғыз онкологиялық ауру болып табылады.