Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Құрметті достар, оқырмандар! Ақпан айының алғашқы күндерінен бастап біздің Орталықта Халықаралық онкологиялық аурулармен күрес күніне арналған онкүндік өтуде. Осы күндердің ішінде біз өңіріміздің онкологиялық қызметінің жұмысымен байланысты көптеген өзекті тақырыптарды, соның ішінде қатерлі ісіктердің алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған тақырыптарды көтеріп, талқылайтын боламыз. Сонымен қатар алдағы «Ашық есік күні» сияқты түрлі іс-шаралар өтетін болады! Сондықтан, баршаңыздан әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылып, пайдалы сілтемелермен бөлісуді сұраймыз.
Өкінішке орай, көптеген онкологиялық аурулар бастапқы кезеңдерде асимптоматикалық болып табылады, яғни аурудың ешқандай белгілері болмауы әбден мүмкін, ал белгілердің пайда болуы – көбінесе дерттің асқынғандығын білдіреді. Сондықтан, қатерлі ісіктермен және олардың асқынған түрлерімен күресудің негізгі құралы-онкологиялық сақтық және қоғамды дұрыс хабардар ету екендігін атап откен жөн. Осы онкүндік барысында біз қатерлі ісіктің алдын-алу, алғашқы белгілері мен ерте диагностикалау мүмкіндіктері туралы неғұрлым көбірек айтуға тырысамыз. Осылайша отандастарымыздың денсаулығын, тіпті өмірін сақтап қалуға одан да көп үлес қосамыз дегенге сенімдіміз!