Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина

және онкология орталығы» ШЖҚ КМК байқау кеңесінің мүшелерін

іріктеу жөніндегі  конкурс

 

«Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ байқау кеңесінің мүшелігіне конкурстық іріктеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі комиссия Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК байқау кеңесінің мүшелерін іріктеу жөніндегі конкурс жариялайды.

Кәсіпорынның орналасқан жері: Абай облысы, индексі 071407, Семей қаласы, Құтжанов көшесі 3, телефон +7/7222/774422.

Конкурстың өтетін күні мен орны: 2024 жылғы 06 мамыр, Абай облысы, Семей қаласы, Қайым Мұхамедханов көшесі, 38а (3 қабат), 307 кабинет, «Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ ғимараты.

Кәсіпорынның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы: Ересек тұрғындарға ядролық медицина және онкология бойынша медициналық көмек көрсетеді, сондай-ақ кәсіпорын профилі бойынша ғылыми-білім беру қызметтерін көрсетеді.

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына 2-қосымшаға сәйкес денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптар жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың біреуінің:

1) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау немесе ұйым бейіні бойынша және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Келесі тұлғалар байқау кеңесінің мүшесі ретінде сайлануға болмайды:

1) соттылығы өтелмеген немесе алынбаған;

2) заңды тұлғаны банкрот деп тану туралы шешім қабылданғанға дейін бір жылдан астам осы заңды тұлғаның басшысы болған;

3) бұрын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған;

4) байқау кеңесінің басқа мүшесімен немесе мемлекеттік кәсіпорын басшысымен жақын туыстық және туыстық қатынастағы адамды.

 

Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғaлapдың құжаттарын қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 30 күнтізбелік күн. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалардың құжаттарын қабылдаудың басталу күні мерзімді баспасөз басылымында конкурс өткізу туралы хабарландыру орналастырылған күннен бастап айқындалады. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар үшін құжаттарды қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен бастап отыз күнтізбелік күн өткен соң аяқталады.

Конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғa (apы қарай – үміткер) комиссияға келесі құжаттарды тапсырады:

1) конкурсқа қатысу туралы өтініш (еркін нысанда жазылған);

2) мемлекеттік және орыс тіліндеріндегі түйіндеме;

3) өмірбаян (еркін нысанда жазылған);

4) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

5) жоғары білімі туралы құжаттың көшірмесі;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі;

7) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығы және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары жоқ екендігін растайтын құжаттар.

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар, алдындағы жұмыс орнының басшылығынан ұсыным) беруіне болады.

Қатысушы конкурстық өтінімнің түпнұсқасын конвертке жапсырады, оны «Түпнұсқа» деп белгілейді. Бұл конвертте қатысушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және мекенжайы көрсетіледі. Осыдан кейін конверт сыртқы конвертке мөрленеді.

Ішкі және сыртқы конверттер:

1) шақыруда немесе мерзімді басылымдардағы ақпаратта көрсетілген мекенжай бойынша тиісті саланың уәкілетті органына (жергілікті атқарушы органға) жолдануға;

2)  АО ДБ «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК байқау кеңесі мүшелерінің конкурсы»  және «2024 жылдың 4 мамырына дейін ашпау» деген сөздерді қамтуға (шақыруда көрсетілген конверттерді немесе мерзімді баспасөздегі ақпаратты ашу күні мен уақыты).

Конверттерді ашу күні мен уақыты: 2024 жылғы 06 мамыр сағат 10.00-де.

Үміткердің конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптарға сәйкестігін бағалау нәтижелері бойынша әңгімелесу өткізіледі.