Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Орталықтын тарихы

75 жылдық тарихы бар Ядролық медицина және онкология орталығы,   1947 жылдың қазан айында Семейде құрылған шағын ғана онкологиялық пункттен бастау алады. Ол кезде штатта 1 дәрігер, 1 қабылдаушы мейіргер және 1 патронаж мейіргер ғана жұмыс істеді. Соғыстан кейінгі жылдарда қоғамның басқа салаларындағы сияқты онкологиялық қызметтің де қалыптасу кезеңі қиын болды. Эрика Рудольфовна Бельская сияқты алғашқы басшылардың жоғары ұйымдастырушылық және адами қасиеттерінің арқасында онкологиялық қызмет біртіндеп нығайып, кеңейе түсті. Семей облысындағы онкологиялық көмек көрсетудің негізін қалаушы да – Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген дәрігері, денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары біліктілік санатындағы дәрігер Эрика Рудольфовна Бельская болды. Ол кісінің басшылығымен облыстық онкологиялық диспансер қалалар мен ауылдардағы онкологиялық науқастарға мамандандырылған медициналық көмек көрсететін ірі медициналық мекемеге айналды. Онкологияға шалдыққан науқастарды диспансеризациялау, онкологтардың облыс аудандарына жүйелі түрде барып отыруы, сондай-ақ қаланың емдеу мекемелерімен байланыс жолға қойылды. Тұрғындар үшін алдын ала медициналық тексерулер және аула бойынша  алдын ала медициналық тексеру жүргізу енгізілді. Облыс аудандарында  онкологиялық пункттер пайда бола бастады, ректоскопия, цистоскопия, биопсия сияқты бірқатар зертханалық зерттеулер жүргізуге мүмкіндік туды және ол үшін науқастарды Алматыға жіберудің қажеті болмады.

1952 жылы бүкіл Семей облысы бойынша науқастарға қызмет көрсететін онкологиялық диспансер ұйымдастыру жөніндегі жұмыстар басталды. Ол үшін облыстық денсаулық сақтау бөлімінің тегін қорынан 20 төсектік орын бөлінді. Онкологиялық диспансердің бас дәрігері болып Иван Кузьмич Седов тағайындалды. Өңірдің онкологиялық қызметінің дамуымен қатерлі ісік ауруларын анықтау мен емдеудің жаңа бағыттары мен озық әдістері енгізіледі: өзінің патологиялық зертханасы ашылып, кобальттерапия енгізілді.

Өткен ғасырдың 60-жылдары онкологиялық қызметтің дамуының маңызды кезеңі болды. Дәл осы кезеңде онкологиялық диспансер өзінің материалдық-техникалық базасын айтарлықтай нығайта алды. Стационар  қайта жаңғыртылып, емхана салынғаннан кейін төсектік орын қоры ғана кеңіп қойған жоқ, сонымен қатар сол кез үшін жаңа үлгідегі құрал-жабдықтармен жабдықталған заманауи операциялық бөлме, таңу бөлмесі, қажетті қосалқы диагностикалық кабинеттер де пайдалануға берілді. Цитологиялық және радиоизотоптық зертханалар ашылды.

1963 жылы Қазақстанда алғаш рет онкологиялық диспансер базасында  қатерлі ісікті емдеу үшін химиотерапия қолданылды. Сол кезде допанон, эндоксан, циклофосфанон және тио-теф сияқты 4 химиопрепарат қолданылған.

1970 жылдардың өзіне қарай онкологиялық диспансерде сол кездегі барлық заманауи емдеу әдістері қолданылды, бірақ сәулелі терапия басым болды. Химио және гормонды терапия алатын науқастардың саны арта бастады. Сонымен қатар, 1970 жылы онкологиялық диспансер Қазақстандағы онкологиялық аурулардың алдын алу және науқастарға онкологиялық көмек көрсету бойынша озық тәжірибе мектебіне айналды. «Ашық есік күні», онкологтардың аудандарға кешенді сапарлары тәжірибеге енгізіледі.

Онкологиялық қызметтің даму бағытын 1973 жылы диспансерді басқарған, денсаулық сақтау ісінің үздігі, жоғары санатты дәрігер – Альберт Александрович Колкер жалғастырды. Оның белсенді қатысуымен 3 қабатты типтік ғимарат, сонымен қатар радиологиялық корпусқа 2 қабатты жапсарлас құрылыс салынды. Жаңа ғимаратта диспансерлік, хирургиялық және гинекологиялық бөлімшелер, сондай-ақ құрамында рентген бөлімшесі, клиникалық, орталықтандырылған цитологиялық зертханалары бар диагностикалық қызметтер және әдістемелік-ұйымдастыру кабинеті орналастырылды.

А.А.Колкер онкологиялық науқастарды хирургиялық жолмен және сәулемен емдеуді дамытуға да үлкен үлес қосты. Ол өзінің бай кәсіби тәжірибесін жас, қазіргі кезде жұмыс жасап жүрген дәрігерлерге берді. Сол жылдары сүт бездерінің қатерлі ісігін ерте анықтау мақсатында облыстың 7 ауданында және Семей қаласында тарихта алғаш рет әйелдердің сүт бездеріне скринингтік тексерулер жүргізіле бастады. Жетпісінші жылдардың аяғында онкологиялық диспансерде қашықтықты гамматерапиялық аппаратта емдеу, қолданбалы және тінішілік кюритерапия, сұйық радиоактивті заттарды қолдану арқылы манипуляциялар жасау сияқты бірегей әдістер қолданыла бастады.

80-жылдары диспансер ғимараттарын жаңарту, үлкейту жұмыстары жалғасын тауып, түбегейлі жөндеу жұмыстары жүргізілді және радиологиялық корпусқа қосалқы құрылыс басталды. Осы жылдар ішінде радиологиялық құрылғылар айтарлықтай жаңартылды, бұл персоналдың радиациялық қауіпсіздік жағдайында сәулелі терапияны жүргізуге мүмкіндік берді.

Онжылдықтың айтулы оқиғаларына Семей медициналық институтында онкология кафедрасының ашылуын жатқызуға болады – бұл дәрігер-онкологтарды даярлауға ғана емес, сондай-ақ онкология ғылымының дамуына да маңызды үлес болды.

Сондай-ақ осы жылдары клиникалық диагностика зертханасында асқазан ісігіне шалдыққан науқастардағы жеке радиосезімталдықты анықтаудың авторлық әдістері енгізілді. Холестерин мен b -липопротеидтерді анықтау әдістері игеріліп, тәжірибеге енгізілді.

90-жылдары Семей облыстық онкологиялық диспансері Семей қаласының облысаралық онкологиялық диспансері болып өзгертілді. Сол жылдары онкологиялық диспансердің бас дәрігері Ғабдулманап Әбейұлы Әбеев болды. Оның тікелей қатысуымен 1995 жылы Семей-Хьюстон (Техас, АҚШ) серіктестігі басталды, соның арқасында диспансердің материалдық-техникалық базасы нығайтылды – автоклавтар, төсектер, хирургиялық құралдар, таңу материалдары, дәрі-дәрмек және тағы басқалар алынды. 3 жыл ішінде 6 маман АҚШ-та, 10 маман ТМД елдерінде оқып келді. Жансақтау бөлімінде модельді пост орнатылып, фармация бөлімі құрылды, зертханалық тексерулердің сапасы мен бақылауы жетілдірілді, оқу-әдістемелік кабинет ашылды. Онкологиялық ауруларды тіркеудің халықаралық бағдарламасы енгізілді. Сәулелік терапия кезінде лейкопенияның алдын алу мақсатында лазерлік терапия енгізілді.

Осы жылдары заманауи компьютерлік техника да енгізілді. «Карат» ЭЕМ әзірлеме жасалды, енгізілген ақпаратты өңдеу және алынған нәтижелерді қосымша талдау жүйесі жетілдірілді.

1998 жылы онкологиялық диспансерді медицина ғылымдарының докторы, профессор, СММУ онкология кафедрасының доценті, жоғары біліктілік санаттағы дәрігер, ғалым, қоғам қайраткері, денсаулық сақтау ісін ұйымдастырудың шебері – Сандыбаев Марат Нұрланбекұлы басқарды.

         Оның жетекшілігімен өңір тұрғындарының денсаулығын сақтау, атап айтқанда, онкологиялық аурулармен күресті жетілдіру саласында түрлі бағдарламалар жүзеге асырылды. Оның бастамасымен диспансерде маммологиялық орталық құру жобасы жүзеге асырылып, репродуктивті органдардағы қатерлі ісік ауруларынан зардап шегіп жүрген әйелдерге мамандандырылған медициналық көмек көрсетілетін маммология және онкогинекология бөлімшесі ашылды. Жаңа емхана, химиотерапия бөлімдері жұмыс жасап, күндізгі стационар бөлімі, өңірлік СКДО құрылды. Онкологиялық көмекті аудандарға жақындату үшін бекітілген кестеге сәйкес аудандарды аралап, орнында шеберлік сабақтарын өткізіп, науқастарға кеңес беріп, әдістемелік-ұйымдастыру көмегін көрсетіп, демонстрациялық операциялар жүргізетін дәрігерлердің мобильді бригадасы құрылды.

         2000 жылдардың басына қарай, барлық онжылдықтар сияқты, онкоорталықтың материалдық-техникалық жарақтандырылуын нығайту мен мүмкіндіктерін кеңейтудің жаңа белестері болды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі арқылы клиникалық диагностикалық зертханаға құрылғылар алынды: гемоцитометрлер «Sismex», «Medicon 4000», биохимиялық анализатор, газ талдағышы, электролит талдағышы, зәр талдағышы және т.б. көптеген құралдар пайдалануға берілді, бұл зертханада жүргізілетін зерттеулердің ауқымын ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Ортовольтты рентгенді терапияға арналған жаңа құрылғы сатып алынды. Сәуле алды дайындыққа арналған «Terasix» рентгендік симуляторы іске қосылды.

Диспансерлік бөлім пайдалануға берілді. 2004 жылдың маусым айында заманауи радиологиялық орталықтың құрылысын қаржыландыру басталды. 85 төсектік орынға арналған – 3527,3 м2 стационар, радиологиялық корпусқа жапсарлас  – желілі үдеткіштерге арналған екі каньон – 359,3 м2 салынды. «Жол картасы» аясында 3 қабатты типтік ғимаратта жөндеу жұмыстары жүргізілді.

          Диспансердің диагностикалық-емдеу процесі де кеңейіп, диагностика және емдеудің заманауи әдістерімен толықтырылды. Патогистологиялық зертханада сүт безі қатерлі ісігінде зерттеудің иммуногистохимиялық әдісі енгізді.

2000 жылдары Марат Сандыбаевтың басшылығымен диспансер халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге сенімді бағыт алды. Осылайша, МАГАТЭ жобасы аясында диспансер қызметкерлерінің ТМД елдерінде және алыс-жақын шетелде тағылымдамадан өтуі және оқуы қаржыландырылды.

«Молекулярлық патология кафедрасы, атомдық сынақтар нәтижесінде пайда болатын ауруларды зерттейтін ғылыми-зерттеу институты, Жапонияның Нагасаки университетіндегі биомедициналық ғылымдар аспирантурасы және Семей қаласының ООД коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны арасында халықаралық ғылыми алмасу туралы» Меморандумға қол қойылды.

Қол қойылған Меморандум аясында «JIKA» жобасы құрылып, ол осы аумақта бұрын жүргізілген сынақтар нәтижесінде иондаушы сәуле әсеріне ұшыраған Семей өңірінің әйел тұрғындарына скринингтік және цитологиялық зерттеулер жүргізуге арналды. Патоморфологиялық зертхана Жапония үкіметінің гуманитарлық көмегі арқылы алынған жаңа аппаратты толығымен игерді. Тәжірибе алмасу және біліктілікті арттыру мақсатында жапондық морфологтар онкологиялық диспансерде 4 айдан астам уақыт жұмыс істеді. «РФ Медицина ғылымдары академиясының Н.Н.Блохин атындағы Ресей онкологиялық ғылыми орталығы мемлекеттік мекемесінің Алтай филиалы, Ресей Федерациясының Алтай өңірлік онкологиялық орталығы және Ресей Федерациясының Алтай өлкелік онкологиялық орталығы және Қазақстан Республикасы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының облыстық онкологиялық диспансері» арасындағы халықаралық ынтымақтастық, ғылыми және тәжірибе алмасу туралы» екіжақты меморандумға қол қойылды.

         Ең бастысы, шетелдік әріптестермен ынтымақтастықтың арқасында екінші мыңжылдықтың алғашқы он жылында өңірде заманауи ядролық Орталықтың негізі қаланды, бұл өңірдегі ғана емес бүкіл Қазақстандағы онкологиялық қызметтің құрылуы мен дамуы тарихының мүлде жаңа тарауын ашты.  Дәл осы жылдары 2009-2013 жылдар циклына МАГАТЭ ТС аясында қаржылық қолдау алған, «Шығыс Қазақстан онкологиялық орталығында ядролық медицина бөлімін құрудың» МАГАТЭ және ҚР ҚАЭ – KAZ/6/009 бірлескен екінші жобасына қол қойылып, жүзеге асырылуда. Осы жоба аясында МАГАТЭ қалқанша безді зерттеуге арналған шағын гамма-камера мен қосымша құрылғылар сатып алды. Осы бағдарлама аясында ядролық медицина үшін мамандарды даярлау және сараптамалық сапарлар жалғасуда. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, ғылыми Орталықтардың, алыс және жақын шетелдердің, оның ішінде АҚШ, Корея, Жапония, Еуропа елдері үкіметінің өкілдері бірнеше рет болды.

Марат Санбыбаевтың жетекшілігімен жаңа онжылдықта – 2010-2020 жылдары диспансер өз дәстүрін өзгертпей, ілгері дамудың сенімді жолын жалғастырды. Маңызды өзгерістер мен жетістіктердің ішінде жаңа КТ және МРТ құрылғылары мен жылжымалы маммографиялық станцияның енгізілуін атап өтуге болады. Дәл осы жылдары диспансердің барлық бөлімдері дерлік онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеуге арналған жаңа құрылғылармен жабдықталған.

Диагностика мен емдеудің мультидисциплинарлық тәсілі енгізілді. Tc99 (Technetium) препаратын қолдана отырып, Nucline TH-33 гамма камерасында  қалқанша безінің алғашқы зерттеулері басталды. Екінші кезеңнің құрылысы аяқталып, 85 төсектік орынға арналған стационар пайдалануға берілді. Құрылыстың үшінші кезеңі – ядролық медицина бөлімінің құрылысы жүріп жатыр. Ал диспансердің көптеген мамандары алыс-жақын шетелдердің жетекші ғылыми-клиникалық орталықтарында білімін жетілдірді.

Жаңа мыңжылдықтың 20-шы жылдарының басы Ядролық медицина орталығын құру бойынша ұзақ және қажырлы жұмыстардың сәтті аяқталуымен белгілі болды. Көптеген ғалымдардың, дәрігерлердің, саяси және қоғам қайраткерлерінің, ең бастысы, Ядролық медицина және онкология орталығының директоры Марат Сандыбаевтың еңбегінің басты жетістігі – Қазақстанда тұңғыш және әзірге жалғыз радионуклидті терапия бөлімінің, сондай-ақ циклотронның іске қосылуымен радионуклидті диагностика бөлімінің (2 PET CT және 2 SPECT) ашылу сәті еді. Айта кету керек, Орталықта фармпрепараттарды өндіру, қаптау және сапасын бақылаудан бастап, диагностикалық және емдеу жұмыстарын жүргізуге дейінгі ядролық медицинаның толық циклі игерілген.

        2022 жылы Марат Сандыбаев өзінің білімі мен тәжірибесін бұдан да маңызды мәселеге – жаңадан құрылған Абай облысының денсаулық сақтау басқармасын құруға және басқаруға бағыттау үшін, көп жылдық жемісті жұмысынан кейін Ядролық медицина және онкология орталығының директоры қызметінен кетті. Орталық директоры болып оның орнын медицина ғылымдарының кандидаты Белихина Татьяна Ивановна алмастырды.

          2023 жылы Т.И. Белихинаның басшылығымен, емдеу процесіне диагностиканың жаңа технологиясы сәтті енгізілді: технециймен гамма-сүңгінінің көмегімен күзетші лимфа түйіндерінің сцинтиграфиясы. Орталықта сонымен қатар жаңа, қазірдің өзінде екінші радиофармпрепарат NaF өндірісі іске қосылды (біз еліміздегі 3-ші орталық болдық), бұл сүйек тінінің метастатикалық зақымдануын анықтау үшін, сүйек патологиясының дифференциалды диагностикасы үшін ПЭТ КТ 18-F-Na F жаңа зерттеуді енгізуге мүмкіндік берді. Абай облысында жұмсақ тіндердің, сүйектердің және лимфа жүйесінің қатерлі ісіктері бар науқастарға ұзақ берілетін химиотерапияға арналған жоғары дозалы химиотерапия әдісі енгізілді. Жағдайы ауыр онкологиялық пациенттердің үйлеріне барып қарау үшін жаңа мобильді топ (құрамында дәрігер, мейіргер, психолог) жасақталды, бұрын бұл қызметтерді Хоспис көрсеткен.

          Облыста алғаш рет асқазан мен өкпенің қатерлі ісіктеріне жарақаты аз оталардың 2 түрі енгізілді, бұл пациенттің стационарлық емделу уақытын азайтып, оңалту үдерістерін жеделдетті.

Ядролық медицина және онкология орталығының азды-көпті 75 жылға жуық дамуын қорытындылай келе, оның шағын ғана онкологиялық пункттен  онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің барлық заманауи әлемдік тәжірибелері қолданылатын, Қазақстандағы ірі Орталыққа дейінгі күрделі, бірақ даңқты жолды жүріп өткенін айта аламыз.

№16 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №16 хаттама (more…)

Хабарландыру №19

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу” Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

Үйлестіру кеңесінің отырысы: қорытындылар мен перспективалар

Бүгін Қазақстан Республикасының онкологиялық қызметінің Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы басталды, оның барысында бірқатар өзекті мәселелердің ішінде еліміздің онкологиялық қызметінің өткен жылғы жұмысының қорытындылары да талқыланатын болады.

Үйлестіру кеңесінің отырыстары 19 және 20 ақпан күндері өтетін болады. Оның жұмысына ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің штаттан тыс бас онкологы, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы, ҚР ҰҒА академигі Диляра Қайдарова, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлеріндегі онкологиялық ұйымдардың басшылары қатысады. Екі күн ішінде өңірлердің бас онкологтарының 2023 жылғы есептері тыңдалмақ, өткен жылғы жұмыс қорытындыларын Абай облысының Ядролық медицина және онкология орталығы да ұсынатын болады. Әр өңірдің проблемалық мәселелерін, сондай-ақ оларды шешу жолдарын да талқылау жоспарлануда.

Айта кетерлігі, Үйлестіру кеңесінің ағымдағы отырысы үшін алаң ретінде Шығыс Қазақстан облысының көпсалалы онкология және хирургия Орталығы таңдалды. Бұл күндері ШҚО онкологтары еліміздің барлық өңірлерінен әріптестерін қабылдап қана қоймай, сонымен қатар іс-шара аясында көпсалалы Орталықтың мамандары қатысушыларды онкологиялық орталықта қолданылатын онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің заманауи әдістерімен таныстырып, жинақталған тәжірибелерімен бөліседі.

Хабарландыру №18

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу” Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

Хабарландыру №17

№15 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №15 хаттама (more…)

Үйлестіру кеңесі өтті

Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығында Абай облысының Денсаулық сақтау басқармасының үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Үйлестіру кеңесінің жұмысына облыс басшысы Нұрлан Уранхаев, Абай облысының медициналық сақтандыру Қоры филиалының директоры Ғалымжан Әбілов, сондай-ақ қалалық және аудандық АМСК ұйымдарының басшылары қатысты.

Отырыс барысында облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Молдабеков баяндама жасады. Сөз сөйлеу барысында өткен жылы өңірдің денсаулық сақтау саласын дамытудың негізгі индикаторлары, сондай-ақ биылғы жылдың маңызды басымдықтары мен міндеттері айтылды. Медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға, денсаулық сақтау объектілерін материалдық-техникалық жарақтандыруды нығайтуға, проблемалық мәселелерді шешуге ерекше назар аударылды.

Сондай-ақ, ағымдағы мәселелер талқыланды, кездесу барысында пікір алмасылды, қатысушылар өзекті сұрақтар қоюға және денсаулық сақтау саласын одан әрі нығайтуға ықпал ететін ұсыныстарды айтуға мүмкіндік алды.

Дәрілік препараттың жағымсыз әсері туралы ақпаратты енді DariKZ қосымшасы арқылы жолдауға болады

Қазақстандықтарға DariKZ мобильді қосымшасының жаңартылған нұсқасы қолжетімді болды. Енді жаңаша жолға қойылған қызмет пайдаланушыларға дәрілік заттардың жағымсыз реакциялары жөнінде дербес мәлімдеу мүмкіндігін береді. Осындай ақпарат қазақстандықтарға қолжетімді дәрілердің қауіпсіздігі мен сапасын қадағалауға көмектеседі. Карта-хабарламаны жіберу үшін «Жанама әсері» бөлімін ашу, хабарламаны жөнелтуші, пациент пен препарат туралы мәліметтерді толтыру, сондай-ақ кері байланыс және қажет болған жағдайда ақпаратты нақтылау үшін байланыс деректерін көрсету, одан кейін «Жіберу» тетігін басу қажет. Мобильді қосымшадағы жаңа қызмет дәрілік препараттардың қауіпсіздігін бақылау жүйесі үшін және фармакологиялық нарық айналымына қатысушылармен, оның ішінде ақпараттың бастапқы дереккөзі ретінде тұрғылықты халықпен өзара байланысуға арналған тиімді құрал қызметін атқарады.

№14 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №14 хаттама (more…)

№13 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №13 хаттама

(more…)

Хабарландыру №16

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу” Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

Есептік кездесулері аяқталды

Ядролық медицина және онкология орталығында есептік кездесулержалғасуда. Жақын арада өткен жылғы жұмыс қорытындыларыныңнәтижелерін радионуклидтік терапия, радиоизотоптық диагностика, сондай-ақ клиникалық және патоморфологиялық зертхана бөлімшелерініңмеңгерушілері ұсынған еді. Бүгін есептік кездесулерді аяқтай отырып, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, хирургия бөлімшесінің және маммогинекология бөлімшесінің меңгерушілерібаяндама жасады. Осылайша, Орталықтың барлық негізгі құрылымдықбөлімшелерінің 2023 жылғы жұмысы қорытындыланды.

         Мұндай кездесулер жылдық жұмысты қорытындылауға ғана емес, сонымен қатар Орталықтың емдеу-диагностикалық жұмысының негізгіиндикаторларын талқылауға, проблемалық мәселелерді анықтауға жәнешешуге, сондай-ақ ағымдағы жылғы жұмыс перспективаларын белгілеугемүмкіндік береді.

№12 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №12 хаттама (more…)

№11 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №11 хаттама (more…)

✅Семей қаласының қоғамдық кеңесінің өкілдерімен кездесу

Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығы ұжымының Семей қаласының қоғамдық кеңесінің өкілдерімен кездесуі өтті. Делегация құрамында біздің орталыққа Айан Кеңесбаев, Айнагүл Нұртазина, сондай-ақ Фарида Рахматуллина келді.
Кездесу барысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Бұл өңірдегі қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың көрсеткіштері, өткен жылғы онкологиялық қызметтің жұмысының қорытындылары, Ядролық медицина және онкология орталығының стратегиялық даму перспективалары. Әлеуметтік маңызды мәселелер, оның ішінде халықты қолжетімді және сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау ұйымдарындағы кадрлардың тапшылығы, жас мамандарды қолдау және ынталандыру, жалақы мәселелері, тұрғын үймен қамтамасыз ету және т.б. мәселелер де талқыланды. Өңірдің онкологиялық қызметінің өзекті мәселелері туралы айта келе, Семей қаласының қоғамдық кеңесінің өкілдері жемісті ынтымақтастық орнатуға және денсаулық сақтауды одан әрі дамытуға кедергі келтіретін кез келген мәселелерді шешуге жәрдемдесуге дайын екендіктерін білдірді.

Хабарландыру №15

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу” Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

✅Халықаралық онкологиялық аурулармен күрес күні қарсаңында!

Құрметті достар! Бүгін біздің орталықта кезекті «Ашық есік күні» өтті, оның барысында ең ауқымды скринингтік тексерулер жүргізілді. Бұл күні қатерлі ісіктердің барлық локализациясы бойынша бейінді мамандар қабылдауларын жүргізді. Осының арқасында біздің өңірдің 65-тен астам тұрғыны іс – шараға қатысып, денсаулықтарын тексеруге мүмкіндік алды-әртүрлі тексерулерден, мысалы, кеуде қуысының рентгенографиясынан, маммографиядан және ультрадыбыстық зерттеуден өтіп, онколог дәрігерлердің пайдалы ұсыныстарын алды.
Қуанышқа орай, «Ашық есік күніне» қатысушылардың ешқайсысына қатерлі ісіктер немесе қатерлі ісікке дейінгі жағдайлар деген диагнозы қойылған жоқ. Дегенмен мамандар көптеген басқа ауруларды, соның ішінде созылмалы ауруларды да анықталды. Бұл біздің орталықта жүргізілген соңғы скринингтік тексерулерден алыс. Сондықтан келесі жолы мүмкіндікті жіберіп алмай денсаулықтарыңызды тексеруге асығыңыздар өйткені дерттің алдын – алу және ерте диагностикалау – мықты денсаулықтың кепілі.

2023 жылғы Орталықты дамыту және стратегиялық жоспарлау: қорытындылары мен болашағы

Семейдегі Ядролық медицина және онкология орталығында есепті кезең басталды. Бүгін өткен 2023 жылғы Ядролық медицина және онкология орталығының даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі жұмысының қорытындысы шығарылды. Осы бағыт бойынша орталықтың даму және стратегиялық жоспарлау жөніндегі директорының орынбасары, PhD, жоғары біліктілік санатындағы онколог дәрігер, Абай облысының штаттан тыс бас онкологы Қуантқан Жабағин атқарылған жұмыстар, жоспарлар мен перспективалар туралы баяндама жасады.
Есептік баяндамада өңірдегі қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың көрсеткіштері айтылды, мысалы, өткен жылы ғана онкологиямен сырқаттанушылықтың 1650 астам жаңа жағдайы анықталды. Ерлер арасында өкпе, тері, асқазан және колоректальды қатерлі ісік жиі кездеседі. Ал әйелдер арасында көбінесе сүт безі, тері, колоректальды және жатыр мойны обыры диагнозы қойылды. Біздің облыста күн сайын орта есеппен 4 жаңа қатерлі ісік ауруы анықталады, қатерлі дерт күн сайын орта есеппен екі адамның өмірін қиып келеді. Өткен жылы алдыңғы жылдармен салыстырғанда онкологиялық аурулардың өсуі байқалады, алайда бұл ең алдымен диагностикалық процедуралардың сапасының жақсарып, ауруды ерте емнің тиімді кезеңінде анықтауымен де байланысты, – деп түсіндірді Қуантқан Жабагин. Өткен жылдың тағы бір оң көрсеткіші – онкологиялық аурулармен ауыратын науқастардың бес жылдық өмір сүруінің өсуі болды.
Сондай-ақ, есептік баяндама барысында Ядролық медицина және онкология орталығының 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспарды орындауының негізгі индикаторлары қаралды. Емдеу және диагностикалық жұмыс, төсек-орын қорының жүктемесі, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша Орталық бөлімшелерінің қызметі егжей-тегжейлі талданды. Статистикаға сәйкес, Орталықтың емдеу жұмысында өсу динамикасы байқалды, пациенттер санының артуы әсіресе мамандандырылған медициналық бақылау бөлімшесінде байқалады, бұл өз кезегінде басқа құрылымдық бөлімшелерден де көрінеді – өткен жылы жүргізілген хирургиялық оталардың, химио және сәулелі терапия курстарының, паллиативті терапияның, зертханалық және диагностикалық зерттеулердің саны өсті.
Орталықтың материалдық-техникалық базасын нығайтуға байланысты мәселелерді жеке атап өткен жөн. Қуантқан Жабағин атап өткендей, Қазақстанның онкологиялық қызметінде түбегейлі реформаларды көздейтін онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспардың арқасында алдағы бес жылда Орталықты жабдықтауды айтарлықтай жаңарту және нығайту жоспарлануда. Қазіргі заманғы емдеу-диагностикалық жабдықтардың, оның ішінде сәулелік аппараттардың 180 – ден астам атауы сатып алынбақ, сәулелі терапия, эндоскопия, операциялық блок, химиотерапия, зертхана заманауи жабдықтармен толық жаңартылады деп күтілуде. Орталықтың материалдық-техникалық базасын жаңарту бойынша өткен жылы басталған жұмыс та жалғасын табатын болады.
Өткен жылды қорытындылай отырып, Орталықтың басты жаңашылдығы мен жетістіктерін атап өтпеуге болмайды. Мәселен, Орталық базасында біздің облыс бойынша алғаш рет балаларға МРТ зерттеулері енгізілді, диагностиканың жаңа технологиясы – “күзетші” лимфа түйіндерінің сцинтиграфиясы да енгізілді. Облыста алғаш рет жұмсақ тіндердің, сүйектердің, лимфа жүйесінің қатерлі ісіктері бар пациенттерге ұзақ мерзімді химиотерапия үшін жоғары дозалы химиотерапия тәсілі енгізілді. Облыста алғаш рет асқазан мен өкпенің қатерлі ісіктері кезінде шағын инвазивті операциялардың 2 түрі енгізілді, бұл стационарлық емделудің мерзімін қысқартып, пациенттерді оңалту процестерінің жеделдеуіне ықпал етті. Үйіне барып, жағдайы ауыр онкологиялық пациенттерді тексеру және емдеу үшін жаңа мобильді топ құрылды.
Ядролық медицина саласында-натрий-фтор негізіндегі жаңа радиофармпрепаратты енгізуге мүмкіндік туды, бұл орталықтың жоғары технологиялық диагностикалық зерттеулер жүргізу мүмкіндіктерін кеңейтуге жол ашты. Алдағы жылдары орталықта қолданылатын радиофармпрепараттардың тізбесін кеңейту бойынша жұмыстар әрі қарай жалғастырылатын болады.
Орталықтың мамандары біліктілікті арттыру үшін Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар шетелдің, соның ішінде Австралия, Швейцария, Испания, Германия, Франция, Португалия, Ресей және Әзірбайжанның алдыңғы қатарлы жетекші ғылыми және білім беру орталықтарында оқытудан өтті. Орталық алғаш рет өз қаражаты есебінен Қазақстанның озық ғылыми, ұлттық орталықтарында мамандарды оқыта бастады.
Емдеу-диагностикалық жұмыстан басқа, Орталық мамандарының, оның ішінде ядролық медицина саласындағы ғылыми зерттеулерді ұлғайту жоспарлануда. Биылғы жылы шетелдік ғылыми және клиникалық орталықтармен серіктестік байланыстарды кеңейту жалғасады. Айта кету керек, шетелдік серіктестердің арқасында біздің Орталықта көптеген әлеуметтік жобалар, соның ішінде пациенттерді психологиялық қолдауға бағытталған жобалар сәтті жүзеге асырылуда.
Осымен есеп беру кездесулері аяқталмайды. Жақын арада Орталық бөлімшелері меңгерушілерінің баяндамаларын тыңдау жоспарлануда, онда Орталықтың маңызды бағыттары мен бөлімшелерінің жылдық жұмысы егжей-тегжейлі талданатын болады.

Хабарландыру №14

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу” Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

1-10 ақпан: онкологиялық аурулардың алдын алу жөніндегі онкүндігі

Құрметті достар, оқырмандар! Ақпан айының алғашқы күндерінен бастап біздің Орталықта Халықаралық онкологиялық аурулармен күрес күніне арналған онкүндік өтуде. Осы күндердің ішінде біз өңіріміздің онкологиялық қызметінің жұмысымен байланысты көптеген өзекті тақырыптарды, соның ішінде қатерлі ісіктердің алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған тақырыптарды көтеріп, талқылайтын боламыз. Сонымен қатар алдағы «Ашық есік күні» сияқты түрлі іс-шаралар өтетін болады! Сондықтан, баршаңыздан әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылып, пайдалы сілтемелермен бөлісуді сұраймыз.
Өкінішке орай, көптеген онкологиялық аурулар бастапқы кезеңдерде асимптоматикалық болып табылады, яғни аурудың ешқандай белгілері болмауы әбден мүмкін, ал белгілердің пайда болуы – көбінесе дерттің асқынғандығын білдіреді. Сондықтан, қатерлі ісіктермен және олардың асқынған түрлерімен күресудің негізгі құралы-онкологиялық сақтық және қоғамды дұрыс хабардар ету екендігін атап откен жөн. Осы онкүндік барысында біз қатерлі ісіктің алдын-алу, алғашқы белгілері мен ерте диагностикалау мүмкіндіктері туралы неғұрлым көбірек айтуға тырысамыз. Осылайша отандастарымыздың денсаулығын, тіпті өмірін сақтап қалуға одан да көп үлес қосамыз дегенге сенімдіміз!

Хабарландыру №13

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу” Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

№10 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №10 хаттама (more…)

№9 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №9 хаттама (more…)

№8 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №8 хаттама (more…)

Хабарландыру №12

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу” Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

№7 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №7 хаттама (more…)

Өткізу туралы хабарландыру № 7 тендер тәсілімен” химиоэмболизация жүргізу үшін медициналық бұйымдарды сатып алу”

  • Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 мекенжайы бойынша орналасқан, мынадай лоттар бойынша “химиоэмболизация жүргізу үшін медициналық бұйымдарды сатып алу” тендер тәсілімен сатып алу өткізілетіні туралы хабарлайды:

(more…)

Өткізу туралы хабарландыруға өзгерістер енгізу № 5 тендер тәсілімен” тігу аппараттарын, кассеталарды, құралдарды сатып алу”

1) Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының “Ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, мекен-жайы бойынша орналасқан: Семей қ., Абай көшесі, 10. Құтжанова, 3, келесі лоттар бойынша “Тігу аппараттарын, кассеталарды, құрал-саймандарды сатып алу” бойынша тендер тәсілімен сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

№6 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №6 хаттама (more…)