Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Ядролық медицина және онкология орталығында есептік кездесулержалғасуда. Жақын арада өткен жылғы жұмыс қорытындыларыныңнәтижелерін радионуклидтік терапия, радиоизотоптық диагностика, сондай-ақ клиникалық және патоморфологиялық зертхана бөлімшелерініңмеңгерушілері ұсынған еді. Бүгін есептік кездесулерді аяқтай отырып, анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, хирургия бөлімшесінің және маммогинекология бөлімшесінің меңгерушілерібаяндама жасады. Осылайша, Орталықтың барлық негізгі құрылымдықбөлімшелерінің 2023 жылғы жұмысы қорытындыланды.

         Мұндай кездесулер жылдық жұмысты қорытындылауға ғана емес, сонымен қатар Орталықтың емдеу-диагностикалық жұмысының негізгіиндикаторларын талқылауға, проблемалық мәселелерді анықтауға жәнешешуге, сондай-ақ ағымдағы жылғы жұмыс перспективаларын белгілеугемүмкіндік береді.