Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

1960 жылы туған. 1986 жылы Семейдің Мемлекеттік Медицина университетінің емдеу факультетін бітірген, 2006 жылы «Қайнар» университетінің заң факультетін бітіріп, екінші жоғары білім алған.

Еңбек жолын 1986 жылы Семей қаласындағы 1-қалалық ауруханада дәрігер-хирург болып бастаған. 1988 – 1990 жылдары СССР ІҚ ә/б медициналық қызмет басшысы. 1991 – 1995 жылдары — Жезқазған облыстық ауруханасының хирургиялық бөлім меңгерушісі.  1995 – 2009 жылдары ҚР ӘМ ІІМ қызметінде. Алматы, Павлодар, Санкт-Петербург қалаларында ДБЖИ және ФУВ маманданудан өткен. Республикалық және халықаралық конференциялардың қатысушысы. Жазасын өтеушілерді медициналық қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселелері бойынша 2 жинақтың шығуын ұйымдастырған, 20 астам баспа жұмыстарының иесі, 1 предпатент, 3 рационализаторлық ұсыныс.

Менің хоббиім — ҰОС тарихы, музыка және күрес.

2009 жылдың күзінде Семей қаласының өңірлік онкологиялық диспансерінің диспансерлік бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалдым.

2011 жылдың ақпан айынан бастап директордың емдеу жұмыстары жөніндегі орынбасары.

2012 жылдың желтоқсан айынан бастап директордың әдістемелік-ұйымдастыру жұмыстары жөніндегі орынбасары.

2014 жылдың қаңтарынан бастап директордың медициналық қызмет көрсету жөніндегі орынбасары.

2014 жылы Алматы қаласында «Денсаулық сақтау ісінің менеджменті» тақырыбында біліктілігін жоғарылатты.