Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Жоғары білікті санатты радиациялық онколог дәрігер.

1996 жылы Семей медициналық институтын дәрігер-терапевт мамандығы бойынша бітірген. Институтты бітіргеннен кейін бір жыл «Онкология. Радиациялық қауіпсіздік және радиология. Сәулелік диагностика, сәулелік терапия. Аллергология және иммунология» кафедрасында аға зертханашы болып жұмыс істеді.

1998 жылдан 2000 жылға дейін рентгенолог мамандығы бойынша клиникалық ординатурадан өтті.

1998 жылы ҚазОРҒЗИ базасында радиология бойынша мамандандырудан өтті

2000 жылдың ақпан айынан бастап Семей онкодиспансерінде радиолог – дәрігер болып жұмыс істейді.

2009-2013 жылдары-радиологиялық бөлімшесінің меңгерушісі.

2014 жылдан –күндізгі стационар меңгерушісі.

Жалпы дәрігерлік өтілі-22 жыл.

Радиологиялық-18,5 жыл

Біліктілікті арттыру:

2005 жыл-Таллин қ. «өкпе рагы».

2006 ж. «Бас және мойын ісіктерін диагностикалау және емдеу»  Алматы қ., ҚазОРҒЗИ.

2008 ж. «Кіші жамбас органдарының сәулелік терапиясы»  ҚазОРҒЗИ, Алматы қ.

2009 ж. «Қазіргі әлемдік жағдайдағы рационалды сәулелік терапия» Санкт-Петербург қ. (3 ай).

«Сәулелік диагностика» 19.05.14-10.09.14 ж.Семей қ. СММУ.

3-D, 4–D-жоғары технологиялық жабдықта емдеуге арналған КТ модельдеу. Ресей, Мәскеу.

05.10.15 -9.10.15 ж. – Германия Берлин қ. «Радиациялық онкология»

12.09.16.- 15.09.16 Ж .Жұмыс орнындағы оқыту курсы 3-D, 4 – D – сәулелік емдеудің қолайлы әдістері. МАГАТЭ сарапшылары.

01.10.18 -29.10.18 ж.-Варшава қ. Польша әкімдігінің «Онкопатологияның әртүрлі локализациясындағы 3-D брахитерапия» бағдарламасы бойынша.