📌 Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа мүмкіндіктері
📍Ядролық медицина және онкология орталығы-Ядролық физика институты: екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
«Ашық есік күні» өтті
Ядролық медицина және онкология орталығы фтор изотопы негізіндегі жаңа 18F-PSMA-1007 радиофармпрепаратын шығарып, қолдана бастады.
Колледж студенттеріне арналған оқыту семинары
Ісікке қарсы Халықаралық күрес күніне арналған онкүндік аясында Ядролық медицина және онкология орталығының онкологтары Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің студенттеріне оқыту семинарын өткізді. Кездесу тақырыбы Онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау болды. Орталықтың онкологтары қатерлі ісіктерді диагностикалау және емдеу саласындағы білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті, Қазақстанда жұмыс істейтін скринингтік бағдарламаларға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кездесу барысында онкологиялық аурулардың маңызды аспектілері, оның ішінде қатерлі ісіктің алғашқы белгілері мен алдын алу шаралары талқыланды. Сондай-ақ, колледж студенттері онкологтарға ойда жүрген сауалдарын қоюға да мүмкіндік алды.
2024 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру жиындары өтуде
Осы аптада Ядролық медицина және онкология орталығында есеп беру жиындары өтуде, онда Орталықтың барлық бөлім меңгерушілері және құрылымдық бөлімше жетекшілері 2024 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Жиын барысында өңірдің онкологиялық қызметіндегі жұмыстардың негізгі аспектілері, оның ішінде Абай облысы бойынша онкологиямен сырқаттанушылық көрсеткіштері, қатерлі ісікті ерте анықтау, қатерлі ісіктердің асқынған жағдайларын азайту бойынша жұмыстар талқыланды. Өңірдің онкологиялық қызметінің мәселелері мен даму перспективалары да айтылды.
Ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау саласындағы жаңа тәсілдері
✅Білгенге абзал
✅Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған онкүндік
Құрметті достар! Осы күндері Орталығымызда 4 ақпанда – Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған онкүндік өтеді. Бұл күндері біз аймақтағы ең көп кездесетін онкологиялық аурулардың негізгі мәселелрі, аспектілері мен ерекшеліктеріне назар аударатын боламыз. Қатерлі ісіктердің алдын алу, диагностикалау және емдеу шаралары туралы да айтылатын болады. Сондай-ақ, осы күндері кезекті Ашық есік күні өтеді деп жоспарлануда, оның барысында кез келген адам алдын ала жазылусыз, дәрігердің жолдамасынсыз біздің онкологтардан тегін кеңес алып, кешенді тексеруден өте алады. Іс-шараның күнін кейінірек әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда хабарлайтын боламыз. Сондықтан біздің жаңалықтарымызды қадағалап отыруды ұмытпаңыздар және пайдалы сілтемелермен бөлісуді де ұмытпаңыздар!
Ядролық медицинадағы жаңа мүмкіндіктер
27-31 қаңтар аралығында АҚХА-нің «Шығыс өңірінің ядролық медицина және онкология орталығында клиникалық тәжірибені жақсарту» жобасы аясында біздің орталықтың бір топ мамандары Португалияның Коимбра қаласында Institute for Nuclear Sciences Applied to Health – денсаулық сақтауда қолданылатын ядролық ғылымдар институтытында ғылыми сапарда жүр. Делегацияны Орталық директоры, м.ғ.д., профессор Саят Таңатаров басқарды. Делегация құрамына радиациялық қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Дәурен Әділбаев пен РФДП өндірісі және жабдықтау бөлімінің меңгерушісі Әсет Сәрсекеев те кірді.
Денсаулық сақтауда қолданылатын ядролық ғылымдар институты – Португалиядағы ең көне университеттердің бірі – Коимбра университетінің зерттеу бөлімі, сонымен қатар ядролық медицина саласындағы ғылыми және клиникалық зерттеулерде көшбасшы болып табылады. Жұмыс сапары барысында біздің Орталықтың мамандары португалдық әріптестердің онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын радиофармпрепараттар өндірісіндегі жұмыс тәжірибесін көріп, білді. Әсіресе, институттың галлий-68 негізіндегі радиофармпрепаратты өндіру мен қолданудағы мүмкіндіктері мен жетістіктері ерекше қызығушылық тудырды, бұл бағытта институт ғалымдары мен инженерлері галлий-68 радиофармпрепаратын сұйық өндірудің патенттелген бірегей әдісін медициналық практикаға енгізу арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда әлемде галлий-68 негізіндегі радиофармпрепаратының өндірісі жолға қойылған ғылыми және медициналық орталықтар саны санаулы. Тағы бір атап өтетіні, қазіргі уақытта институт мамандары мыс изотоптары негізінде радиофармпрепараттар өндіруге бағытталған зерттеулер жүргізуде.
Ғылыми сапар аясында біздің делегация ICNAS директоры Antero Abrunhosa, патенттелген галлий-68 радиофармпрепаратының сұйықтықты өндіру әдістемесінің авторы – профессор Francisco Alves және циклотрондарды жаңғырту жөніндегі бірегей жобалардың авторы, физик, PhD – Sergio do Carmo-мен кездесті.
Ғылыми сапар Орталығымыздың дамуындағы маңызды кезең болды, атап айтқанда радиофармпрепараттарды өндіру мен қолданудың барлық техникалық және технологиялық аспектілерін зерделеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, Орталықтың барлық буындарының тиімді жұмысы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін Денсаулық сақтау менеджментіне де көп назар аударылды. Осы бағыттар бойынша іс-сапар барысында біздің мамандарға оқыту семинарлары өткізілді.
Алынған тәжірибе мен білім таяу болашақта ядролық медицинаны қолдану жөніндегі Орталықтың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталатын болады, атап айтқанда, АҚХА мамандарының қолдауымен Орталық базасында онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашатын, бірқатар радиофармпрепараттар өндірісін енгізіп, қолдану жоспарлануда.
✅Қорытындылар мен перспективалар
Медициналық терминология
абсцесс | абсес |
азооспермия | азооспермия |
артериовенозная фистула | артериовеналық жыланкөз |
асцит | шемен |
атеросклеротическая бляшка | атеросклерозды түйін |
бедренная кость | ортан жілік |
большеберцовая кость | асықты жілік |
брюшная аорта | іштік қолқа |
буж | сүмбі |
бужирование | сүмбілеу |
вдавление | батыңқы |
венозная недостаточность | веналық жетіспеушілік |
вертлужная впадина | ұршық ойыс |
верхняя (средняя, нижняя) прямокишечная артерия | тік ішектік жоғарғы (ортаңғы, төменгі) артерия |
ветвь | тармақ |
внутренняя грудная артерия | кеуделік ішкі артерия |
возвратный нерв | қайырылма нерв |
восходящая ободочная кишка | жоғарылаған жиекті ішек |
гангрена | гангрен |
геморрой | геморрой |
гладкая мускулатура | тегіс салалы бұлшықет |
глазница | көзұя |
голень | сирақ |
голосовая связка | дауыстық байлам |
гортань | көмей |
грудная клетка | кеуде торы |
двенадцатиперстная кишка | он екі елі ішек |
диафрагма | көкет |
дистрофические изменения | дистрофиялық өзгерістер |
дупликатура | қосқаттам |
дыхательная система | тыныс алу жүйесі |
заднепроходный канал | артқы өтіс өзегі |
задний проход | артқы өтіс |
зонд | сүңгі |
инкапсулирование | қапшықтау |
инкапсулированный абсцесс | қапшықталған абсес |
инфильтрат | инфильтрат |
капиллярная сеть | капиллярлық тор |
киста | жылауық |
кожный покров | тері жабыны |
комбинированные оперативные вмешательства | біріккен операция жасау
|
копчик | құйымшақ |
кости предплечья | білек сүйектері |
кости таза (тазовые кости) | жамбас сүйектері |
лобковая кость | қасаға сүйек |
локтевая артерия | шынтақ жіліктік артерия |
локтевая кость | шынтақ жілік |
лучевая артерия | кәрі жіліктік артерия |
лучевая кость | кәрі жілік |
малоберцовая кость | асықты жілік шыбығы |
микроцистис | микроцистис |
мочевой пузырь | несепқуық |
мышечная оболочка | бұлшықетті қабық |
непроходимость | бітеліс |
нерв | нерв |
неспецифический язвенный колит | бейспецификалы жаралы колит |
нефролитотомия | нефролитотомия |
нефросклероз | нефросклероз |
нефротомия | нефротомия |
нефроэктомия | нефроэктомия |
нисходящая ободочная кишка | төмендеген жиекті ішек |
носовая раковина | мұрын кеуілжірі |
общая (наружная, внутренняя) артерия | жалпы (сыртқы, ішкі) мықын артериясы |
общий желчный проток | жалпы өт түтігі |
околоушная железа | шықшыт безі |
пальцы стопы | бақай |
паренхиматозный орган | паренхималық ағза |
первичный перитонит | ілкі перитонит |
перегородка | қалқа |
перешеек | қылта |
перикард | жүрекқап |
перстневидный хрящ | жүзіктәрізді шеміршек |
печеночная сумка | бауырқап |
пластика | пластика |
плевра | өкпеқап |
плечевая кость | тоқпан жілік |
поджелудочная железа | ұйқы безі |
подкожно жировая клетчатка | теріасты шелмай |
подколенная ямка | тақым шұңқыры |
подмышка | қолтық |
подошва | табан |
подслизистая основа | шырышасты негіз |
позвоночный столб | омыртқа бағанасы |
поперечная ободочная кишка | көлденең жиекті ішек |
поперечно-полосатая мускулатура | көлденең жолақты бұлшықет |
промежность | бұтаралық |
прямая и боковая проекция | тік және бүйір проекция |
прямая кишка | тік ішек |
разлитый перитонит | жайылған перитонит |
ранняя инфекция | бастапқы инфекция |
расширенные оперативные вмешательства | кеңейтілген операция жасау |
релаксационный | релаксациялық |
сальник | шарбы |
сальниковая сумка | шарбықап |
седалищная кость | шонданай сүйек |
селезенка | көкбауыр |
серозная оболочка | сірлі қабық |
сигмовидная ободочная кишка | сигматәрізді жиекті ішек |
слепая кишка | соқыр ішек |
столб | бағана |
стопа | аяқбасы |
стриктура | тарылу |
толстая кишка | тоқ ішек |
тонкая кишка | аш ішек |
тромб | тромб |
фасция | шандыр |
фиброзная капсула почки | бүйректің фиброзды қапшығы |
фимоз | қылкүпек |
эпифренальный дивертикул | көкетүсті дивертикул |
язвенный дефект | ойықжара дефекті |
ятрогения | ятрогения |
Жатыр мойны обыры туралы хабардар болу айы
Құрметті достар! Қаңтар айы бойы біздің Орталығымызда жатыр мойны обыры туралы хабардар болу айы өтетін болады. Жатыр мойны обыры- қатерлі және ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі, ол онкологиялық аурулардың жалпы құрылымында жетекші орындарға ие. Қаңтар бойы біз осы ауру туралы, оның ішінде алдын алу шаралары, пайда болу себептері, алғашқы белгілері туралы және тағы басқа пайдалы ақпаратпен мүмкіндігінше толығырақ бөлісетін боламыс. Сіздерді біздің сарапшылардың баяндамалары, осы тақырып бойынша пайдалы мақалалар күтеді, сондай-ақ ашық есік күнін өткізу де жоспарланған, оның барысында кешенді тексеруден өтуге болады. Өткізілетін іс-шаралардың барлық егжей-тегжейлері біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда айтылатын болады. Сондықтан бізге жазылуды ұмытпаңыздар және пайдалы сілтемелермен бөлісулеріңізді сұраймыз.
Жаңа жыл құтты болсын!
? Тағайындалуымен құттықтаймыз!
? В гепатиті-алдын алуға болатын вирустық ауру
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК директорының бос лауазымына орналасу үшін әңгімелесуге жіберілген кандидаттың тізімі
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасы «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК директорының бос лауазымына орналасу үшін әңгімелесуге жіберілген кандидаттың тізімі (more…)
Назым Бекішева – Қазақстанның құрметті мейіргері атанды
Гүлдене бер менің Қазақстаным!
Қазақстандағы БҰҰ даму бағдарламалары-тиімді ынтымақтастық және даму мүмкіндіктері
Ядролық медицина және онкология орталығында дәрігер-хирургтар, химиотерапевтер мен радиологтардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Асқазан мен бауырдың қатерлі ісіктері туралы хабардар болу айы
Құрметті достар! Желтоқсан айы бойы біздің Орталығымызда асқазан мен бауырдың қатерлі ісіктері туралы хабардар болу айы өтеді. Осы уақыт ішінде Орталығымыздың жетекші сарапшылары, онкологтары асқазан мен бауыр обырының барлық ерекшеліктері, алдын алу шаралары, диагностикалау мен емдеудің негізгі тактикасы туралы айтатын болады. Сондықтан маңызды ақпаратты жіберіп алмау үшін, егер сізер әлі әлеуметтік желілердегі біздің парақшаларымызға жазылмаған болсаңыздар – міндетті түрде жазылуларыңызды сұраймыз. Пайдалы сілтемелермен бөлісуді де ұмытпаңыздар!
Жаңа білім – жаңа мүмкіндіктер!
Тәжірибе және білім алмасу
Цитостатикалық дәрілік заттарды орталықтандырылған сұйылту кабинеттерінде ісікке қарсы препараттарды ұтымды пайдалану және қауіпсіз өңдеу
Орталығымыздың онкологтары XXVIII Ресей онкологиялық конгресінің жұмысына қатысты
Кезекті Ашық есік күні өтті!
Клиникалық хаттаманың жобасы қалың жұртшылықтың талқылауына ұсынылуда.
Құрметті әріптестер және медициналық қауымдастық өкілдері
«Самарий-153 радиофармацевтикалық препаратымен сүйек метастаздарын жүйелі радионуклидті емдеу» тақырыбындағы Клиникалық хаттаманың жобасы қалың жұртшылықтың талқылауына ұсынылуда.
Бұл Хаттама сүйек метастаздарын емдеу үшін радиофармацевтикалық самарий-153 препаратын қолданудың заманауи стандарттарын белгілеу мақсатында, сондай-ақ осы патологиядан зардап шегетін науқастар үшін оңтайлы клиникалық нәтижелерді қамтамасыз ету үшін әзірленген.
Біз барлық мүдделі мамандарды – дәрігерлерді, ғалымдарды, зерттеушілерді, сондай-ақ денсаулық сақтау ұйымдарының өкілдерін Хаттама жобасымен танысуға және өз ұсыныстары мен пікірлерін айтып, ескертулерін білдіруге шақырамыз.
Талқылау ашық форматта, пікірлерді электронды пошта арқылы жіберу мүмкіндігімен өтеді.
Сіздердің пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңыз құжатты пысықтап, түпкілікті өңдеу және пациенттерге медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту үшін маңызды.
Пікірлер мен ұсыныстарды жіберуге арналған байланыс ақпараты: mail@semeyonco.kz
Медициналық стандарттарды әзірлеуге қатысқаныңыз және белсенділік танытқаныңыз үшін рахмет!
Благодарим за участие и активное содействие в развитии медицинских стандартов!
?Тәжірибе және білім алмасу!
14-16.11.24 ж. Алматы қаласында “Онко Ренессанс -2024. Күзгі сессия” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Өкпе қатерлі ісігі: алдын алу және ерте анықтау
Мобильді бригада Бесқарағай ауданында.
?4 қарашада Ядролық медицина және онкология орталығының онкологтардың мобильді бригадасы Курчатов қаласына, Дегелен станциясына, Молдары ауылына барды.
32 пациентті қарады, маммолог 8 пациентті қабылдады, онкогинеколог 10 пациентті қабылдады, 22 ультрадыбыстық зерттеу жүргізді, жіңішке инелі биопсия арқылы 7 материал жинады, қатерлі ісікке 1 күдік, 2 қатерлі ісік алды аурулары және 5 басқа ауру анықталды.