21 маусым күні Ядролық медицина және онкология орталығында бас пен мойын ісіктері, сондай-ақ қуық асты безі қатерлі ісігі туралы хабардарлық апталығы аясында Ашық есік күні ұйымдастырылды.
18–19 маусым күндері Ядролық медицина және онкология орталығына Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (МАГАТЭ) Техникалық ынтымақтастық департаментінің өкілдері –Юнлю Сибель ханым мен Аруна Корде ханым жұмыс сапарымен келді.
Алда келе жатқан кәсіби мерекелеріңізбен!
«Өзгерістер жолында: Жатыр мойны обырын жою мақсатында АПВ-ға қарсы вакцинация саласындағы әйелдердің мықты көшбасшылығы» тақырыбында дөңгелек үстел-форумы өтті.
Абай облысында балаларды қорғау күніне орай медицина қызметкерлері арасында «Көңілді старттар» эстафетасы өтті.
Студенттерге арналған оқыту семинары
Тері қатерлі ісігінің алдын алу айлығы, және «Стоп-меланома» меланомасы туралы хабардар болу апталығы аясында Орталығымыздың мамандары «Семей» медициналық колледжінің студенттеріне арналған оқыту семинарын өткізді. Дәрісті күндізгі стационар меңгерушісі, көп жылдық тәжірибесі бар радиолог -дәрігер Наталья Юрьевна Карнакова өткізді.
Кездесу барысында тері қатерлі ісігі мен меланоманың маңызды аспектілері, соның ішінде қатерлі ісік тудыратын себептер, алдын алу, диагностикалау және емдеу әдістері талқыланды.
Өкінішке орай, терінің қатерлі ісіктері жалпы қатерлі ісік құрылымында жиі кездеседі. Сонымен қатар, олар визуалды қол жетімді локализациялардың қатарына да жатады. Яғни, онкологиялық процестер пациенттің ағсасында емес, теріде жүреді, сондықтан оларды диагностиканың жоғары технологиялық әдістеріне жүгінбестен ерте анықтауға болады. «Семей» медициналық колледжінің студенттері-жақын арада оқуды аяқтағаннан кейін әртүрлі медициналық ұйымдарда, оның ішінде тексеру кабинеттерінде клиникалық практикаларын жүргізетін болашақ мамандар. Алынған білім болашақ мамандар үшін құнды тәжірибе болып, медициналық көмектің сапасын жақсартуға өз үлесін қосады деп сенеміз.
📌 Мобильді бригада аймақтарда жұмысын жалғастыруда
📌 Мобильді бригада Бородулиха ауданында!
📌 Мерекелеріңіз құтты болсын, құрметті әріптестер!
📌 Тағзым сіздерге, қымбатты ардагерлер!
📌 Әрдайым аспанымыз ашық, бейбітшілігіміз мәңгі болсын!
📌 Қазіргі ядролық медицинадағы радиациялық қорғау мәселелері жөніндегі кеңес
📌 Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің жаңа көкжиектері. ҰҒОО-болашақтың озық технологиялары
📌 Арнаулы тексеру кабинеттерінің мамандарына арналған семинар
Абай облысындағы онкологиялық қызметті Үйлестіру кеңесінің отырысы: 1 тоқсанның қорытындылары
📌 Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
Ғылым-прогрестің негізгі қозғаушысы
С.З.Танатаровқа қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атақ беру үшін құжаттарды тапсыру туралы хабарландыру
Тіркелген құжаттар
Ядролық медицина және онкология орталығы-Ұлттық ядролық орталық: екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңі
2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы.
✅ Ізгі тілектермен, құттықтаймыз!
«АМАNАТ» партиясы Абай облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының шешімімен Ядролық медицина және онкология орталығының директоры, м.ғ. д., профессор Саят Таңатаров партиялық тізімдер бойынша Абай облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Бүгін таңертеңгі кезекті жұмыс жиынында Орталығымыздың ұжымы Саят Замамбекұлын салтанатты түрде осы айтулы оқиғамен құттықтады. Орталық қызметкерлері өз құттықтауларында Абай облыстық мәслихатының депутатына амандық, өңірдің игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік пен жетістіктер тіледі!
III аймақтық химия және биология пәндерінен олимпиада Семей қаласында өтті
27-28 наурызда Семей қаласының «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-да Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен III аймақтық олимпиада өтті. Олимпиадаға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 9-10 сынып оқушылары қатысты. Бұл шара жыл сайын Өскемен қаласында өтетін, бірақ биыл алғаш рет Семейде ұйымдастырылды.
Олимпиаданы «Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры» ұйымдастырды. Қор Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының Ядролық медицина және онкология орталығымен көп жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Қайырымдылық қоры орталыққа заманауи жабдықтар сыйлап, онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарға көмек көрсетуде. Бүгінгі күні қор 50 миллион теңгеден артық тегін көмек көрсетті.
Олимпиаданың жабылу салтанатына ЯМО орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.З. Таңатаров қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттауға қатысты. Ол оқушыларға бұл олимпиаданың үлкен қолдау және ынталандыру екенін айтып, болашақта биік жетістіктер тіледі.
Жеңімпаздар:
-
III орын: диплом, медаль және 30 000 теңге сыйлық
-
II орын: 80 000 теңге ақшалай сыйлық
-
I орын: 150 000 теңге ақшалай сыйлық
Қор директоры Гүлнар Сейдолла ЯМО орталығының директорына өз ризашылығын білдірді.
#Олимпиада #Білім #Семей #ЖәкулаКүшікұлы #ҚайырымдылықҚоры #ЯдролықМедицина #Онкология #АбайОблысы
Біздің Орталығымызда кезекті Ашық есік күні өтті!
✅Ядролық медицина және онкология орталығында СМУ КеАҚ кафедрасының
Адам папилломавирусы-алдын алу және емдеу
Бүгін Орталығымыздың онкологтары «Авиценна» жоғары медициналық колледжінің студенттеріне көшпелі дәріс өткізді. Кездесу тақырыбы – адам папилломавирусының алдын алуы болды. Дәрісті онколог-дәрігер Маржан Жақупаева оқыды. Спикер өз сөзінде адам папилломавирусының маңызды ерекшеліктерін, оның ішінде пайда болу себептерін, негізгі белгілерін, сондай-ақ алдын алу және емдеу әдістерін айтты. Адам папилломавирусының алдын алудың тиімді шараларының бірі – вакцинацияға ерекше назар аударылды.
Білгенге абзал!
🌹 Мерекелеріңізбен, қымбатты ханымдар!
✅Орталығымыздың хирургтары ұйқы безінің қатерлі ісігі бар науқасқа гастропанкреатодуоденальды резекцияны сәтті жасады.
4 наурыз – адам папиллома вирусы туралы Халықаралық хабардарлық күні
Колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және хабардарлықты арттыру айлығы өтуде
Құрметті достар! Наурыз айы бойы біздің Орталығымызда колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және хабардарлықты арттыру айлығы өтеді. Осы уақыт ішінде біздің онкологтарымыз колоректальды қатерлі ісіктің ерекшеліктері, оның ішінде алдын алу, ерте диагностика және емдеу әдістері туралы айтатын болады. Айлықтың тағы бір тақырыбы – адам папилломавирусының алдын алу. Сонымен қатар наурыз айында Орталығымызда кезекті Ашық есік күні өтеді деп жоспарлануда, оның барысында кез келген адам алдын ала жазылусыз, дәрігердің жолдамасынсыз біздің онкологтардан тегін кеңес алып, кешенді тексеруден өте алады. Іс-шараның күнін кейінірек әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда хабарлайтын боламыз. Сондықтан біздің жаңалықтарымызды қадағалап отыруды ұмытпаңыздар және пайдалы сілтемелермен бөлісуді сұраймыз.
✅Шын жүректен, рақмет!
✅ Call-Center өз жұмысын жаңартуда
Құрметті пациенттер, оқырмандар. Біздің орталығымыздың Call-Center жаңартылған нөмірлер бойынша жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Енді емханамызға +7 (7222)69-42-16 және +7(702)075-07-80 нөмірлері бойынша қоңырау шала аласыздар. Радионуклидті диагностика бөлімшесі – +7(7222)69- 42-18 және +7 (702)075-07-81.
Химиотерапияның даму перспективалары
Ядролық медицина және онкология орталығында химиотерапевтерге арналған семинар өтті. Онда дәрігерлер онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Дәріскер ретінде еліміздің басқа қалаларынан мамандар шақырылды. Павлодар қаласының облыстық онкологиялық диспансерінің химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Еркін Дүйсенбинов МЖЛ-дың заманауи терапиясы туралы айтып берді. Өскемен қаласының онкология және хирургия Орталығының химиотерапия бөлімшесінің онкологы Әлия Тюленева «Аналық без обырын емдеудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады. Өскемен қаласының онкология және хирургия Орталығының химиотерапия бөлімінің меңгерушісі Гүлжанат Қайдарова аналық бездің қайталама эпителиалды қатерлі ісігі барысындағы демеуші терапияның заманауи мүмкіндіктері туралы айтып берді.