Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Құрметті достар! Наурыздың алғашқы күндерінен бастап біздің Орталығымызда колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу айлығы өтетіні туралы хабарлаймыз. Осы уақыт ішінде біздің сарапшыларымыз колоректальды қатерлі ісіктің ерекшеліктері, атап айтқанда аурудың себептері, оның негізгі белгілері, алдын алу және емдеу әдістері туралы пайдалы ақпаратпен бөлісетін болады. Сонымен қатар, қатерлі ісікті ерте диагностикалауға бағытталған түрлі іс-шаралар, соның ішінде Ашық есік күндері де өткізілетін болады.
Айта кету керек, колоректальды қатерлі ісік – Қазақстанда және Абай облысында қатерлі ісіктердің ең көп таралған локализациясының бірі. Өткен жылы қатерлі ісіктердің жалпы құрылымында ерілер арасында колоректальды қатерлі ісік төртінші, ал әйелдерде үшінші орын алды. Колоректальды қатерлі ісіктің өлім-жітім деңгейі бойынша да ең жоғары көрсеткіштердің бірі – ерілерде үшінші, ал әйелдер арасында екінші. Жалпы, өткен жылы дерт біздің өңірдің 80-ге жуық тұрғынының өмірін қиды. Қазіргі уақытта колоректальды қатерлі ісікпен, жәнеде жалпы кез-келген басқа да онкологиялық аурулармен күресудің ең тиімді әдісі – аурудың алдын-алу және ерте диагностикалау болып табылады. Сондықтан, маңызды ақпаратты жіберіп алмау үшін әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға жазылуларыңызды сұраймыз, және пайдалы сілтемелермен бөлісуді де ұмытпаңыздар.