Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Көктемнің алғашқы күнімен Қазақстанда тамаша мерекелердің бірі- Алғыс айту күні атап өтіледі! Бұл талай ғасырлардан келе жатқан дәстүрлі мерекенің басты мақсаты – көпұлтты еліміздің өзара достығы мен түсіністігін нығайту болып табылады. Осы күні баршамыз жақындарымызға, достарымызға, әріптестерімізге және көршілерімізге алғыс айтып, жылы лебіздерімізді білдіріп, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлауға мүмкіндігіміз бар!

Міне, осы тамаша мүмкіндікті пайдалана отырып,  біз де дәрігерлерімізге, ақ халатты абзал жандарға, сондай-ақ барлық медицина қызметкерлеріне жауапты, қиындығы мол, бірақ өте қажет, маңызды еңбектері үшін шексіз алғысымызды айтқымыз келеді! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын достар!