Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Жатыр мойны обыры – бұл жатыр мойны эпителиінде пайда болатын қатерлі ісік. Бұл қазақстандық әйелдердегі омырау обырынан кейінгі ең көп таралған онкологиялық ауру. ҚР ДСМ Онкология және радиология Қазақ ғылыми – зерттеу институтының деректері бойынша елімізде жыл сайын жатыр мойны обырының 1700 жаңа жағдайы анықталады. Әр жыл сайын осы аурудан 600 жуық отбасы аналарын, жарлары мен сіңілілерін жоғалтады екен. Жатыр мойны обыры вакцинация арқылы алдын алуға болатын обырдың бір ғана түрі. Жатыр мойны обырына шалдығудың ең көп кездесетін уағы 40-44 жаста болады.
Жатыр мойны обыры (ЖМО) – бұл жатыр мойнында қатерлі (обыр) жасушалары түзілетін ауру. Жатыр мойны обыры әйел адамдарға жыныс жолы арқылы берілетін, адам папиломасы вирусын тудыратыны ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Алайда АПВ барлығы бірдей онкогенді болып табылмайды. Оның барлығы 15 түрге дейін саналады, бірақ ең онкогенділері 16-18 түрлері болып саналады.
Жатыр мойны обыры аяқ астынан пайда болады. Жатыр мойны обырының дамуы көп сатылы процесс, ісік бірнеше жылдар бойы дамуы мүмкін. Ең алғашында ауру еш белгісіз жүреді. Өкінішке орай, дабылды белгілері пайда бола бастағанда ол құрып кеткенде обырдың 2 сатысы болады. Сондықтан, онкологтар әйел адамдардың барлығына жылына кем дегенде бір рет гинекологқа барып отыруды ұсынады.
Обырдың алдын алудың екінші түрі – Қазақстанда 2008 жылдан бастап енгізілген жатыр мойны обырының скринингі. Скрининг ісік процесін бастапқы сатыларда, не ісік алды жағдайларды (обыр алды бұл сондай патология бар, бірақ обыр емес) анықтау үшін жүргізіледі. Ісік алды жағдайларда әйел адамды дер кезінде емдеу, көмек көрсету өте маңызды.
Скринингті тұрғылықты жері бойынша немесе тіркелген орны бойынша емханадан кез-келген уақытта, 30 жастан 70 жасқа дейін кез-келген жаста тегін өтуге болады. Әйелден онкоцитологияға жағынды алынады (пап-тест). Егер жағынды жақсы жағдайда болса, онда ол келесі жолы бұл скринингті 4 жылдан кейін өтуі керек. Егер ісік процесі бастапқы сатысында анықталса, пациенттің бұл аурудан толығымен емделуіне мүмкіндік бар.