Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Құрметті достар! Бүгіннен бастап Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының іс-шаралар жоспарына сәйкес бүкіл ел бойынша жатыр мойны обырының алдын алу апталығы өтуде.
Мұндай тақырып кездейсоқ таңдалмайды, өйткені жатыр мойны обыры, басқа қатерлі ісіктер сияқты, ең күрделі онкологиялық ауру болып табылады. Тек Абай облысы бойынша 2023 жылы жатыр мойны обырының 70-тен астам жағдайы тіркелді, өткен жылы осы дерт 24 әйелдің өмірін қиған болатын. Жатыр мойны обыры – жатыр мойны тінінің жасушаларынан пайда болатын қатерлі ісік.
Достар. Осы апта бойы біздің Орталықтың ресми парақшаларында да жатыр мойны обырының өзекті аспектілері туралы, оның ішінде дерттің себептері, алдын алу, ерте диагностикалау және емдеу әдістері туралы айтатын боламыз. Сондықтан біздің парақшаларымызға жазылып жақын адамдарыңызбен пайдалы сілтемелермен бөлісулеріңізді сұраймыз!
Сонымен қатар, осы апта ішінде бізде бірқатар маңызды іс-шаралар өтеді, оның ішінде кезекті «Ашық есік күні» де жоспарланған, оның барысында кез келген адам онкогинекологтың кеңесін алатын болады. Ашық есік күнін өткізудің нақты күні мен уақытын әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларымызда кейін хабарлайтын боламыз! Өткізіп алмаңыздар!