Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Біздің Орталықтың медициналық-әлеуметтік және психологиялық көмек көрсету қызметінің меңгерушісі Александр Коровников Алматы қаласындағы психоактивті заттарға тәуелділік бойынша халықаралық сертификатталған мамандарға арналған «Фармакология және психотроптық белсенді заттарды қолданудан туындаған бұзылулар» атты оқыту семинарларына қатысты.
Оқыту курстарының осы топтамасының жалпы мақсаты – психотроптық белсенді заттарды қолданудан туындаған бұзылуларға байланысты бүкіл әлемде психотропты белсенді заттарға тәуелділік саласындағы мамандардың санын және кәсіби деңгейін жоғарылату, оқыту арқалы тәуелділікті емдеу саласындағы халықаралық әлеуетті дамыту жолымен медициналық, әлеуметтік және экономикалық проблемаларды айтарлықтай азайту.
Бірқатар оқу курстары зпсихотропты белсенді заттарды қолданудан туындаған бұзылыстар туралы және оларды емдеу туралы жаңа ғылыми ақпарат беру арқылы мамандарды кәсіби сертификаттауға дайындайды.
Сондай-ақ оқу курстары дағдылар мен кәсіби құзыреттіліктерді дамытуға бағытталған жаттығулар мен тапсырмаларды орындау арқылы материалды іс жүзінде бекітуге мүмкіндік береді.
Нейротрансмиттерлерді және антидепрессивті препараттардың әсер ету механизмін зерттеу, біздің Орталықтың медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек қызметі жұмысындағы маңызды бағыттардың бірі болып табылады.