Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Осы күндері Нью-Йоркте ядролық қаруға тыйым салу туралы шартқа қатысушы мемлекеттердің Конференциясы өтуде, оның барысында біздің орталықтың пациенті – үшінші буындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен адамдардың бірі, Семей қаласының тумасы Әйгерім Елгелді сөз сөйледі. Өз сөзінде Әйгерім Елгелді біраз жылдар бойы онкологиялық ауыруымен күресіп кележатқаны, алып жатқан емі туралы айтып, ядролық қаруды сынаудан және пайдаланудан толық бас тартуды талап ететін қозғалыстарды толық қолдайтынын білдірді. Сондай-ақ, конференция барысында қатысушыларға «Мен әрі қарай өмір сүргім келеді» атты деректі фильмі көрсетілді.