Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Хабарландыру №69

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу” Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

❇️Кезекті Ашық есік күні өтті!

Құрметті достар! Бізде тамаша жаңалық, бүгін ашық есік күні барысында тексеруден өткен және онкологтардан кеңес алған 25 пациенттің барлығында бірде – бір онкологиялық ауру немесе қатерлі ісікке дейінгі жағдай анықталған емес. Бұл скринингтік тексерулердің маңыздылығын тағы бір рет еске түсіретін өте жақсы нәтиже деп білеміз.
Жақын арада сіздерді тағы бір Ашық есік күні күтеді және басқа да іс-шаралар, сондықтан біздің жаңалықтарымызды қадағалап

Хабарландыру №68

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу” Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

Хабарландыру №67

Жүректен жүрекке!

Қалыптасқан дәстүр бойынша қарттар күніне пациенттерімізге ерекше сый – қаламыздың шығармашыл ұжымдар мен жас таланттардың орындауында көңілді концерттік бағдарлама әзірледік.
Дәрігер-сарапшы Мұхтарғазы Тулеутаев концерттік бағдарламаны аша отырып, құттықтау арнады. Мұхтарғазы Есенжанұлы өз сөзінде пациенттерімізге күш-қайрат, жақсылықтар, биік рух, сергек көңіл күй, тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Жас таланттар өз кезегінде тамаша туындыларды, халық әндерін, заманауи хиттерді орындады, сондай-ақ музыкалық аспаптарда тамаша әуендерді орындап, барша көрерменге көтеріңкі, жанды жадыратар көңіл-күй сыйлады!
Біздің Орталықтың әкімшілігі атынан барлық жас таланттарға тамаша, мәнді концерттік бағдарламасы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Шын жүректен жасалған игілікті істер қашанда еселеп қайтатынына сенімдіміз!

№66 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №66 хаттама

(more…)

❇️Шынайы көңілден ізгі ниеттер!

Құрметті аға буын өкілдері! Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымы атынан сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аға буынның тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өткіміз келеді. Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, өшпес ерік-жігердің үлгісісіздер!
Сіздер әрқашан құрметке лайықсыздар. Барлық уақытта адамзат үшін қарттардың даналығы жастар үшін баға жетпес байлық болып табылады.
Абай облысының ардагерлері бүгінгі күні де өз өмірлік ұстанымына адал болып қала береді – әрқашан игілікті істердің басынан көрініп, өзінің бай өмірлік тәжірибесі мен еңбек дәстүрлерін жас ұрпақ бойына сіңіріп келеді.
Құрметті аға ұрпақ өкілдері! Осынау айтулы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және белсенді ұзақ ғұмыр тілейміз.

Мобильді бригада Көкпекті ауданында

Орталықтың мобильді бригадасы өңірлерде жұмысын жалғастыруда. Осы күндері онкологтар Көкпекті ауданының бірнеше ауылында, соның ішінде Үлгүлі-Малшы және Бөкен ауылдарында пациенттерді қабылдады. Жалпы алғанда барлығы 70-ке жуық адам скринингтік тексеруден өтті.

Көшпелі мобильді бригада Ақсуат ауданында

Сапалы және қолжетімді онкологиялық көмекпен қамтамасыз ету – біздің Орталықтың басым міндеті болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін көптеген шаралар қолданылмақ, оның бірі – шалғай аудандардың тұрғындарына арналған көшпелі мобильді бригадалар. Көшпелі жұмыс кезінде дәрігерлер денсаулық сақтаудың әртүрлі бағыттары бойынша тексерулер мен консультациялар жүргізеді. Бұл күндері көшпелі мобильді бригада Ақсуат ауданының тұрғындарына, оның ішінде Құмкөл және Көкжыра ауылдарында қабылдау өткізді. Барлығы 180-ден астам адам тексеруден өтті. Дәрігерлер көптеген түрлі патологияларды, соның ішінде қатерлі ісікке күдікті жиырмаға жуық жағдайдарды анықтады.

№65 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №65 хаттама

(more…)

❇️Қазақстанның ядролық медицина саласындағы тәжірибесі Швейцарияда ұсынылды

17-19 қыркүйек аралығында Швейцарияның Женева қаласында World Cancer Congress 2024 өтті. Бұл озық тәжірибемен, қатерлі ісікті диагностикалау және емдеу саласындағы ең соңғы жетістіктермен алмасуға, сондай-ақ медицинаның осы бағытын дамыту мәселелері мен перспективаларын талқылауға арналған ең ірі диалог алаңдарының бірі болып табылады. Биылғы жылы Конгресстің жұмысына әлемнің 120 елінен 1900-ден астам делегат қатысты. Біздің Орталықтан конгреске «First results of Radioiodine therapy in the Republic of Kazakhstan» атты постерлік баяндамасымен радионуклидтік терапия бөлімшесінің дәрігері Гүлжан Нәбиева қатысты. Ол өз баяндамасында Қазақстанның барлық өңірлерінен келген қалқанша без қатерлі ісігі және тиреотоксикозға шалдыққан науқастарға радиоиодотерапияны қолданудың алғашқы тәжірибесімен бөлісті. Айта кету керек, біздің Орталықтың радионуклидтік терапия бөлімшесі Қазақстанда осындай ем қолданылатын алғашқы және қазіргі уақытта жалғыз бөлімше болып табылады.
Конгреске қатысу АЭХА-нің қолдауымен ұйымдастырылды. Орталығымыздың Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттігімен ынтымақтастығы жылдар бойы табысты дамып келеді, соның арқасында біздің медициналық және медициналық емес бейіндегі мамандарымыз ядролық медицина бойынша Еуропаның жетекші клиникаларында оқудан өтті. Алынған тәжірибе мен білім 2021 жылы Семейде ядролық медицина Орталығының ашылуында сәтті қолданылды.

Білгенге абзал!

Құрметті достар! Осы күзде жаңа оқу жылының басталуымен Қазақстанда қыздарды жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинациялау басталды. Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2024 жылғы 17 қыркүйектегі № 11 қаулысына сәйкес 11 жастағы қыздар жоспарлы тәртіппен вакцинациялауға жатады. Сондай-ақ 12 жастан бастап 13 жасты қоса алғандағы жастағы қыздарға толықтыра иммундау жүргізіледі.
Екпе мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің хабардар етілген келісімін алғаннан кейін жүргізіледі. Сондай-ақ ата-аналардың қалауы бойынша вакцинация тіркелген жердегі емханаларда да жүргізілуі мүмкін.
Жатыр мойны обыры Қазақстандағы барлық жастағы әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орындағы және 25 пен 44 жас аралығындағы әйелдер өлімінің себептері бойынша екінші орындағы қатерлі ісік болып табылады. Ғылыми зерттеулер жатыр мойны обырының негізгі себебі АПВ инфекциясын жұқтыру екенін дәлелдеді.
Вакцинация қатерлі ісіктің ең қауіпті түрлерінің бірінен қыз балалардың денсаулығын қорғауға бағытталған. АПВ-ға қарсы вакцина халықаралық деңгейде өзінің тиімділігі мен қауіпсіздігін дәлелдеді. Бүгінгі таңда АПВ-ға қарсы вакцина әлемнің 135 елінде қолданылады. Бүгінгі таңда бірқатар елдерде вакцинацияның арқасында әйелдер арасында АПВ-ның таралуы 90%-ға төмендеді.

Хабарландыру №66

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжановкөшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығышаруашылықжүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығышаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныТегін медициналық көмектің кепілдікберілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатынадамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндемедициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуБаға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алудыөткізу туралы хабарлайды: (more…)

Әлеуметтік әмиян

Қазақстандықтар үшін әлеуметтік қызметтерді алу одан сайын оңайырақ әрі қолжетімді болды. Оның ішінде дәрі-дәрмектерді алуды “әлеуметтік әмиян”көмегімен электрондық үкімет сервистеріндегі ұялы телефоныңыздан бақылауға болады. Мұны қалай жасау керектігін білу үшін қадамдық нұсқаулықты ұсынамыз.

✅Германиядағы әріптестермен тәжірибе алмасу

18.08.2024 – 13.09.2024ж. аралығында Ядролық медицина және онкология орталығының қызметкерлері KAZ6013 «Improving Clinical Practice at the Center of Nuclear Medicine and Oncology of the East Kazakhstan» жобасы аясында Германияның Берлин қаласындағы «Vivantes Netzwerk fur Gesundheit GmbH» клиникасында Ядролық медицина институтының директоры, профессор М.Плоткиннің басшылығымен тағлымдамадан өтті.
Оқу бағдарламасына мыналар кірді:
– радиофармпрепараттар түрлері және оларды клиникалық тұрғыдан қолдану;
– ПЭТ/КТ және ОФЭКТ/КТ диагностика жүргізуге пациенттерді іріктеу;
– тераностиканы енгізу: Lu177-PSMA қуық асты безі обырын емдеуде және Lu-177 DOTA-TATE — бұл нейроэндокринді ісіктерді емдеу әдісі;
– пациенттер мен персоналдың радиациялық қауіпсіздік мәселелері.
Тағлымдама барысында қозғалған негізгі сұрақтың бірі – тераностиканы енгізу.
Тераностика – бұл медицинадағы жаңа бағыт. Бұл тәсіл ісіктің және оның метастаздарының орналасуын, сондай-ақ болашақта орналасу орнын анықтау үшін ісіктің өзіне тән агентті пайдалана отырып, дене суретін алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар зақымдалған тін үшін алдын ала анықталған терапиялық тиімділігі бар арнайы заттек пайдаланылады. Бұл тәсіл дәстүрлі медицинадан заманауи дербестендірілген медициналық процедураларға көшуге мүмкіндік береді. Бұл пациенттер үшін нақты дәлірек емдеу мен жақсы нәтижелерді қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін медицина саласындағы айтарлықтай ілгерілеуді білдіреді. Қазіргі уақытта Қазақстандағы тераностика тақырыбы даму сатысында.
Тағлымдамадан өткен Орталық қызметкерлері:
* директордың Ядролық медицина және стратегиялық даму жөніндегі орынбасары – Атантаева Баян Жұмағазықызы.
* Радионуклидті диагностика бөлімінің аға мейіргері – Қапсамиева Гүлдана Тлеукенқызы.
* медицина физигі – Дауменова Алуа Қанатқызы.
* радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженер – Адаспаев Азат Талғатұлы.

Хабарландыру №65

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығы” шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны “Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеу изоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебінен және (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылған емдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу” Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алуды өткізу туралы хабарлайды: (more…)

✅Ашық есік күні өтті

Құрметті достар! Бүгін біздің Орталығымызда тағы бір Ашық есік күні өтті. Бұл жолы ол гинекологиялық қатерлі ісіктерді ерте анықтауға бағытталған болды. Дәстүр бойынша, бүгінде
Кез келген адам жасына немесе сақтандырудың мәртебесіне қарамастан дәрігердің жолдамасынсыз онкологтарымыздың кеңесін ала алды, сондай – ақ қажет болған жағдайда бірқатар тексерулерден де өтуге мүмкіндік болды. Айта кетейік, осы Ашық есік күні қатысушылар саны бойынша ең ауқымды іс-шаралардың біріне айналды. Өз денсаулығына мән беретін адамдардың саны өсе келетіні бізді әрине қуантады. Естеріңізге сала кетейік, Ашық есік күні гинекологиялық қатерлі ісіктің алдын алу және ерте анықтау айлығы аясында өткізілді.

Лимфомамен күрестің дүниежүзілік күні

15 қыркүйекте лимфомамен күрестің дүниежүзілік күні деп атап өтіледі. Бұл күн қатерлі ісіктің бір түрімен күресуге арналған.
2002 жылы бүкіл әлем бойынша 57 лимфомалық ұйымды біріктіретін, Лимфомды коалиция құрылды. 2 жылдан кейін ол Дүниежүзілік лимфома күнін өткізу туралы бастама көтерді, оның мақсаты лимфа жүйесінің қатерлі аурулары, оның белгілері, ерте диагностикасы және алдын алу туралы ақпараттандыру болды.
Адам ағзасы мінсіз емес, көптеген аурулардың болуы осының дәлелі. Заманауи медицина онкологиялық ауруларды емдеуде үлкен жетістіктерге жеткеніне қарамастан, қатерлі ісік ауруларымен тек ересектер ғана ауырып қоймай, балалар да ауыратын ең ауыр және қорқынышты аурулардың бірі болып табылады.
Бұл тек дәрігер-онкологтар ғана емес, пациенттер мен олардың жақын туыстары, жалпы адам өміріне немқұрайлы қарамайтын адамдардың бәрі атап өтеді.
Лимфома – бұл иммунды жүйенің жасушаларынан болатын қатерлі ісік, ол лимфа жүйелерін (лимфатүйіндер, айырша безді, сүйек майын) зақымдайды.
Лимфома – қауіпті жылдам өршитін ауру.
Лимфоманың екі түрі бар: Ходжкин лимфомасы және ходжкиндік еме лимфома.
Лимфоманың нақты пайда болу себебі белгісіз. Бірақ кейбір қауіп факторлары бар. Олардың ішінде – жасына қарай лимфомалардың даму ықтималдығының жоғарылауы, инфекциялардың болуы (АИТВ-инфекциясы, Эпштейн-Барр вирусы, Helicobacter Pylori инфекциясы, В гепатиті вирусы және С гепатиті вирусының инфекциясы, аутоиммунды аурулар, иммунды басу терапиясын қолдану (көбінесе орган трансплантациясынан кейін), иммун тапшылығы аурулары. Ауылшаруашылық жұмыстары кезінде және улы химиялы заттармен жұмыс істеу кезінде пестицидтер, гербицидтер, бензол, шаш бояуын қолдану сияқты улы химиялық заттардың әсер етуі.
Лимфоманың белгілері: лимфа түйіндерінің ұлғаюы, дене температурасының 37С жоғарылауы, бас ауруы, тершеңдік, жөтел, ентігу, терінің қышуы, салмақ жоғалту, шаршаудың жоғарылауы және тәбеттің төмендеуі.
Егер бұл ауру бастапқы сатыларында анықталса, 80% жағдайда емдеуге болады. Әдетте, лимфома 55-60 жастан асқан адамдарда дамиды. Бұл ауру әйелдерге қарағанда ерлерде жиі кездеседі. Британдық ғалымдардың айтуынша, 2 немесе одан да көп буындары зақымдалған ревматоидты артритпен ауыратын адамдарда лимфоманың даму қаупі жоғары. Қандағы селен деңгейі төмен адамдар да қауіп тобына жатады.

Ең бастысы – қауіпсіздік!

Табиғи апаттардың, атап айтқанда, жер сілкіністерінің қаншалықты қауіпті екенін Қазақстан тұрғындары жақсы біледі. Бұдан әсіресе, оңтүстік астана тұрғындары зардап шегеді, бірақ ешкім табиғат құбылыстарының қаталдығынан сақтандырылмағандығын ұмытпаған жөн. Мұндай апаттардың алдын алу мүмкін емес, алайда адам шығынын азайтуға немесе мүмкіндігінше мүлдем болдырмауға мүмкіндік беретін шаралар қолдануға болады. Бүгін орталығымызда жер сілкінісі кезінде қажетті шаралар, сондай-ақ іс-қимыл алгоритмдері талқыланды. Олар төтенше жағдай кезінде қызметкерлер мен пациенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған. Сондай-ақ, алдағы күндері жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік техникасы бойынша оқыту семинары Орталықтың барлық бөлімшелері мен құрылымдық бөлімшелерінде өтетін болады.

Маңызды міндеттер мен басымдықтар

Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығының қызметкерлері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында белгіленген басымдықтар мен міндеттерді талқылады. Алдағы жылдарға арналған еліміздің басты басымдықтары туралы сарапшы-дәрігер Мұхтарғазы Тулеутаев баяндама жасады. Өз сөзінде ол Қазақстанның соңғы жылдарда қол жеткізген жетістіктеріне назар аударып, Мемлекетіміздің одан әрі дамуы бойынша жаңа бағытты атап өтті. Атап айтқанда, ақша-несие және фискалдық саясат арасындағы үйлесімсіздікті жою, инвестициялық ахуалды және бизнес жүргізуге қажетті жағдайды жақсарту, еліміздің өнеркәсіп әлеуетін толық пайдалану, сондай-ақ инфрақұрылымдық проблемаларды шешу, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер айтылды. Баяндама барысында еліміздің кадрлық әлеуетін арттыруға, ұлт саулығын нығайтуға, халықты әлеуметтік қолдау жүйесін жаңғыртуға бағытталған Жолдауда белгіленген басымдықтарға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, кездесу барысында атом электр станциясын (АЭС) салу мәселесі бойынша елімізде өтетін жалпыұлттық референдум да талқыланды. Осы мәселе бойынша сөз сөйлеген Орталық директоры Татьяна Белихина жаһандық жобаның аса маңызды және елімізді алаңдататын аспектілерін атап өтті, «жасыл энергетиканы» пайдалана отырып, азаматтарды арзан электр қуатымен қамтамасыз ету, өнеркәсіпті және экономиканың басқа да салаларын дамыту, Қазақстан үшін ашылатын артықшылықтар мен мүмкіндіктерді де атап өтті. АЭС-ын салу мен қолдану, пайдалану кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларының әлемдік тәжірибесі де ұсынылды. «Бұл біздің еліміз үшін, барлық азаматтар үшін өте маңызды мәселе, сондықтан біз бір ел болып алдағы референдумға қатысып, өз көзқарасымызды білдіруіміз керек», – деп атап өтті Татьяна Белихина. Айта кетейік, Қазақстанда АЭС салу мәселесі бойынша референдум осы жылдың 6 қазанында өтетін болады.

Білгенге абзал!

Құрметті достар! Гинекологиялық қатерлі ісіктер туралы не білесіздер? Мақаламызда осы және басқа да өзекті сұрақтарға қарапайым және түсінікті түрде жауап беруге тырысамыз. Біріншіден, гинекологиялық қатерлі ісіктер туралы айтатын болсақ, бұл әйелдердің репродуктивті жүйесіне әсер ететін бір ғана емес, бірнеше ауруларын біріктіретіні туралы бірден атап өткен жөн. Олар орта есеппен алғанда жалпы әйелдерде кездесетін қатерлі ісіктердің төрттен бір бөлігін құрайды. Қазақстанда, жалпы әлемдегі сияқты, жатыр мойны обыры, аналық без обыры және жатыр қатерлі ісігі жиі кездеседі. Мәселен, Абай облысы бойынша биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында жатыр мойны обырының 39 жаңа жағдайы, жатырдың 32 қатерлі ісігі, сондай – ақ аналық без обырының 21 жағдайы анықталған болатын. Ең алаңдатарлық нәрсе – аурулардың көпшілігі асқыну сатысында анықталады, бұл өз кезегінде емдеуді қиындатып, денсаулыққа келетін зиянды көбейте түседі.
Екіншіден, бүгінгі күні пайда болу ықтималдығын толығымен жоятын алгоритмдер болмаса да, оны айтарлықтай азайтуға мүмкіндік бар екенін ерекше атап өткіміз келеді. Мысалы, адам папиллома вирусына қарсы вакцина-бұл гинекологиялық қатерлі ісіктің кейбір түрлерінен қорғануға мүмкіндік беретін шаралардың бірі. Салауатты өмір салты және жаман әдеттердің болмауы да қатерлі ісік ауруының ықтималдығын азайтуға көмектеседі.
Алайда, бүгінгі күнде медицина әсер ете алмайтын қауіп-қатер де бар. Бұл қатарға жас көрсеткіштері немесе қатерлі ісікке деген генетикалық бейімділігі жатады. Сондықтан үшіншіден назар аударғымыз келетіні – скринингтік тексерулер. Олар әртүрлі патологияларды, соның ішінде қатерлі ісік ауруларын ерте анықтауға мүмкіндік береді. Қазақстанда 2008 жылдан бастап жатыр мойны обырын ерте анықтауға арналған Ұлттық скринингтік бағдарлама бар. Осы бағдарламаға сәйкес, 30-70 жас аралығындағы әрбір әйел 4 жылда 1 рет скринингтен өтуі тиіс. Бұл тегін және көп уақытты қажет етпейді.
Анықталып жатқан кездерде дереу дабыл қағып, тексерулерден өтіп дәрігердің кеңесін алуға асығуды қажет ететін гинекологиялық қатерлі ісіктердің алғашқы белгілері де маңызды тақырып болып табылады. Алайда, дерттің локализациясына байланысты олар бір-бірінен ерекшеленуі мүмкін. Сондықтан, бұл келесі жарияланымның тақырыбы болады. Олай болса, маңызды ақпаратты жіберіп алмау үшін әлі де ресми ресурстарымызға тіркелмеген болсаңыздар, біздің Facebook және Instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларымызға тіркелулеріңізді сұраймыз! Біздің жарияланымдардың сілтемелерімен бөлісуді де ұмытпаңыздар, осылайша пайдалы ақпаратты таратуға өз үлестеріңізді қоса аласыздар! Естеріңізде болсын, дұрыс хабардар болу – онкологиямен күрестегі алғашқы қадам.

Жемісті ынтымақтастықтың нәтижесі

Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры көптеген жылдар бойы өңірдің онкологиялық қызметінің сенімді досы және серіктесі болып келеді. Қордың демеушілік қолдауының арқасында Орталықтың материалдық-техникалық базасы онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеге қажетті заманауи жабдықтармен бірнеше рет толықтырылған болатын. Бүгін де, меценаттар біздің Орталығымызға заманауи жабдықтарды ұсып, Абай облысының онкологиялық қызметін тағы да қолдауға ниет білдірді. Осы мақсатта бүгін Орталығымызға Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорының директоры Гүлнар Сейдоллақызы іс-сапарымен келді.
«Біз Ядролық медицина және онкология орталығымен 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеміз. Біздің басты мақсатымыз – онкологиялық қызметке көмектесу, дәрігерлерімізге отандастарымызды емдеуге қолдау көрсету» – деп атап өтті Гүлнар Сейдоллақызы өзінің құттықтау сөзінде.
Ал біздің Орталықтың барлық ұжымы атынан меценаттарға алғысымызды сарапшы-дәрігер Мұхтарғазы Төлетаев білдірді.
«Біздің кездесуіміз атаулы мереке – Конституция Күні қарсаңында өтетп жатқаны – ол да бір үлкен көрсеткіш. Сіздер асыл миссияны атқарып келесіздер, өйткені көмектеріңіз көптеген мұқтаж жандардың өмірін сақтап қалуға баға жетпес үлесін қосып келеді. Сізге, Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қорына қолдау көрсеткені үшің, жемісті ынтымақтастығыңыз үшін алғысымызды білдіреміз. Игі істеріңізге сәттілік тілейміз», – деді Мұхтарғазы Есенжанұлы.
Қордың Орталығымызға сыйға беретін жабдықтардың қатарында портативті ультрадыбыстық аппарат кіреді. Болашақта ол біздің Орталықтың көшпелі мобильді бригадаларының жұмысында қолданылатын болады. Естеріңізге сала кетейік, жыл сайын біздің орталықта онколог-дәрігерлерден, сондай-ақ түрлі бағыттағы бейімді мамандардан тұратын мобильді бригада жұмыс істейді. Жыл сайын бригада облыстың аудандарын аралап, жергілікті тұрғындарды скринингтік тексерулерден өткізеді, сондай-ақ өңірлік ауруханалардың дәрігерлеріне оқытулар жүргізеді. Мобильді бригада осы жылдың шілде айында кезекті сапарларын өткізді. Сол кезде дәрігер-онкологтар Абай облысының барлық аудан орталықтарына іс-сапарымен барған еді.
Анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөліміне арналған арнайы жабдықтар да берілді. Жаңа жабдықтар реаниматологтар мен анестезиологтардың жұмысында әртүрлі дәрі-дәрмектерді қолдануды бақылау процесін жақсартуға мүмкіндік береді. Серіктестердің мұндай қолдауы баға жетпес үлес болып табылады, себебі біздің Орталықта жылдан жылға реанимациялық көмек көлемі тек артып келеді. Егер 2021 жылы 1426 пациентке реанимациялық көмек көрсетілсе, 2022 жылы – 1677 пациентке, ал 2023 жылы-1808 пациентке реанимациялық көмек көрсетілген болатын.

Best of ASCO Kazakhstan Саммиті өтуде

Бүгін Алматыда Best of ASCO Kazakhstan 2024 атты Халықаралық Конференциясы басталды. Іс-шараға спикерлер ретінде белгілі халықаралық және отандық сарапшыларды шақырдық. Саммит жұмысына біздің Орталығымыздың директоры Татьяна Белихина да қатысуда.
Best of ASCO Kazakhstan ресми лицензияланған бағдарлама, онкология саласындағы соңғы жаңартулар мен ақпараттармен алмасуға бағытталған халықаралық және ұлттық сарапшыларды, саясаткерлерді, ғалымдарды, медицина қызметкерлерін біріктіретін бірегей іс-шара болып табылады.
Саммиттің жұмысы 29 және 30 тамыз – екі күнге созылады, осы күндері өкпе, ұйқы безі және колоректальды қатерлі ісік, сүт безі және гинекологиялық қатерлі ісік ауруларын диагностикалау мен емдеудегі зерттеулерге, сондай-ақ озық жетістіктерге арналған баяндамалар ұсынылады. Айта кету керек, Best of ASCO Kazakhstan – тәжірибе алмасу, қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің озық әдістемелерін енгізу, сондай-ақ Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің жетекші сарапшыларымен, ғылыми орталықтарымен ынтымақтастықты жолға қоюдағы маңызды алаң болып табылады.

№64 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №64 хаттама (more…)

№63 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №63 хаттама (more…)

Хабарландыру №64

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина жәнеонкология орталығышаруашылық жүргізу құқығындағыкоммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығышаруашылықжүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныТегінмедициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеуизоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесініңмекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебіненжәне (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыружүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберіндедәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылғанемдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуБағаұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алудыөткізу туралы хабарлайды: (more…)

Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы жаңа отандық препараттың сынағы өтуде

ҚР ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда қатерлі ісікке қарсы жаңа дәрі-дәрмекті тестілеу туралы айтты. Клиникалық сынақтардың бірінші кезеңі Алматыдағы радиология институтында өтті. Сынақтар қатерлі ісіктің ауыр түрі — тоқ ішектің қатерлі ісігі бар 15 онкологиялық науқастың қатысуымен өтті. Министрдің айтуынша, нәтижелер жігерлендіреді.
«Тестілеудің бірінші кезеңі өте жігерлендіретін нәтижелер көрсетті. Біз қатерлі ісіктің соңғы сатысында өте агрессивті түрін таңдадық. Ісік орта есеппен 30% – ға қысқарды. Қазір біз деректерді өңдеп жатырмыз. Қазіргі біздің басты міндетіміз қатерлі ісіктің барлық түрлерінде жаппай тестілеу. Олар Астана, Алматы, Павлодар қалаларында өтеді. Нәтижелері бойынша, біз барлық деректерді өңдеген кезде, дәрі-дәрмекті тіркеуге жұмыстарын бастаймыз», – деді министр Үкіметтегі брифингте.
Кәзіргі уақытта денсаулық сақтау Министрлігі мен жоғары білім Министрлігінің қызметкерлері арнайы жұмыс тобын құрды. 1 шілдеден бастап тестілеудің екінші кезеңі басталды. Зерттеудің осы кезеңінде тағы үш мыңға жуық адам сынақтан өтеді деп жоспарлануда. Өтіп жатқан тестілеулерге барлығы бес мыңнан астам онкологиялық науқастар жазылды.
«Олардың барлығы еріктілер ретінде екінші кезеңдегі сынақтарды бастайды. Осы іске шамамен екі млрд теңге қарастырылған. Олар тамыз айында біздің зерттеу тобымызға түседі», – деді Саясат Нұрбек.

№62 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №62 хаттама (more…)

Адам өмірін сақтап қалуға ықпал ететін көмек

Қазіргі уақытта бүкіл әлемде қатерлі ісік – ең ауыр дерттердің бірі деп саналады. Дегенмен, жылдан жылға медицина дами келе, диагностиканың, емдеудің заманауи әдістері енгізіліп, жабдықтар жетілдіріп, аурумен тиімді күресуге қабілетті жаңа препараттар әзірленуде. Ядролық медицина және онкология орталығы заманауи жабдықтармен, сондай-ақ мамандардың біліктілігінің арқасында бүгінгі таңда қатерлі ісікті диагностикалау мен емдеудің барлық озық әдістері сәтті қолданылып келеді. Ал жақында Орталығымызда емдеуде Қазақстанда әлі тіркелмеген, алайда барлық әлемдік хаттамаларда ұсынылған таргетты препараттарды қолдануға мүмкіндік пайда болды. Бұл «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қорының қолдауының арқасында жүзеге асырылуда.
«Біздің орталықта қатерлі ісіктің әртүрлі локализациясы бар пациенттер емделуде, әр пациентке дерттің ауырлығына, денсаулық жағдайына және басқа да көптеген көрсеткіштерге байланысты жеке емдеу тағайымдалады. Тағы бір айта кететіні, емдеу тактикасын бір дәрігер ғана емес, арнайы мамандар тобы анықтайды, көпсалалы комиссия жұмыс істейді. Қажет болған жағдайда біз Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының әріптестерімен де кеңесеміз. Кейбір жағдайларда мультидисциплинарлық комиссия ҚР-да бұрын тіркелмеген, бірақ емдеудің барлық әлемдік хаттамаларында ұсынылған таргетты препараттарды ұсынады. Мұндай дәрі-дәрмектерді сатып алуға «Қазақстан халқына» қоры көмек көрсетіп келеді. Қормен келісім-шарттар жасалып, дәрі-дәрмектер келіп түсіп жатыр, осының арқасында пациенттерге қажетті емдеу қолданылуда», – деп атап өтті химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Нұрбол Елемесов.
Қатерлі ісікті емдеуге арналған барлық дәрі-дәрмектер, оның ішінде таргетты препараттар да өте қымбат, ал егер олар Қазақстанда тіркелмеген болса, оларды бюджет қаражаты есебінен сатып алу тіпті мүмкін емес. Бірақ «Қазақстан халқына» Қорының қолдауының арқасында бұл мәселенің оң шешімі табылды. Қазіргі уақытта «Қазақстан халқына» қорымен 12 әртүрлі препараттарын сатып алуға келісім-шарттарға қол қойылған. Жақында алынған дәрі-дәрмектердің тізімін одан әрі кеңейту жоспарлануда.
2022 жылғы қаңтарда құрылған «Қазақстан халқына» Қоғамдық Қоры осы екі жылдан астам уақыт ішінде қазақстандықтардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға бағытталған көптеген түрлі жобалар мен бағдарламаларды іске асыруға қолдау көрсетті. Бірақ еліміздің онкологиялық қызметіне қолдау көрсеткені ерекше орында, өйткені ол қазақстандықтарға қатерлі ісік ауруын жеңуге көмектесіп қана қоймайды, талай адамдардың баға жетпес өмірің құтқаруға үлестерін қосып, сонымен қатар отандастарымызға сауығуға қосымша үміт сыйлап келеді!

№61 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №61 хаттама (more…)

Хабарландыру №63

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина жәнеонкология орталығышаруашылық жүргізу құқығындағыкоммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығышаруашылықжүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныТегінмедициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеуизоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесініңмекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебіненжәне (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыружүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберіндедәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылғанемдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуБағаұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алудыөткізу туралы хабарлайды: (more…)

№60 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №60 хаттама (more…)

№59 хаттама

Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу қорытындылары туралы №59 хаттама (more…)

Хабарландыру №62

Тапсырыс берушінің/ұйымдастырушының атауы мен мекенжайы: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3-үй мекенжайында орналасқан Абай ДСБ “ядролық медицина жәнеонкология орталығышаруашылық жүргізу құқығындағыкоммуналдық мемлекеттік кәсіпорны.

Жеткізу орны: Абай облысы, Семей қаласы, Құтжанов көшесі, 3 үй.

ҚР ДСМ 07.06.2023 ж. № 110 бұйрығы негізінде Абай ДСБ “ядролық медицина және онкология орталығышаруашылықжүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорныТегінмедициналық көмектің кепілдік берілген көлемі, тергеуизоляторлары мен қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесініңмекемелерінде ұсталатын адамдар үшін бюджет қаражаты есебіненжәне (немесе) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыружүйесінде медициналық көмектің қосымша көлемі шеңберіндедәрілік заттарды, медициналық бұйымдар мен мамандандырылғанемдік өнімдерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидалары, “дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алуБағаұсыныстарын сұрату тәсілімен келесі лоттар бойынша сатып алудыөткізу туралы хабарлайды: (more…)

«Ашық есік»

Достар! Біздің орталықта осы сенбіде 3 тамызда өкпенің қатерлі ісігін ерте анықтауға бағытталған тағы бір «Ашық есік» күні өтеді. Сағат 9:00-ден 12:00-ге дейін кез келген адам дәрігердің жолдамасынсыз онкологиялык дәрігердің кеңесін тегін ала алады. Қажет болган жадайда қосымша зерттеулер де жүргізіледі. «Ашық есік күніне» жазылу, немесе қосымша ақпарат алу үшін 8(7222)55-08 – 87 және +7(778)87-00-167 нөмірі бойынша біздің Call-орталығымызға хабарласуға болады. Денсаулықтарыңызға біраз уақыт бөліп, өкпенің қатерлі ісігіне жол жоқ деңіздер!