Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Ядролық медицина және онкология Орталығының спортшылары өздерінің жетістіктерімен тағы бір мәрте қуантты! Бұл жолы құрама медицина қызметкерлері күніне арналған өңірдің медициналық ұйымдары арасында өткен «Көңілді старттар» турнирінде тамаша нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті.
Жарыс жаздың алғашқы күні «Спартак» стадионында өтті. Қатысушылар эстафетада, кедергілерді жеңуде және басқа да командалық ойындарда бақ сынасты. Орталығымыздың атынан команда құрамында медбикелер Мадина Оразбаева мен Ажар Атанова, зертханашылар Дәурен Каменер, Рүстем Әсенов, Еркебұлан Болысқазы, инженер Ержан Нұрлыбеков, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздік жөніндегі инженер Саят Рахманбеков өнер көрсетті.
Жалпы командалық есеп бойынша Орталық құрамасы үздік нәтижелер көрсетіп, бірінші орынды лайықты иеленді. Нәтижесінде спортшыларымыз жарыстың бас кубогын және бірнеше номинация бойынша грамоталарды алып келді! Әріптестерімізді табысты өнер көрсетулерімен құттықтаймыз, үлкен жетістіктер мен жаңа жеңістер тілейміз!