Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Абай облысындағы Ядролық медицина мен онкология орталығында мамандардың біліктілігін арттырудың нәтижесін атқарылып жатқан хирургиялық емдермен көрсетуге болады. Аталған емдеу мекемесіндегі онколог-хирург Канапиянов А.З. қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында білімін жетілдіріп келді. Содан бері онкологиялық пациенттерге корсетілетін хирургиялық емнің көлемі кеңейтілді. Атап айтқанда, 2023 ж. 12 -қазанда М.Г., 64 ж. пациентке көмейге қалқанша безі қатерлі ісігінің шауып кетуіне байланысты радикальді ларингэктомия, тиреоидэктомии және мойын лимфодиссекция отасы жүзеге асырылды. Аталған отаны осы емдеу мекемесінде алғаш рет өз мамандарымыз Канапиянов А.З., Кабыкенов А.А., Абешов А.М. іске асырды. Пациент отадан соң интенсивті терапия бөлімінде гемодинамикалық мониторинг, тыныс алуын қолдау және жалпы күтім алды. Көрсетілген ем-шаралардың нәтижесінде физиологиялық статусы қалпына келіп, жиырма күннен соң стационардан шығарылды. Қазіргі кезеңде пациент диспансер бөлімінің арнайы манандарының бақылауында.