Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Еліміздің басты мерекесі-Қазақстанның Тәуелсіздік күні қарсаңында біздің орталықта салтанатты іс-шара өтті. Мемлекеттік әнұранмен басталған іс-шараны Ядролық медицина және онкология орталығының директоры Татьяна Белихинаның құттықтау сөзімен жалғады. Татьяна Ивановна өз сөзінде мерекенің маңыздылығын атап, Орталықтың тәуелсіздік жылдарындағы маңызды жетістіктеріне тоқтала кетті.
«Құрметті достар, әріптестер! Бүгін біз сіздермен бірге Отанымыздың Тәуелсіздігінің 32 жылдығын атап өтеміз. Бұл қүн бір жағынан қуанышты сәт, сонымен бірге – көпұлтты Қазақстан халқының сан ғасырлық арманын жүзеге асыру жолында аянбай үлесін қосқан тұлғаларымызды еске алу күні. Бізге Отанымыздың, кейінгі ұрпақтың алдында үлкен жауапкершілік жүктелді, яғни біздің міндетіміз – бай мұрамызды сақтап, көбейту. Осы жолда біздің орталық та үлкен жетістіктерге жетті. Тек осы жылдың ішінде 12 жаңа технология енгізілді, аккредиттеудан сәтті өттік. Біздің Орталықтың жетістіктері, сондай-ақ елдің әл-ауқаты әрқайсымызға байланысты. Сондықтан мен барлығына алға қойған барлық мақсаттарын жүзеге асыруды, бәрінен бұрын – мықты денсаулық тілеймін», – деді Татьяна Белихина.
Ішкі аудит қызметінің басшысы Мұхтарғазы Төлеутаев та жылы лебіз білдірді. Мұхтарғазы Есенжанұлы өз сөзінде Қазақстанның тәуелсіздік алуы мен жас мемлекеттің қалыптасуының айтулы оқиғаларын атап өтті.
«Құрметті әріптестер, отандастар! Баршамызға зор денсаулық, амандық, табыс, ал қымбатты Отанымызға – әрі қарай өркендеуді тілеймін», – деді Мұхтарғазы Төлеутаев.
Сондай-ақ, осы күні Денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі және мінсіз еңбегі үшін Орталық директорының және «Amanat» партиясының облыстық филиалының Алғыс хаттарымен біздің Орталықтың қызметкерлері марапатталды. Ал салтанатты шараның екінші бөлімі концерттік бағдарламаға ұласты.