Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Ас қорыту мүшелерінің қатерлі ісіктері – қатерлі ісік ауруларының кең таралған түрлерінің бірі. Ол асқазан-ішек жолдарының әртүрлі құрылымдарында пайда болуы мүмкін ісіктердің түрлерін қамтиды. Ең жиі кездесетіндері асқазан, аш ішек және тоқ ішек, ұйқы безі және бауыр қатерлі ісіктері. Жыл сайын скринингтік тексерулерден өтіп отыру, оның ішінде іш қуысының ультрадыбыстық зерттеулері және гастродуоденоскопия сияқты тексерулер ісіктерді ерте кезеңде анықтауға көмектеседі, ал жаман әдеттерден (темекі шегу, алкоголь) бас тарту және асқазан-ішек жолдарының созылмалы қабынуын емдеу қатерлі ісіктердің пайда болу қаупін едәуір азайтуға ықпал етеді.
Қатерлі ісік деген диагноз қойылғаны – үкім емес екендігін ұмытпау керек. Қазіргі уақытта хирургиялық және консервативті емдеудің заманауи әдістері көптеген қатерлі ісіктерге тиімді әсер етуде және көптеген жағдайларда аурудың бәсеңдеуіне, белгілерінің жойылуына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Ең бастысы-дәрігерге уақтылы қаралып, оның барлық ұсыныстарын орындау.