Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Құрметті достар! Онколог дәрігерлердің көшпелі мобильді бригадасының жұмысы жалғасуда! 11 және 12 қазанда ядролық медицина және онкология Орталығының мамандары Ұржар аудандық ауруханасында пациенттерді қабылдады.
Екі күн ішінде онкомаммологтың қарауынан 30 пациент, онкогинекологтың қабылдауынан 22 пациент өтті, 8 ауыл тұрғыны онкохирургтың тексеруінен өтті. Мамандар жұмысының қорытындысы бойынша қатерлі ісікке 9 күдік анықталды, есепте тұрған үш пациентке ЯМжОО-да тексеруден өту ұсынылады.
Сонымен қатар көшпелі жұмыс барысында онкологтар жергілікті мамандарға консультативтік және ұйымдастырушылық-әдістемелік көмек көрсетті. Жұмыс тобы онкологиялық көмектің жай-күйіне мониторинг және бағалау, ерте диагностика және онкологиялық сақтық мәселелері бойынша ауданның медицина қызметкерлеріне оқыту жүргізді.