Құрметті Семейліктер және қала қонақтары! Семей қаласының ядролық медицина және онкология Орталығынында ЭКГ, ЭхоКГ, сондай-ақ кардиолог пен аритмологтың кеңесін тегін өте алатындығыңызды қуана хабарлаймыз!
Зерттеулерден өту үшін Сіздерге тұрғылықты жеріңіз бойынша учаскелік дәрігерден жолдама алу қажет (көрсетілім бойынша). Бұл ретте онкологиялық орталықта есепте тұрудың қажеті жоқ. Медициналық себептер бойынша кез-келген адам тексеруден өте алады.
Зерттеуге мына нөмірлер бойынша орталықтың тіркеу бөліміне қоңырау шалу арқылы жазыла аласыздар: 8 (7222) 774800, 8 (7222) 774600, 8 (7222) 775100. Сіздерге зерттеу күні мен уақыты туралы накты мәлімет берілетін болады. Алдымен ЭКГ, ЭхоКГ-дан өтуді ұсынамыз, содан кейін ғана кардиолог пен аритмологқа жазылыңыздар.
Қалауыңызша бекітілген прейскурант бойынша ақылы негізде де тексеруден өтуге болады. Прейскурантпен біздің www.semeyonco.kz сайтымыздың “ақылы қызметтер” бөлімінде және біздің Instagram-дағы taplink сілтемесіне отіп толығырақ таныса аласыздар. Зерттеулерге жазылу біздің тіркеу орнының қосымша келесі нөмірлері бойынша да жүргізіледі: 8 (7222) 774800, 8 (7222) 774600, 8 (7222) 775100.