Радионуклидті диагностика (ядролық медицинаның диагностикалық құрамдас бөлігі ретінде) функционалдық және анатомиялық-топографиялық құнды ақпарат алуға мүмкіндік беретін молекулярлы көрінімдерінің инвазивті емес, сезімталдығы жоғары диагностикалық әдіс болып табылады.
Бұл оның жоғары сезімталдығы мен ерекшелігіне қарамастан, физиологиялық және биохимиялық процестердің динамикасын көрсете алмайтын анатомиялық және морфологиялық көрінім әдістерінен (КТ, УДЗ, МРТ) ерекшелейді.
Ашылу тарихы
2021 жылдың 1 сәуірінде Ядролық медицина және онкология орталығы базасында бөлім меңгерушісі Уразалин Амир Маратұлының басшылығымен радиоизотопты диагностика бөлімі ашылды.
Бүгінгі таңда бөлімде келесідей радиоизотопты диагностика дәрігерлері қызмет етеді: Рахимбеков Александр Владимирович, Қолдыбаева Мадина Нурланбекқызы, Түсіпжанова Айгерім Қанапияқызы, Тлебалды Райымгүл Маратқызы, Пивин Максим Русланович, Тагиров Тимур Тагирович. Сондай-ақ бөлімде Сексембаева Аида Ерікқызы және Жұмырбаева Нұргүл Амангелдіқызы сынды екі дәрігер-терапевт қызмет етеді.
Алғашқы зерттеу – қаңқа сүйектерінің сцинтиграфиясы 2021 жылдың 13 сәуірінде жасалды. Бұдан әрі қалқанша бездің сцинтиграфиясы, сүт бездерінің сцинтиграфиясы, қосалқы қалқанша бездердің сцинтиграфиясы, бүйрек сцинтиграфиясы сияқты әдістер меңгерілді. Қазақстанда алғаш рет – қалқанша бездің қатерлі ісігі бар пациенттерге йодпен бүкіл дене сцинтиграфиясы зерттеуі енгізілді.
2022 жылдың ақпан айынан бастап IBA (Бельгия) фирмасының жеке циклотронында өндірілген радиофармпрепараттарды қолдана отырып, бүкіл денеге позитронды-эмиссиялы томография (ПЭТ-КТ) жүргізілуде.
Радиоизотопты диагностика бөлімінің айрықша белгілері мыналар:
- Заманауи жаңа құрылғылар;
- Әрбір пациентке жеке ыңғай таныту;
- Зерттеудің ең жоғары дәлдігі;
- Радиациялық қауіпсіздік;
- Европа мен алыс-жақын шетелдердің алдыңғы қатарлы Орталықтарында кәсіби тағлымдамадан өткен мамандар.
Бөлімдегі құрылғылар
- Позитронды-эмиссиялы томограф Siemens Biograph mCT 64 кескінді
- Позитронды-эмиссиялы томограф Siemens Biograph True Point 16 кескінді
- Бірфотонды-эмиссиялы томограф, Siemens T16 компьютерлі томографымен біріктірілген
- Бірфотонды-эмиссиялы томограф Siemens T6
- Nucline TH Гамма -камерасы
Радиоизотопты диагностика бөлімінде жүргізілетін зерттеу әдістері:
- ПЭТ/КТ бүкіл денеге 18F-фтордезоксиглюкозамен (18F-ФДГ);
- Қалқанша без сцинтиграфиясы;
- 131I -мен бүкіл денеге сцинтиграфия;
- Қаңқа сүйектерінің ОФЭКТ/КТ;
- Қалқанша бездің қосалқыларына ОФЭКТ/КТ;
- Сүт бездерінің ОФЭКТ/КТ;
- Бүйректің ОФЭКТ/КТ.
ЯМжОО радиоизотопты диагностика бөлімінде жүргізілетін зерттеулер
С04.002.009 | Бірфотонды эмиссиялы компьютерлі томография қаңқаның статикасы (1 кескін) |
С04.004.009 | Бірфотонды эмиссиялы компьютерлі томография қаңқаның статикасы әрбір келесі кескін |
С 04.007.011 | Бірфотонды эмиссиялы компьютерлі томография сүйек-буын жүйесінің компьютерлі томографиясымен біріктірілген (ОФЭКТ КТ) |
С04.006.009 | Бірфотонды эмиссиялы компьютерлі томография қалқанша бездің статикасы |
С04.007.009 | Бірфотонды эмиссиялы компьютерлі томография қалқанша без қосымшаларының статикасы |
С04.004.011 | Қалқанша без қосымшаларының компьютерлі томографиясымен (ОФЭКТ КТ) біріктірілген бірфотонды эмиссиялы компьютерлі томографиясы |
С04.010.011 | Сүт бездерінің компьютерлі томографиясымен біріктірілген (ОФЭКТ КТ) бірфотонды эмиссиялы компьютерлі томографиясы |
C04.014.009 | Бірфотонды эмиссиялы компьютерлі томография (бүйрек динамикасының сцинтиграфиясы) |
С04.002.010 | Позитронды-эмиссиялы томография – бүкіл дененің компьютерлі томографиясы |
Радиоизотопты зерттеу Қазақстан Республикасының барлық өңірінен келген пациенттерге тегін және ақылы негізде жүргізіледі
Зерттеу алдын ала жазылу бойынша жүргізіледі
Байланыс ақпараты
Біздің координаттар: Семей қаласы, Құтжанов көшесі 3, АО денсаулық сақтау басқармасы «Ядролық медицина және онкология орталығы» ШЖҚ КМК
Тіркеу орнының телефондары:
+7 708 467 2769 (WhatsApp), 8 7222 631125

Рахимбеков Александр Владимирович
Радиоизотопты диагностика бөлімінің меңгерушісі

Колдыбаева Мадина Нұрланбеккызы
Радиоизотопты диагностика бөлімінің дәрігері

Түсіпжанова Айгерім Қанапияқызы
Радиоизотопты диагностика бөлімінің дәрігері

Тлебалды Райымгүл Маратқызы
Радиоизотопты диагностика бөлімінің дәрігері

Пивин Максим Русланович
Радиоизотопты диагностика бөлімінің дәрігері

Тагиров Тимур Тагирович
Радиоизотопты диагностика бөлімінің дәрігері

Сексембаева Аида Ерікқызы
Радиоизотопты диагностика бөлімінің дәрігер-терапеві

Жұмырбаева Нұргүл Амангелдіқызы
Радиоизотопты диагностика бөлімінің дәрігер-терапеві