Радиациялық қауіпсіздік және физикалық қорғау қызметі 2020 жылы құрылды. Радиациялық қауіпсіздік және физикалық қорғау қызметінің негізгі мақсаты – радиациялық қауіпсіздік талаптарын, нормаларын және ережелерін сақтауын бақылау, оның ішінде қызметкерлер мен пациенттердің сәулелену дозаларының қадағалау, қоршаған ортаны қорғау, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздік жағдайын тиімді басқаруға қажетті ақпаратты әкімшілікке ұсыну.
Қызметтің негізгі функциялары:
- Диагностикалық аппараттардың сапасын бақылау.
- Иондаушы сәулелену көздерімен жұмыс істеу кезінде радиациялық бақылау, соның ішінде радиациялық қауіпті құрылғылардан сәулелену дозасының қуаты мен ағынының тығыздығын өлшеу.
- Жұмыс орындарында, көршілес бөлмелерде, мекеме аумағында, санитарлық-қорғаныш аймақта, бақылау аймағында, сондай-ақ радиоактивті қалдықтарды жинау және сақтау орындарында радиациялық қорғау деңгейін тексеру.
- Бөлмелердің, жабдықтардың, жұмыс орындарының, контейнерлердің, тасымалдау құралдарының, арнайы киімдердің, жеке қорғаныс құралдарының, қызметкерлердің тері қабаттары мен киімдерінің радиоактивті ластануын бақылау және олардың дезактивация сапасын бағалау.
- Радиоактивті заттардың сұйық қалдықтардағы мөлшерін және мекеме аумағында және одан тыс жерлердегі қоршаған ортаның радиациялық ластану деңгейін бағалау.

Адильбаев Даурен Нурланович
Радиациялық қауіпсіздік және физикалық қорғау қызметінің жетекшісі

Рахманбеков Саят Талғатұлы
Радиациялық қауіпсіздік инженері

Адаспаев Азат Талғатұлы
Радиациялық қауіпсіздік инженері

Тұрсын Төлеген Аныварбекұлы
Радиациялық қауіпсіздік инженері

Өмірқан Жасұлан Серғазыұлы
Радиациялық қауіпсіздік инженері

Болатов Ерасыл Талғатұлы
Медициналық физик

Дауменова Алуа Қанатқызы
Медициналық физик