Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Құрметті пациенттер!

Ядролық медицина және онкология орталығындакөрсетілетін медициналық қызметтің сапасы туралы, пациенттердің әлеуметтік және психологиялық көмек алу мәселелері  бойынша сіз Ядролық медицина және онкология орталығы емханасының 1-қабатында орналасқан №14 Пациенттерді қолдау кабинетіне жүгіне аласыз, кабинет сағат 08.00-ден 14.00-ге дейін түскі үзіліссіз жұмыс жасайды. Телефон 8 (7222) 774159, үйлестіруші (координатор) 8 708 538 41 60.

Сізге келесі сұрақтар бойынша консультациялық көмек көрсетеді:

1.Диагностикалық емдеу медициналық қызметтерін көрсету сапасы және «осында және қазір» қағидаты бойынша басқа да мәселелер бойынша

2.Ауруды иондаушы сәулелену әсерімен (полигон) байланыстыруды анықтау үшін құжаттар жинау бойынша консультация

3. Ауруды иондаушы сәулелену әсерімен (полигон) байланыстыруды анықтау үшін құжаттарға консультация

4. Ауруды иондаушы сәулелену әсерімен (полигон) байланыстыруды анықтауға нысаналы топтағы пациенттер (стационарлық пациенттер, 70 жастан асқандар, қаладан тыс жерлерде тұратындар, жалғыз басты адамдар және т.б.) үшін құжаттар тапсыру

5.Негізгі ауруы бойынша мүгедектікке жататын пациенттер үшін құжат жинау бойынша консультация (МСЭ)

6. I, II, III топтағы мүгедектер үшін жеңілдік беру жөнінде консультация(жеке табыс салығы, транспорт құралдарына салық, жер салығы, мүлік салығы және т.б.)

7. Пациенттерді қолдау кабинеті әлеуметтік оңалтуда пациенттерді қолдауға қатысты мәселелерді үйлестіреді, қоғамдық бірлестіктермен және мемлекеттік органдармен өзара әрекеттеседі.

ПАЦИЕНТТЕР НАЗАРЫНА!

Мүгедектікке құжаттарды уақытында рәсімдеу мақсатында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының Ядролық медицина және онкология орталығында «Д» есебінде тұрған азаматтар, сіздерді хабардар етеміз:

ҚР ДСМ 30.01.2015 ж. №44 «Әлеуметтік – медиктік сараптама жүргізу Ережелерін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мүгедектікті рәсімдеу мәселесі жұмыс істемейтін (жұмыссыз, студент, зейнеткер) пациенттің диагнозы қойылған сәттен бастап 120 күн өткеннен кейін, аурудың сатысына және ағза қызметінің бұзылуына байланысты жүргізіледі.

Пациент жұмыс істеп жүрген жағдайда еңбекке жарамсыздық парағы сәйкесінше 120 немесе 180 күнге беріледі және осы мерзім аяқталған кезде тіркелу орны бойынша бөлімшелік терапевт аурудың сатысына және ағза қызметінің бұзылуына байланысты 031 (әлеуметтік-медиктік сараптамаға жолдама) нысанын рәсімдеу туралы мәселені шешеді.

ЯМжОО жетекші онкологы қолына 027 нысанды береді.