Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Диагностикалық қызметтердің ішінде клиникалық зертханалық диагностика – диагнозды уақытында қою және жүргізіліп жатқан емнің тиімділігін бақылау үшін қажетті объективті диагностикалық ақпарат көлемінің шамамен 80% беруде маңызды орын алады.

Пациентті кез-келген дерлік медициналық тексеру қан талдауынан басталады. Бұл денсаулық жағдайын жан-жақты бағалауға мүмкіндік беретін, сондай-ақ бар патологияларды, соның ішінде жасырын патологияларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік беретін қанның сапалық және сандық құрамын зерттеу.

Алынған деректер негізінде дәрігер пациентке тағайындама жасайды, ал қайтадан талдау жасау оның тиімділігін бағалауға септігін тигізеді.

Тағайындама жасауға көрсетімдер

Қан талдауы зертханалық диагностиканың ең ақпаратты және қол жетімді әдістерінің бірі болып табылады. Оларға диспансеризация өткен кезде, дәрігердің консультациясын алуға ауруханаға жүгінген кезде, жоспарлы немесе шұғыл госпитализация кезінде тағайындама жасалады. Созылмалы аурулары бар пациенттер емдеуші дәрігердің нұсқауы бойыншаталдауға мезгіл-мезгіл қан тапсырады.

Негізгі зертханалық тексеру әдістері

Қазіргі таңда зертханалық тексеру әдістерінің келесідей түрлері орындалады:

  • Қан талдауы. Бұл зертханалық тексерудің маңызды әдістерінің бірі болып саналады, өйткені ол органдар мен жүйелердің күйіндегі кез-келген патологиялық өзгерістерді анықтауға мүмкіндік береді.
  • Несеп талдауы. Ол несеп-жыныс жүйелері ауруларын анықтау үшін қолданылады. Оның көмегімен аурулардың пайда болуын немесе аурулардың бастапқы сатыларында дамуын анықтауға болады. Осындай талдау барысында алынған деректер негізінде пациентке қолайлы рацион құруға болады.
  • Қанның биохимиялық талдауы. Веналық қанның (30 көрсеткішке дейін) негізгі элементтерінің сандық құрамын бағалау арқылы, пациенттің ішкі органдарының (жүрек, ұйқы безі, бауыр және өт қабы, бүйрек, қуық) қызметтік белсенділігін анықтау. Қан биохимиясы пациенттің жалпы жағдайын бағалауға және нақты аурудың даму динамикасын объективті бақылауға мүмкіндік береді.
  • Коагулограмма — бұл қанның ұю жүйесіне байланысты төрт базалық көрсеткішті кешенді тексеру. Осы жүйенің жұмысындағы өзгерістер тромбоздар мен қан кетулерге әкеп соғады, бұл әсіресе, операцияға дайындық барысында маңызды.
  • Иммунохемилюминесцентті (ИХЛА) талдау – бұл зертханалық зерттеу, оның негізіне антитектің антиденемен иммундық реакциясы жатады.  Әдістің 90% құрайтын, жоғары сезімталдығы мен ерекшелік қабілеті бар.
Абдрахманова Гульфия Мидихатқызы

Абдрахманова Гульфия Мидихатқызы

Бірінші біліктілік санатындағы дәрігер-лаборант

Морозова Ольга Анатольевна

Морозова Ольга Анатольевна

Жоғары біліктілік санатындағы лаборант

Абылхалимова Орынтай Сапарбекқызы

Абылхалимова Орынтай Сапарбекқызы

Жоғары біліктілік санатындағы лаборант

Мадиянова Күлзайра Шайкенқызы

Мадиянова Күлзайра Шайкенқызы

Жоғары біліктілік санатындағы лаборант

Бутембаева Ақмарал Серікқызы

Бутембаева Ақмарал Серікқызы

Екінші біліктілік санатындағы лаборант