Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

Бөлім медициналық ұйымның стационарлық көмек көрсететін және дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды алған кезден бастап пациент дербес пайдаланғанға дейін олардың пайдаланылуының дұрыс басқарылуына жауап беретін, құрылымдық бөлімшесі болып табылады.

Бөлімнің негізгі міндеті – медициналық ұйымның пациенттерін қауіпсіз, тиімді және сапалы дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету және оларды ұтымды пайдалану.

Бөлім келесі қызметтерді жүзеге асырады:

дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдап алу, сақтау, есебін жүргізу, жою, орталықтан дайындау және қаптама жасап, орау одан әрі оларды медициналық ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне бөліп тарату;

қажеттілікті анықтау, дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға  өтінімдер дайындау;

медициналық ұйымның формулярлық комиссиясының жұмысына қатысу;

медициналық ұйымның дәрілік формулярын әзірлеуге қатысу;

дәрілік заттарды дұрыс жібермеу, сақтау және дайындауға байланысты анықталған дәрілік қателерді жою жөнінде шаралар әзірлеу;

қауіптілігі жоғары дәрі-дәрмектердің маркерленуіне, сақталуына мониторинг жүргізу;

бөлім жұмысының тәжірибесіне дәрілік нысандарды дайындаудың заманауи технологияларын енгізу;

бөлім жұмысының алдағы жоспарларын әзірлеу және оларды одан әрі жүзеге асыру.

дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға өтінімдерді жинау және құру;

жеткізуге өтінімдерді құру кезінде, оның ішінде жыл сайынғы өтінімді құру кезінде және оны түзетулерде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға қажеттілікті талдау және айқындау;

дәрілік заттарды және медициналық мақсаттағы бұйымдарды қабылдауды және медициналық ұйымдағы сақтау орындары бойынша таратуды жүзеге асыру;

Дәрiлiк заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды олардың сериялары мен жарамдылық мерзiмдерiн ескере отырып, дұрыс сақталуы мен есебін жүргізуді қамтамасыз ету;

 

Мухамадиева Бакыт Карабаевна

Мухамадиева Бакыт Карабаевна

Фармация бөлімінің меңгерушісі

Тарабаева Жанара Зайнуллақызы

Тарабаева Жанара Зайнуллақызы

Фармацевт

Супатаева Айгүл Мұратқызы

Супатаева Айгүл Мұратқызы

Провизор