Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

14-16.11.24 ж. Алматы қаласында “Онко Ренессанс -2024. Күзгі сессия” атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

15.11.24 ж. «Жас ғалымдар байқауы» секциясында профессор Д.Р.Мусинов атындағы Клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының докторанты Рахманқұлова Айдана Манарқызы «ҚР пациенттеріндегі радиойодрезистентті жоғары сараланған қалқанша без обырының клиникалық ерекшеліктері. Алдын ала нәтижелер» тақырыбында баяндама жасады. 16.11.24 ж. «Ядролық медицина және тераностика мектептері» секциясында Радионуклидті терапия бөлімінің меңгерушісі Есболатова Назигүл Сайлаубайқызы «Қалқанша без ауруларының радиойодты терапиясы (ЯМжОО РНТ деректері бойынша)» тақырыбында баяндама жасады.
Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының ЯМжОО базасындағы радионуклидті терапия бөлімі Қазақтан Республикасында алғашқы және әзірге жалғыз болып табылатындықтан, бүгінгі күні біздің дәрігерлердің зерттеулері өте өзекті болып табылады!
16.11.24 ж. Жас ғалымдар байқауының нәтижелері шығарылды. Докторант А.М.Рахманқұлова «Көрермендер көзайымы» номинациясын жеңіп алды.

Өкпе қатерлі ісігі: алдын алу және ерте анықтау

Абай облысы білім басқармасының «Көлік колледжі» КМҚК білім алушыларына арналған дәріс өтті. Дәріс барысында өкпе қатерлі ісігінің ерекшеліктері, оның алдын алу, анықтау және емдеу шаралары туралы сұрақтар қозғалды. Дәрісті маммология және гинекология бөлімінің дәрігері Мадина Азиатқызы Мұсылманова оқыды.
Өкпе қатерлі ісігі ― анағұрлым кең таралған онкопатологияның бірі. Ол бронх немесе альвеола шырышты қабықшадағы жасушалардың қатерленуімен сипатталады.
Өкпе қатерлі ісігінің белгілері
Өкпе қатерлі ісігінің көріністері патологиялық процестің локализациясына, оның даму кезеңіне, жақын және алыс орналасқан ішкі органдардың қатыстылығына байланысты.
Биологиялық кезең өкпе жасушаларының қатерлі ісікке айналу сәтінен басталып, рентгенологиялық белгілер пайда болғанға дейін созылады. Әдетте, бұл кезеңде клиникалық көрініс мүлдем болмайды.
Белгісі болмаған кезеңде симптомдар жоқ немесе олар соншалықты айрықша емес, адам оларды аурумен байланыстырмайды, көбінесе оларды шаршағандық пен өмірдің қатаң ырғағына сілтейді. Оларға ұйқышылдық, әлсіздік, еңбек қабілетінің төмендеуі, тәбеттің болмауы, салмақ жоғалуы жатады.
Клиникалық кезеңде симптомдары пайда болады да біртіндеп өсе береді. Өкпе қатерлі ісігінің анағұрлым кең таралған белгілері мыналар:
• жүйесіз жөтел (көбінесе шырышты-іріңді қақырықтың бөлінуімен);
• қанды қақырық;
• дауыстың қарлығуы (кезбе нервтің қысылуына байланысты);
• субфебрильді қызба;
• кеуде тұсындағы ауырсыну;
• ентігу.

Мобильді бригада Бесқарағай ауданында.

Сапалы және қолжетімді онкологиялық көмекпен қамтамасыз ету – біздің Орталықтың басым міндеті болып табылады. Осы мақсатты іске асыру үшін көптеген шаралар қолданылмақ, оның бірі – шалғай аудандардың тұрғындарына арналған көшпелі мобильді бригадалар. Көшпелі жұмыс кезінде дәрігерлер денсаулық сақтаудың әртүрлі бағыттары бойынша тексерулер мен консультациялар жүргізеді.
Осы күндері көшпелі мобильді бригада Бесқарағай ауданының бірқатар ауылдарының тұрғындарына, оның ішінде Мостик және Кананерка ауылдарының тұрғындарына қабылдаулар өткізді. Тексерулер барысында пациенттерде әртүрлі патологиялар, соның ішінде онкологияға күдікті аурулар да анықталды.

?4 қарашада Ядролық медицина және онкология орталығының онкологтардың мобильді бригадасы Курчатов қаласына, Дегелен станциясына, Молдары ауылына барды.

32 пациентті қарады, маммолог 8 пациентті қабылдады, онкогинеколог 10 пациентті қабылдады, 22 ультрадыбыстық зерттеу жүргізді, жіңішке инелі биопсия арқылы 7 материал жинады, қатерлі ісікке 1 күдік, 2 қатерлі ісік алды аурулары және 5 басқа ауру анықталды.

Онкологтардың көшпелі мобильді бригадасының жұмысы жалғасуда

Қымбатты достар! Күнделікті жұмысымызда ауылдар мен аудан тұрғындарының, әсіресе шалғайдағылардың қалаға арнайы тексеруден өтуге немесе медициналық көмектің толық кешенін алуға мүмкіндігі бола бермейтін жағдайларын жиі кездестіреміз. Бұл әртүрлі асқынуларға және азаматтардың денсаулығының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2024 жылдың 5-6 қарашасы аралығында онкологтардың мобильді бригадасының кезекті сапары болды, бұл жолы Бородулиха ауданына. Дәрігер-радиолог Светлана Рахимовна Удеринаның жетекшілігімен барған мобильді топтың құрамында онкомаммолог Бәтима Қайратқызы Жайықова және сонолог Даулет Серікханұлы Оспанов болды.
Осы күні 73 адам тексерілуден өтті, онкомаммологтың тексерілуінен 14 пациент өтті, онкохирургтың қабылдауында 19 пациент болды. Онкогинеколог ретінде Удерина Светлана Рахимовна 26 пациент қабылдады. 26 пациентке сүт бездерінің УДЗ жасалды.

ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының мамандары өткізген оқыту семинары

Бүгін біздің Орталығымызда ядролық медицина және фармацевтикада халықаралық стандарттары саласында оқыту семинарлары өтуде. Оқытуды ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының жетекші мамандары жүргізуде.
«Біздің Медициналық орталықтан Абай облысына аритмологтар, кардиохирургтер, терапевтер, ядролық медицина және тағы басқа саласындағы мамандардың үлкен тобы іс-сапармен келіп отыр, өңірдің бірқатар ауруханаларында кездесулер өткізіп келеміз. Біздің басты мақсатымыз – тәжірибе алмасу, біздің ауруханада қолданылатын диагностика мен емдеудің озық әдістемелерін өңірлерде кеңейтуге ықпал ету», – деп оқытудың негізгі мақсаттарын семинар спикерлерінің бірі, ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының ядролық медицина Орталығының радиоизотоптық диагностика бөлімшесінің меңгерушісі Тимур Сәрсенғали атап өтті.
Айта кету керек, ҚР Президентінің Іс Басқармасы Медициналық орталығы ауруханасының мамандарында Семейлік әріптестерімен бөлісетін тәжірибе аз емес сияқты. Қазіргі уақытта аурухана Қазақстанда диагностикалық тексерулер жүргізу барысында радиофармпрепараттардың 7 атауын пайдаланатын әзәрге бір ғана аурухана болып табылады. Сонымен қатар, ҚР ПІБ МО ауруханасының ядролық медицина орталығында радиоизотоптық зерттеулердің барлық түрлері, соның ішінде сцинтиграфия, ОФЭКТ/КТ және ПЭТ/КТ жүргізіледі.
«Мен сіздің ядролық медицина орталығының ішкі құрылымын көріп, мамандармен танысқаныма қуаныштымын. Сіздердің Орталықтарыңыз бүкіл ел үшін өте маңызды, себебі тек осы жерде радиоиодтытерапия қолданылады. Сонымен қатар, Орталықта қолданылатын радиофармпрепараттардың ауқымын кеңейту үшін үлкен әлеует бар. Бұл бағытта біз тығыз жұмыс істеуге, өзара ынтымақтастықты кеңейтуге, тәжірибе алмасуға дайынбыз», – деп атап өтті Тимур Сәрсенғали.
Өкінішке орай, оқыту семинарлары бір күн ғана өтеді. Алайда, екі клиниканың ынтымақтастығы болашақта тек кеңейе түсетін болады. Тимур Сәрсенғали атап өткендей, көп ұзамай ҚР ПІБ МО ауруханасының ядролық медицина орталығының базасында тікелей оқудан өту үшін біздің мамандардың Елордаға сапары жоспарланатын болады.

Сүт безі қатерлі ісігі: алдын алу және ерте диагностика

Шәкәрім атындағы №5 көпсалалы гимназияның оқушыларымен және олардың ата-аналарымен кездесу өтті. Кездесу барысында сүт безі обырының ерекшеліктері, алдын алу, диагностикалау және емдеу шаралары талқыланды. Сондай-ақ, кездесу барысында өзін-өзі диагностикалау әдістері мен сүт безі обырын ерте анықтауға бағытталған скринингтік бағдарламаларға ерекше назар аударылды.
Айта кету керек, қазіргі уақытта сүт безі обыры Абай облысында да, Қазақстанда да, жалпы әлемде де кең таралған онкологиялық аурулардың бірі болып табылады. Сүт безі қатерлі ісігімен күресудің ең тиімді әдістерінің бірі-скринингтік тексерулерден уақтылы өту.