Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы

📌 Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің жаңа көкжиектері. ҰҒОО-болашақтың озық технологиялары

Осы күнері Астанада, Ұлттық ғылыми онкология орталығында «Қазақстан Республикасындағы онкологиялық көмектің жаңа көкжиектері. ҰҒОО-болашақтың озық технологиялары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтуде. Конференция жұмысына директор, м.ғ. д., профессор Саят Таңатаров бастаған біздің Орталық мамандарының үлкен делегациясы қатысуда.
Конференция Қазақстандағы онкологиялық көмекті дамытудың кең ауқымды аспектілерін, проблемалары мен перспективаларын талқылауға, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің озық әдістері бойынша тәжірибе алмасуға, ғылым мен клиникалық тәжірибені дамытуға арналған ең үлкен диалог алаңына айналды. Конференция спикерлерінің құрамында Қазақстанның ғана емес, алыс-жақын шетелдердің жетекші сарапшылары бар.
Конференция аясында біздің Орталық мамандары да өздерінің мол тәжірибелерімен, соның ішінде қатерлі ісіктің әртүрлі локализациясын диагностикалау мен емдеуде ядролық медицинаны қолдану әдістерімен ой бөліседі. Орталығымыздың мейіргерлік іс жетекшісі Гүлнара Желпакова модераторы болған онкологиядағы мейірбике ісіне арналған секциясында радионуклидтік терапия бөлімшесінің аға мейіргері Динара Сайлаубекқызы «Радионуклидтік терапиядағы мейіргерлік істі ұйымдастыру» тақырыбында баяндама жасады.
Сондай-ақ, жақын арада директордың ядролық медицина және стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары Баян Атантаеваның «Ядролық медицина және онкология орталығында радиоиодтық терапияны енгізу тәжірибесі» баяндамасының тыңдалымы жоспарланған. Радиоизотопты диагностика дәрігері Райымгүл Тілебалды қуық асты безі обырын диагностикалауда 18F-PSMA-1007 фтор негізіндегі простата-спецификалық мембрана антигенін қолдану тәжірибесін ұсынады. Өндіріс бөлімшесінің жұмысын ұйымдастырудағы тәжірибесімен РФДП сапасын бақылау бөлімінің басшысы Бибігүл Қалиясқарова өндіірстік блок жұмысын ұйымдастыру тәжірибесімен бөліседі. Радиациялық қауіпсіздік және физикалық қорғаныс қызметінің басшысы Дәурен Әділбаев «Радинуклидтік терапияда радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Алғашқы қадамдар» тақырыбында баяндама жасайды.

📌 Арнаулы тексеру кабинеттерінің мамандарына арналған семинар

Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығының базасында аймақтық емханалардың алғашқы буындағы медициналық персоналдарына арнаулы тексеру кабинеттерінің жұмысын жетілдіру және көзге көрінеу қолжетімді локализациялардағы қатерлі ісіктердің кеш сатында анықталу көрсеткіштерін төмендету бойынша оқыту семинары өтті.
Оқытуды емхана меңгерушісі, онкохирург дәрігер Айбек Садықов және күндізгі стационардың меңгерушісі, радиолог дәрігер Наталья Карнакова жүргізді. Семинар барысында онкоқырағылықты арттырудың, оның ішінде қатерлі ісікті ерте сатысында анықтауда бастапқы буын дәрігерлерінің, арнаулы тексеру кабинеттері жұмысының маңыздылығы, көзге көрінеу қолжетімді локализациялардағы қатерлі ісіктердің түрлері мен ерекшеліктері, пациенттерді тексеру алгоритмдері және т.б. өзекті мәселелері талқыланды.
Ерте анықталған дерттер, әсіресе онкологиялық аурулар – пациенттің денсаулығына аз зақым келтіріп, тиімдірек емделеді. Сондықтан онкоқырағылық қатерлі ісікпен күресте ең маңызды басымдықтардың бірі болып табылады. Осы мәселелердің барлығын талқылай отырып, онкологтар арнаулы тексеру кабинеттерінің мамандарын ғана емес, пациенттерді де оз денсаулықтарына қырағы болуға шақырды.

Абай облысындағы онкологиялық қызметті Үйлестіру кеңесінің отырысы: 1 тоқсанның қорытындылары

Жақында Абай облысындағы онкологиялық қызметті Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кездесуге өңіріміздің барлық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарының онкологтары мен бас дәрігерлері қатысты.
Үйлестіру кеңесінің отырысында биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы онкологиялық қызметі жұмысының қорытындысы айтылды, оның ішінде онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асырудың маңызды индикаторлары ұсынылды. Сондай-ақ, өңірдегі онкологиямен сырқаттанушылық көрсеткіштері, онкологиялық аурулардың асқынған жағдайлардың алдын алу шаралары және қатерлі ісіктерді ерте анықтау бойынша қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігі талқыланды. Біздің Орталықтың 2025 жылдың үш айындағы жұмыс нәтижелері туралы директордың емдеу-диагностикалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Баян Бекетова баяндама жасады.

📌 Халықаралық ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Ядролық медицина және онкология Орталығы халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуде. Осы күндері Ресейдің Томск қаласының политехникалық университетінің басшылығымен директор Саят Таңатаров бастаған Орталықтан делегация кездесулер өткізуде. Орталық делегациясының құрамында бас инженер Медет Идинов пен радиациялық қауіпсіздік және физикалық қорғау бөлімшесінің меңгерушісі Дәурен Әділбаев қатысуда.
Сапардың басты мақсаты – біздің Орталық пен университет арасында екіжақты ынтымақтастық орнату болды. Айта кету керек, Томск қаласының политехникалық университеті білім берудегі және «Ядролық технологиялар», оларды денсаулық сақтау сияқты бейбіт салаларында қолдану бағыттарында Ресейдің көшбасшыларының бірі болып табылады. Дәл осы ядролық технологиялар мен ядролық медицина салалары екіжақты ынтымақтастықта басымдыққа ие болады.
Осылайша, Томск Политехникалық университеті ядролық технологиялар инженерлік мектебінің директоры, ф. -м.ғ. к. Олег Долматовпен кездесу барысында медициналық физика, радиофармпрепараттар өндірісі және радиациялық қауіпсіздік сияқты бағыттардағы екіжақты ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Сондай – ақ, МАГАТЭ қамқорлығымен аймақтық хаб-құзыреттер орталығының құрылуын талқылау кездесудің жеке тақырыбы болды. Томск қаласындағы политехникалық университеттің серіктестері бұл жобаны жүзеге асыруға көмек көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.
Екіжақты ынтымақтастықтың басымдықтары ретінде Ядролық медицина орталығының базасында ТПУ студенттері үшін клиникалық базаны құру мәселесі де талқыланды. Осы және басқа да көптеген ынтымақтастық бағыттары таяу болашақта екіжақты ынтымақтастық туралы меморандуммен бекітілетін болады, оның егжей-тегжейлері де кездесу барысында талқыланды. Орталығымыз бен Томск қаласының политехникалық университетінің ынтымақтастығы туралы Меморандумға осы жылдың шілде айында өтеді «U-NOVUS» жас ғалымдардың Бүкілресейлік форумы барысында қол қойылады деп жоспарлануда.

Ғылым-прогрестің негізгі қозғаушысы

2025 жылғы 18 сәуірде Ядролық медицина және онкология орталығында ғылыми-клиникалық кеңестің — Орталықтың ғылыми-білім беру және клиникалық-зерттеу қызметін үйлестіруге және бағыттауға арналған консультативтік-сараптамалық органның бірінші отырысы өтті. Кеңестің құрылуы қазіргі заманауи талқылаулар мен медицина мүмкіндіктері контекстінде ғылым мен клиникалық практиканы ықпалдастырудың стратегиялық бағытын көрсететін ұйымның дамуындағы маңызды кезең болып табылады.
Айта кету керек, Орталықтың ғылыми құрамдас бөлігі жаңа бағыт емес; керісінше, оның есімдері зор құрмет пен алғысқа лайық отандық онкологтар мектебінің күш-жігерімен қаланған берік іргетасы бар. Дәл осы негізде бүгінгі күні дамудың жаңа кезеңі – пәнаралық тәсілдерге, заманауи технологиялық шешімдерге және ғылыми білімді клиникалық ортаға тарату қажеттілігінің артуына негізделген.
Кеңес әртүрлі салалардың өкілдерін біріктіреді: клиникалық онкология, радиотерапия, ядролық медицина, радиохимия, медициналық физика, биология және онымен байланысты пәндер. Мұндай құрам ең өзекті қолданбалы шешімдер туындайтын білімнің қиылысында ғылыми бастамаларды қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Кеңес жұмысының басымдықтарының қатарына ұжым ішінде ғылыми мәдениетті қалыптастыру, зерттеу бастамаларын қолдау, іргелі және қолданбалы медицина жобаларын дамыту, жас мамандар үшін тұрақты білім беру базасын қалыптастыру, Орталық қызметкерлерін ұлттық және халықаралық зерттеу бағдарламаларына тарту, жарияланым белсенділігін кеңейту және ғылыми диалогты ілгерілету жатады.
Ядролық медицина және онкология орталығының мамандары айтарлықтай клиникалық және пәнаралық әлеуетке, ұлттық деңгейде ғана емес, халықаралық деңгейде де қызығушылық тудыратын орасан зор тәжірибеге ие. Жүргізілген жұмыстың үлкен көлемі, ядролық медицина технологияларын дамыту және клиникалық тәжірибені жүйелеуге ұмтылысты зерттеу нәтижелерін қазіргі заманғы медицина ғылымының неғұрлым кең контекстіне біріктіруге мүмкіндік береді. Осылайша, орталықтың Қазақстанда да, одан тыс жерлерде де қолданбалы онкология мен медицинаны дамытуға тұрақты үлесі үшін алғышарттар жасалады.

С.З.Танатаровқа қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атақ беру үшін құжаттарды тапсыру туралы хабарландыру

«Ғылыми атақтарды (қауымдастырылған профессор (доцент), профессор) беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы №128 бұйрығына сәйкес толықтырулар мен өзгертулермен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім Министрінің 05.09.2024 жылғы №435 бұйрығына сай Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының “Ядролық медицина және онкология орталығы” ШЖҚ КМК өтініш беруші туралы ақпаратты жариялайды: Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының “Ядролық медицина және онкология орталығы” ШЖҚ КМК-ның директоры, м.ғ.к., Танатаров Саят Замамбековичке қауымдастырылған профессор (доцент) ғылыми атағын беруге.

Тіркелген құжаттар

Ядролық медицина және онкология орталығы-Ұлттық ядролық орталық: екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

Бүгін Орталық директоры, м.ғ. д., профессор Саят Таңатаров бастаған біздің мамандар тобы Курчатов қаласында жұмыс сапарымен Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы мамандарымен кездесті. Сапардың басты мақсаты екіжақты ынтымақтастықты, оның ішінде ғылым, ядролық медицина және радиациялық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты жолға қою болды.
Атап өту керек, Ұлттық ядролық орталығы ядролық физика және атом энергетикасын дамыту, ядролық және радиациялық технологияларды әзірлеу, ядролық сынақтардың салдарын жою, ядролық қаруды таратпау режимін қолдау, бейінді мамандықтар бойынша кадрлар даярлау сияқты салаларда елімізде көшбасшы болып табылады. Осы бағыттар бойынша ҚР ҰЯО орындайтын жұмыстардың нәтижелері халықаралық ұйымдар мен сарапшылардың жоғары бағасына ие болды. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы экология, ядролық қаруды таратпауды бақылау, тау-кен ісі, атом энергетикасының қауіпсіздігі, медицина және т.б. сияқты мәселелердің ауқымды кешені бойынша бірқатар ірі халықаралық жобалар орындалатын іс жүзінде Халықаралық ғылыми-зерттеу орталығына айналды.
Осында біздің Орталық мамандары үшін Ұлттық ядролық орталықта ғылыми-техникалық жобалар қаншалықты ауқымды түрде жүзеге асырылып жатқаны туралы экскурсия ұйымдастырылып, экспозициялық залдарда айқын көрсетілді. Әсіресе, Семей ядролық полигонының тарихына арналған көрме залын ерекше атап өтуге болады. 40 жылдан астам сұмдық жойқын күштің қаруын сынауға қызмет еткен орын мен инфрақұрылым бүгінде бейбіт атом энергетикасын дамытып, қоғам игілігіне қызмет етуде.

2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы.

Бүгін барлық өңірлердегі онкологиялық ұйымдар басшыларының қатысуымен 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы еліміздің онкологиялық қызметінің қорытындысы бойынша Республикалық үйлестіру кеңесі өтуде.
Отырыс барысында өңірлердің бас онкологтарының есептері ұсынылды, әр өңірдің проблемалық мәселелері талқыланды, сондай-ақ «Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі кешенді жоспарды» іске асыру қорытындылары айтылды.
Отырыс барысында Ядролық медицина және онкология Орталығының директоры, м.ғ. д., профессор Саят Таңатаров облыстың онкологиялық қызметінің бірінші тоқсанындағы жұмыс қорытындылары туралы баяндама жасады. Орталық директоры өз сөзінде өңірде 2024 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылықтың саны шамалы 0,8% – ға өсуі байқалғанын атап өтті. Онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімдің 7,3% – ға төмендегені де айтылды. Қазіргі уақытта қатерлі ісіктердің ең қауіпті локализацияларының қатарында – өкпе, асқазан және простата обыры.
Сондай-ақ, өз сөзінде ауру көрсеткіштерінен басқа, Орталық директоры өңірдің онкологиялық қызметі жұмысының басқа да аспектілерін атап өтті. Оның ішінде емдеу-диагностикалық жұмыстар, онкологияны ерте анықтау, қатерлі ісіктің асқынған жағдайларын азайту, ядролық медицинаны одан әрі дамыту, Орталықтың инфрақұрылын нығайту жайында айтылды.
Өңірімізде Қазақстанда іске асырылып келетін скринингтік бағдарламаларды қолдануға ерекше назар аударылды. Айта кету керек, Орталығымызда осы бағытта бірнеше жетістіктер бар. Атап өтетін болсақ, Орталық директорының бастамасы бойынша азаматтардың скринингтік тексерулерден өту барысы мен тиімділігін бақылауға мүмкіндік беретін арнайы ақпараттық жүйе әзірленіп, енгізілуде. Сонымен қатар, қазіргі уақытта ядролық медицина және онкология орталығының базасында сараптамалық эндоскопиялық орталықты іске қосуға дайындық жұмыстары аяқталуда. Оның іске қосылуымен Орталық ас қорыту органдарын эндоскопиялық диагностикалық зерттеулерде өзінің мүмкіндіктерін едәуір кеңейтететін болады.

✅ Ізгі тілектермен, құттықтаймыз!

«АМАNАТ» партиясы Абай облыстық филиалының Саяси кеңес Бюросының шешімімен Ядролық медицина және онкология орталығының директоры, м.ғ. д., профессор Саят Таңатаров партиялық тізімдер бойынша Абай облыстық мәслихатының депутаты болып сайланды. Бүгін таңертеңгі кезекті жұмыс жиынында Орталығымыздың ұжымы Саят Замамбекұлын салтанатты түрде осы айтулы оқиғамен құттықтады. Орталық қызметкерлері өз құттықтауларында Абай облыстық мәслихатының депутатына амандық, өңірдің игілігі жолындағы еңбегіне сәттілік пен жетістіктер тіледі!

III аймақтық химия және биология пәндерінен олимпиада Семей қаласында өтті

27-28 наурызда Семей қаласының «Мектеп жанындағы интернаты бар № 42 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-да Жәкула Күшікұлы атындағы химия және биология пәндерінен III аймақтық олимпиада өтті. Олимпиадаға Абай және Шығыс Қазақстан облыстарынан 9-10 сынып оқушылары қатысты. Бұл шара жыл сайын Өскемен қаласында өтетін, бірақ биыл алғаш рет Семейде ұйымдастырылды.

Олимпиаданы «Асқар Жакулин атындағы қайырымдылық қоры» ұйымдастырды. Қор Абай облысының денсаулық сақтау басқармасының Ядролық медицина және онкология орталығымен көп жылдан бері ынтымақтастықта жұмыс істеп келеді. Қайырымдылық қоры орталыққа заманауи жабдықтар сыйлап, онкологиялық ауруларға шалдыққан науқастарға көмек көрсетуде. Бүгінгі күні қор 50 миллион теңгеден артық тегін көмек көрсетті.

Олимпиаданың жабылу салтанатына ЯМО орталығының директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор С.З. Таңатаров қатысып, жеңімпаздарды құттықтап, марапаттауға қатысты. Ол оқушыларға бұл олимпиаданың үлкен қолдау және ынталандыру екенін айтып, болашақта биік жетістіктер тіледі.

Жеңімпаздар:

  • III орын: диплом, медаль және 30 000 теңге сыйлық

  • II орын: 80 000 теңге ақшалай сыйлық

  • I орын: 150 000 теңге ақшалай сыйлық

Қор директоры Гүлнар Сейдолла ЯМО орталығының директорына өз ризашылығын білдірді.

#Олимпиада #Білім #Семей #ЖәкулаКүшікұлы #ҚайырымдылықҚоры #ЯдролықМедицина #Онкология #АбайОблысы

Біздің Орталығымызда кезекті Ашық есік күні өтті!

Колоректалды қатерлі ісіктердің алдын алу және ол туралы хабардарлықты арттыру айлығы аясында біздің Орталық ашық есік күнін өткізді. Іс шара барысында бірнеше ондаған тұрғын тегін тексеруден өтіп, дәрігер онкологтардан кеңес алды. Осылайша, 23 пациентте бірінші рет онкологиялық аурулар және қатерлі ісік ауруларына күдік анықталды. Тағы да 23 адамда басқа аурулар анықталды.
Айта кету керек, дер кезінде скрининг өту, қатерлі ісік ауруларын аурудың бастапқы сатыларында анықтауға және оңтайлы ем таңдауға мүмкіндік береді. Сондықтан, біз сіздерді жүйелі түрде дәрігерлік тексеруден өтіп тұруға және дер кезінде көмекке жүгінуге шақырамыз.

✅Ядролық медицина және онкология орталығында СМУ КеАҚ кафедрасының

қызметкерлерімен бірлескен «Паллиативтік көмекті қажет ететін пациенттердің ауырсынуын кезең-кезеңмен басу әдісіне жоғары медициналық білімі бар мамандарды оқыту» атты семинар өтті. Практикалық сабақ Абай облысындағы қатерлі ісікке қарсы күрестің 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарын іске асыру аясында өткізілді.
Семинарға облыс аудандарынан және Семей, Курчатов қалаларынан 25 дәрігер қатысты. Семинар барысында Паллиативті көмек және медициналық оңалту бөлімінің меңгерушісі Ғ.Р.Пазылжанов және профессор Д.Р.Мусинов атындағы клиникалық онкология және ядролық медицина кафедрасының меңгерушісі, доктор PhD, қауымдастырылған профессор Б.А.Апсаликов баяндама жасады. Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың барлығы біздің Орталықтың сертификатын алды.

Адам папилломавирусы-алдын алу және емдеу

Бүгін Орталығымыздың онкологтары «Авиценна» жоғары медициналық колледжінің студенттеріне көшпелі дәріс өткізді. Кездесу тақырыбы – адам папилломавирусының алдын алуы болды. Дәрісті онколог-дәрігер Маржан Жақупаева оқыды. Спикер өз сөзінде адам папилломавирусының маңызды ерекшеліктерін, оның ішінде пайда болу себептерін, негізгі белгілерін, сондай-ақ алдын алу және емдеу әдістерін айтты. Адам папилломавирусының алдын алудың тиімді шараларының бірі – вакцинацияға ерекше назар аударылды.

Білгенге абзал!

«Колоректальды қатерлі ісік» тоқ ішек пен тік ішектің эпителийінде локализацияланған қатерлі ісіктерді біріктіретін ұғым. Көптеген онкологиялық аурулардың ішінде бұл патология ең аз талқыланатын дерт, демек мүмкін осыған байланысты дерттің айналасында көптеген мифтер пайда болып, пациенттердің арасында талай алаңдаушылыққа себеп болды. Алайда бүгінгі таңда қолданып келетін қатерлі ісік ауруын алдын алу тәсілдері КҚІ-ін ~ 95%-ын болдырмауға мүмкіндік береді дегенге сенім бар деп айтуға болады.
Әлемнің дамыған елдерінің статистикасы өкпенің қатерлі ісігінен басқа кез келген басқа локализациядағы қатерлі ісіктермен салыстырғанда алғаш рет анықталған тоқ ішек және тік ішек қатерлі ісіктерінің тұрақты өсуін көрсетеді.
Колоректальды қатерлі ісік көбінесе полиптен,қатерлі емес ісіктің үлкеюінен басталады. Егер полип емделмесе немесе жойылмаса, ол қатерлі ісікке айналуы мүмкін.
Полиптердің бірнеше формалары бар: Аденоматозды полиптер. Оларды колоноскопия арқылы анықтауға болады. Қатерлі ісікке дейінгі түрі болып саналады. Гиперпластикалық полиптер тоқ ішек пен тік ішекте де дамуы мүмкін. Олар ісік алды деп саналмайды. Полиптерді колоноскопия кезінде оңай анықтауға болады, өйткені олар әдетте тоқ ішектің беткі жағынан көтеріледі. Тоқ ішек полиптерінің шамамен 10% – ы жалпақ, егер оларды оқшаулау үшін бояғыш қолданылмаса, колоноскопия арқылы анықтау қиын болады. Бұл жалпақ полиптердің қатерлі ісік ауруына дамудың қаупі жоғары болады.
Аурудың бас кезеңдерде денсаулыққа байланысты проблемалар туғызбайды -әдетте олар кейінірек, ісік үлкен мөлшерге дейін өскеннен немесе басқа тіндерге зақым келтіргеннен кейін пайда болады. Сондықтан қатерлі ісіктің басқа локализациясы сияқты, скринингтік тексерулерден уақтылы өту өте маңызды екенін ұмытпау жөн.

🌹 Мерекелеріңізбен, қымбатты ханымдар!

Құрметті достар! Міне, баршамызға сүйікті көктем мерекесі 8 наурыз да келіп жетті. Жыл сайын тамаша мереке күндері біз қымбатты және сүйікті әжелерімізді, аналарымызды, әйелдерімізді, әпкелерімізді құрметтеп, ақ тілектерімізді білдіруге асығамыз! Осы көптен күткен мереке қарсаңында Ядролық медицина және онкология орталығында салтанатты іс-шара өтті, бұл күні біздің қымбатты әріптестеріміз құттықтау сөздер мен ізгі тілектерімізді қабыл адады!
Салтанатты шараны Орталығымыздың директоры, м. ғ. д., профессор Саят Таңатаров құттықтау сөзімен ашты! Өз сөзінде әйелдердің отбасылық, мәдени құндылықтарды сақтауға, қоғамдағы достық пен өзара түсіністікті нығайтуға қосқан ерекше үлесін атап өтті, сондай-ақ өңірдің онкологиялық қызметінің жұмысындағы ерекше маңыздылығы да аталды.
«Біздің ұжымның барлық ерлер атынан сіздерді алдағы Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын. Баршаңызға отбасылық амандық, мол бақыт, көктемгі көңіл-күй, қуаныш және зор денсаулық тілеймін», – деді Саят Таңатаров әріптестеріне!
Салтанатты іс-шара барысында директордың медициналық бөлім және медициналық қызметтер сапасын бақылау жөніндегі орынбасары Баян Бекетова, паллиативтік терапия бөлімшесінің меңгерушісі Ғабиден Рахымжанов, емхана меңгерушісі Айбек Садықов және онколог дәрігер, химиотерапевт Нұрбол Елемесов те құттықтау сөз сөйледі. Салтанатты іс-шараны жарқын және әсем концерттік бағдарлама қорытындылады!

✅Орталығымыздың хирургтары ұйқы безінің қатерлі ісігі бар науқасқа гастропанкреатодуоденальды резекцияны сәтті жасады.

Жақында біздің Орталығымыздың хирургтар тобы ұйқы безінің бас жағында қатерлі ісігі бар науқасқа күрделі ота жасады, ота барысында ұйқы безінің ісікпен зақымдалған басы, он екі елі ішек, асқазанның дистальды бөлігімен, холедоханың резекциясы жасалды.
Медициналық терминологияда бұл ота гастропанкреатодуоденальды резекция немесе Уиппл отасы деп аталады. Әдетте, бұл отаны тағайындаудың көрсеткіштері ұйқы безі басының, холедохтың терминалды бөлімінің, үлкен он екі елі ішектің және он екі елі ішектің верификацияланған ісік зақымдануы, сондай-ақ аталған локализациядағы қатерлі процесті жоққа шығара алмау болып табылады. Сонымен қатар, кейбір жағдайларда созылмалы панкреатитпен ауыратын науқастарға тағайындалады. Гастропанкреатодуоденальды резекция өте күрделі болып саналады, себебі науқастың зардап шеккен бірқатар органдары жойылады, сондықтан отаны жүргізуге жоғары білікті мамандар мен заманауи жабдықталған оперблок қажет.
«Біз 1-ші сатыдағы ұйқы безі басының ісігі бар науқасқа ота жасадық. Бұған дейін науқас химиотерапия курстарынан өткен. Отаның күрделі болып саналатынына бірнеше себептер бар. Зақымдалған органды алып тастағаннан кейін асқазан-ішек жолын қалпына келтіру қажет: анастомоздар қолданылады – ұйқы безі, өт жолдары, асқазан аш ішекпен қайта қосылады. Осындай әрекеттер тәуекелдерді арттырады, отаны едәуір қиындатады»,-деп атап өтті хирургия бөлімінің меңгерушісі, хирург-онколог Онищенко Максим Борисович.
Операцияға хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Максим Онищенконың басшылығымен хирургтардың бір тобы, оның ішінде хирургтар Асхат Қабыкенов, Әміржан Абешов, Аманжол Қанапиянов және Айдар Маженов жұмылдырылды. Жалпы алғанда, ота жеті жарым сағаттан астам уақытқа созылды.
«Соңғы рет біздің Орталығымызда осындай ота 2019 жылы профессор Адылханов Тасболат Алпысбесұлының басшылығымен жүргізілген болатын. Мұның өзі аталмыш отаның күрделілігінің тағы бір дәлелі. Бес жылдан астам уақыт ішіндегі үзілістен кейін мұндай күрделі оталарды қайта жалғастырдық. Бұл біздің хирургтар, анестезиологтар, реаниматологтар, мейіргерді қоса алғанда, үлкен команданың күш-жігері мен үйлесімді жұмысының арқасында мүмкін болғанын атап өткім келеді. Бізде жоғары білікті мамандар, заманауи жабдықталған оперблок бар. Осының арқасында отаның күрделілігіне қарамастан, ота ешбір асқынуларсыз сәтті өтті», – дейді Максим Онищенко.
Хирургия бөлімінің меңгерушісі атап өткендей, қазіргі уақытта науқастың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ, қазір ол операциядан кейінгі қалпына келтіру кезеңінде, біраз уақыттан кейін гастропанкреатодуоденальды резекцияның нәтижелерін бекіту үшін тағы химиотерапия курстарынан өтетін болады. Науқас қалпына келгеннен кейін, арнайы диетаны ұстануы керек, өйткені ағзаның ас қорыту жүйесі өзгерді, бірақ тұтастай алғанда ол толыққанды өмір салтын жүргізе алады.

4 наурыз – адам папиллома вирусы туралы Халықаралық хабардарлық күні

Бүгін, 4 наурызда бүкіл әлемде адам папиллома вирусы (АПВ) туралы Халықаралық хабардарлық күні атап өтіледі. Бұл күн 2018 жылы папиллома вирустарды зерттеу жөніндегі Халықаралық қоғамның (IPVS) бастамасымен қатерлі ісіктер мен АПВ-мен байланысты басқа аурулар және олардың алдын алу жолдары туралы хабардар болу мақсатында бекітілген болатын.
Бұл күн ел басшылығы мен адамдарды АПВ таралуына қарсы шаралар қабылдауға және АПВ вакцинациясы мен скрининг сияқты алдын алу стратегияларын тиімдірек пайдалануға ынталандыруға арналған.
АПВ мен жатыр мойны обыры арасындағы байланыс 1970 жылдардың ортасында анықталған болатын, кейіннен ғалымдар АПВ ерлер мен әйелдерде басқа да қатерлі ісіктерді тудыруы мүмкін екенін анықтады. Сондай-ақ, АПВ алдын алудың ең тиімді әдісі вакцинация екені

Колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және хабардарлықты арттыру айлығы өтуде

Құрметті достар! Наурыз айы бойы біздің Орталығымызда колоректальды қатерлі ісіктің алдын алу және хабардарлықты арттыру айлығы өтеді. Осы уақыт ішінде біздің онкологтарымыз колоректальды қатерлі ісіктің ерекшеліктері, оның ішінде алдын алу, ерте диагностика және емдеу әдістері туралы айтатын болады. Айлықтың тағы бір тақырыбы – адам папилломавирусының алдын алу. Сонымен қатар наурыз айында Орталығымызда кезекті Ашық есік күні өтеді деп жоспарлануда, оның барысында кез келген адам алдын ала жазылусыз, дәрігердің жолдамасынсыз біздің онкологтардан тегін кеңес алып, кешенді тексеруден өте алады. Іс-шараның күнін кейінірек әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда хабарлайтын боламыз. Сондықтан біздің жаңалықтарымызды қадағалап отыруды ұмытпаңыздар және пайдалы сілтемелермен бөлісуді сұраймыз.

✅Шын жүректен, рақмет!

Көктемнің алғашқы күнімен Қазақстанда тамаша мерекелердің бірі- Алғыс айту күні атап өтіледі! Бұл талай ғасырлардан келе жатқан дәстүрлі мерекенің басты мақсаты – көпұлтты еліміздің өзара достығы мен түсіністігін нығайту болып табылады. Осы күні баршамыз жақындарымызға, достарымызға, әріптестерімізге және көршілерімізге алғыс айтып, жылы лебіздерімізді білдіріп, бір-бірімізге жақсы көңіл-күй сыйлауға мүмкіндігіміз бар!
Міне, осы тамаша мүмкіндікті пайдалана отырып, біз де дәрігерлерімізге, ақ халатты абзал жандарға, сондай-ақ барлық медицина қызметкерлеріне жауапты, қиындығы мол, бірақ өте қажет, маңызды еңбектері үшін шексіз алғысымызды айтқымыз келеді! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, бірлігіміз бекем болсын достар!

✅ Call-Center өз жұмысын жаңартуда

Құрметті пациенттер, оқырмандар. Біздің орталығымыздың Call-Center жаңартылған нөмірлер бойынша жұмыс істейтінін хабарлаймыз. Енді емханамызға +7 (7222)69-42-16 және +7(702)075-07-80 нөмірлері бойынша қоңырау шала аласыздар. Радионуклидті диагностика бөлімшесі – +7(7222)69- 42-18 және +7 (702)075-07-81.

Химиотерапияның даму перспективалары

Ядролық медицина және онкология орталығында химиотерапевтерге арналған семинар өтті. Онда дәрігерлер онкологиялық ауруларды емдеудің заманауи тәсілдерін талқылады. Дәріскер ретінде еліміздің басқа қалаларынан мамандар шақырылды. Павлодар қаласының облыстық онкологиялық диспансерінің химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі Еркін Дүйсенбинов МЖЛ-дың заманауи терапиясы туралы айтып берді. Өскемен қаласының онкология және хирургия Орталығының химиотерапия бөлімшесінің онкологы Әлия Тюленева «Аналық без обырын емдеудегі жаңа тәсілдер» тақырыбында баяндама жасады. Өскемен қаласының онкология және хирургия Орталығының химиотерапия бөлімінің меңгерушісі Гүлжанат Қайдарова аналық бездің қайталама эпителиалды қатерлі ісігі барысындағы демеуші терапияның заманауи мүмкіндіктері туралы айтып берді.

✅Халықаралық қатысулармен «Тераностиканы енгізу бойынша ұлттық оқыту курсы» атты шеберлік сабағы басталды

Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығында халықаралық қатысулармен «Тераностиканы енгізу бойынша ұлттық оқыту курсы» атты шеберлік сабағы басталды. Шеберлік сабағының жұмысына Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген әртүрлі клиникалары мен ғылыми Орталықтарынан ядролық медицина саласының мамандары қатысуда. Дәріс берушілер ретінде Еуропаның жетекші ғылыми Орталықтарынан ядролық медицина саласындағы сарапшылар шақырылды. Олардың қатарында АЭХА-нің сарапшысы, АЭХА-ның ядролық медицина және диагностикалық визуализация бөлімінің маманы, профессор Франческо Джаммариле, Брюссель университеті ауруханасы Жюль Борде институтының медицина физигі – Хьюго Леввилен, Брюссель университеті ауруханасы Жюль Борде институтының ядролық медицина дәрігері – Фламен Патрик, сондай-ақ университеттік медициналық Орталықтың радиохимигі – Гронинген Эрик де Врис бар.
Кездесуді аша отырып, Абай облысы әкімінің орынбасары Қуаныш Сулейменов шараның құрметті қонағы ретінде сөз сөйледі. Ол ең алдымен, денсаулық сақтау саласын қарқынды дамыту еліміздің басты басымдықтарының бірі болып табылатынын, ол үкімет пен облыс басшылығының ерекше бақылауында екенін айтты. Сондай-ақ онкологиялық қызмет пен ядролық медицинаны дамыту қажеттігін де атап өтті.
«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев, Үкімет және облыс басшылығы еліміздегі медицинаның қарқынды дамуы үшін көп күш салуда. Дегенмен, денсаулық сақтау саласында, әсіресе онкологиялық ауруларға қатысты қол жеткізген жетістіктермен тоқталып қалуға болмайды. Мұндай қатерлі ісік сияқты ауыр дертке шалдыққан еліміздің әрбір тұрғыны өз елінде барлық қажетті заманауи ем алғаны маңызды. Сондықтан, мен бүгінде ядролық медицина сияқты болашағы зор саланы белсенді дамытып жатқан шетелдік әріптестерімізге, отандық мамандарға ризашылық білдіргім келеді. Біздің ынтымақтастығымыз уақыт өте келе нығайып, кеңейе түседі деп сенемін. Жеке өз атымнан және Абай облысының әкімі Берік Уәлидің атынан баршаңызға сәттілік, еңбектеріңізге жетістік тілеймін», – деді Қуаныш Сулейменов.
Құрметті қонақтар қатарында Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Талғат Молдабеков те құттықтау сөз сөйледі. Ол онкологиялық ауруларды диагностикалау және емдеу мүмкіндіктерін жақсарту үшін ядролық медицинаны дамытудың маңыздылығын атап өтіп, шеберлік сабағының жұмысына сәттілік, қатысушыларға тындырымды еңбек тіледі.
Іс-шараның құрметті қонақтары қатарында «СМУ» КеАҚ Басқарма төрағасы –ректоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Алтай Дюсупов та сөз сөйледі. Ол өз сөзінде университет пен біздің Орталық арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті айта келіп, оның ішінде мамандарды дайындау, практикалық денсаулық сақтау және ғылыми зерттеулері мәселелеріне ерекше тоқталды. Сондай-ақ, ол осы шеберлік сабағының арқасында ядролық медицина саласы айтарлықтай серпін алып, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын атап өтті.
Орталық директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Саят Таңатаров та қонақтарға жылы лебіз білдіріп, Орталықтың ядролық медицинаны дамытуға, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа мүмкіндіктерін енгізуге бағытталған маңызды басымдықтарын айтып берді.
«Алдымыздағы бес күн ішінде ядролық медицина саласында, соның ішінде радиофармацевтикалық препараттарды өндіру, оларды қатерлі ісік ауруларын диагностикалау мен емдеуде қолданудың көптеген мәселелері талқыланатын болады. Біз тәжірибемізге енгізуді мақсат етіп отырған тераностика – бұл қатерлі ісік ауруларын диагностикалау мен емдеудегі мүмкіндіктерімізді айтарлықтай кеңейтетін дамудың жаңа кезеңі. Бүгін басталып отырған шеберлік сабағы біздің Орталық үшін ғана емес, еліміздің басқа өңірлеріндегі әріптестеріміз үшін де маңызды іс шара болып табылады, себебі бүгінде Қазақстанның басқа аймақтарында да ядролық медицина саласы белсенді дамып келеді. Сондықтан АЭХА-ның сарапшыларына шын жүректен алғысымды білдіремін және барлық әріптестеріме жұмыстарына жетістік тілеймін», – деді Саят Таңатаров.
Шеберлік сабағы апта бойына жалғасады, осы уақыт ішінде онкологиядағы тераностиканың маңызды аспектілері талқыланатынын айта кету керек. Радиофармацевтикалық препараттарды өндіру, синтездеу және сапасын бақылаудағы шетелдік тәжірибе, сондай-ақ нақты диагностиканы, емдеуді жоспарлауды және радионуклидті терапияны қамтамасыз ету үшін ПЭТ/КT және ОФЭКT/КT сияқты көрнекілеу әдістерін терапиялық процедуралармен біріктіру тәжірибесі ұсынылатын болады. Тераностиканы клиникалық тәжірибеге енгізу үшін радиологтар, ядролық медицина дәрігерлері, медицина физиктері және онкологтар арасындағы тиімді өзара әрекетті қамтамасыз ету тәсілдері. Радиациядан қорғау және қауіпсіздік саласындағы шетелдік тәжірибелер көрсетіледі. Алынған білім Орталыққа ядролық медицина саласында жаңа тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді және тераностиканың дамуының маңызды кезеңіне айналады.

✅Халықаралық қатысулармен «Тераностиканы енгізу жөнінде ұлттық оқу курсы» атты шеберлік сабағы өтеді.

2025 жылғы 24-28 ақпанда Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің (АЭХА) көмегімен Ядролық медицина және онкология орталығының базасында Халықаралық қатысулармен «Тераностиканы енгізу жөнінде ұлттық оқу курсы» атты шеберлік сабағы өтеді. Шеберлік сабағының дәріскерлері ретінде жақын және алыс шетелдердің, оның ішінде Бельгия, Нидерланды, сондай-ақ Қазақстанның жетекші ғылыми орталықтары мен клиникаларының ядролық медицина саласындағы сарапшылары қатысады.
Шеберлік сабағы барысында онкологиядағы тераностиканың маңызды аспектілері талқыланады. Радиофармпрепараттарды өндірудің, синтездеудің, сондай-ақ сапасын бақылаудың шетелдік тәжірибесі, дәл диагностикалау, емдеуді жоспарлау және радионуклидтік терапияны жүргізуді қамтамасыз ету үшін ПЭТ/КТ және БФЭКТ/КТ сияқты бейнелеу әдістерін терапиялық процедуралармен біріктіру тәжібесі ұсынылатын болады. Тераностиканы клиникалық практикаға енгізу үшін рентгенологтардың, ядролық медицина докторларының, медицина физиктерінің, онкологтардың өзара тиімді іс-әрекеттерін қамтамасыз ету тәсілдері талқыланатын болады. Радиациялық қорғау және қауіпсіздік саласындағы шетелдік тәжірибе ұсынылады.
Өткізілетін шеберлік сабағы Орталықты, сондай-ақ өңірдің және жалпы еліміздің онкологиялық қызметін дамытудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады, себебі болашақта Орталық базасында онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің озық әдістерін енгізуге мүмкіндік береді.

✅Абай облысының онкологиялық қызметін Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті

Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығында өткен 2024 жылдың қорытындысы бойынша Абай облысының онкологиялық қызметінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Отырыс барысында онкологтардың 2024 жылдағы жұмысының қорытындысы шығарылды, оның ішінде өңірдегі қатерлі ісіктердің аурушаңдық көрсеткіштері, ерте анықталу көрсеткіштері, сондай-ақ онкологиялық аурулардың асқыну жағдайлары айтылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасындағы қатерлі ісікке қарсы күрестің 2023-2027 жылдарға арналған Кешенді жоспарының маңызды индикаторларын орындау көрсеткіштері талқыланды.
Өткен жылдың жұмысын қорытындылай келе, ең тиімді жұмыс нәтижесін көрсеткен өңірдің үздік медициналық ұйымдары мен онкологтарына алғыс хаттар табыс етілді.
Сонымен қатар, онкологиялық аурулардың ерте анықталуын жақсартуға және қатерлі ісіктердің асқыну жағдайларын азайтуға бағытталған өңірдің онкологиялық қызметін дамыту перспективалары талқыланды.

📌 Онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің жаңа мүмкіндіктері

Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығында диагностикаға, жоспарлауға және сәулелік терапияны қолдануға арналған заманауи құрылғы салтанатты жағдайда іске қосылды. Шараға құрметті қонақтар қатарында облыс басшысы Нұрлан Ұранхаев, сондай-ақ «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева және Орталық ұжымы қатысты.
Жиынның ашылуында «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының басқарма төрайымы Ләззат Шыңғысбаева құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде бүгінгі шараның маңыздылығын атап өтті, сонымен қатар Қордың Қазақстанның онкологиялық қызметін қолдауға бағытталған жұмысына тоқталды.
«Бүгін өте маңызды оқиға, өйткені бүгін пациенттерді диагностикалау және емдеу үшін өте қажетті құрылғы іске қосылуда. Біз Қазақстандағы онкологиялық орталықтарға қажетті құрал-жабдықтарды сатып алуға көмектесіп қана қоймай, дәрігерлерімізді оқыту үшін шетелдік мамандарды тартуға, қажетті онкологиялық препараттарды сатып алуға көмектесуге тырысамыз. Біздің басты басымдылығымыз – пациенттеріміздің медициналық көмек алу үшін шетелге шықпай, барлық қажетті медициналық көмекті өз елімізде алуын қамтамасыз ету», – деді Ләззат Шыңғысбаева.
Іске қосылғалы отырған құрылғының қатарында екі жаңа аппарат: SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы (Siemens Healthcare GmbH, Германия) және TrueBeam сәулелік терапия жүйесі (Varian Medical Systems, АҚШ) бар. Техника «Қазақстан Республикасындағы онкологиялық аурулармен күрестің 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспары» аясында Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты мен «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының көмегімен сатып алынды. Заманауи екі құрылғы да онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде Орталықтың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейте түседі.
SOMATOM go.Sim компьютерлік томографы сәулелік терапияны дәл жоспарлау үшін ісіктерді егжей-тегжейлі визуализациялауға мүмкіндік береді, кескіннің жоғары сапасын сақтай отырып, сәулелену дозасын азайтады. Ол сондай-ақ емдеу процедурасын дененің табиғи физиологиялық процестерін ескере отырып жүргізуге мүмкіндік береді және сәтті емдеу мүмкіндігін арттыра отырып, ең күрделі сәулелік терапия әдістерін жоспарлау процесін жеделдетеді.
TrueBeam сәулелік терапия жүйесі тек қатерлі жасушаларға ғана әсер ете отырып, сәулелеудің инновациялық әдістерін қолдануға мүмкіндік береді. Ол сонымен қатар динамикалық бақылау технологиясының арқасында ең күрделі және қозғалмалы ісіктерді емдеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, құрылғыда сеанстардың ұзақтығы бар, бұл жайлылықты арттырады және пациенттердің өмір сапасына кедергі келтірмейді.
Салтанатты шара барысында қонақтарға жаңа құрылғының барлық мүмкіндіктері мен артықшылықтары таныстырылды. Орталық директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Саят Таңатаров атап өткендей, науқастардың өмірі мен денсаулығы басты басымдық – пациенттердің өмірі мен денсаулығы, жаңа құрылғының арқасында медициналық көмек бұрынғыдан да қолжетімді бола түседі.
«Іске қосылып отырған құрамында компьютерлі томомграф және сәулелік терапия жүйесі бар құрылғы, бұл баға жетпес байлығымыз – адам өмірі мен азаматтарымыздың денсаулығын сақтауға жасалған тағы бір қадам. Жаңа құрылғылар онкологиялық ауруларды егжей-тегжейлі бейнелеуге, емдеуді анағұрлым нақты жоспарлауға және сәулелік терапияның салдарын айтарлықтай азайтуға мүмкіндік береді. Орталықтың жоғары білікті қызметкерлерінің арқасында бұл құрылғы игі мақсатқа қызмет ететін болады. Сондықтан серіктестерімізге, оның ішінде Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институты басшылығына, сондай-ақ «Қазақстан халқы» қоғамдық қорына шынайы алғысымды білдіргім келеді. Біз бірлескен күш-жігеріміз арқылы игілікті іс жолында биік белестерді бағындыра беретінімізге сенімдімін», – деді С.Таңатаров.

📍Ядролық медицина және онкология орталығы-Ядролық физика институты: екіжақты ынтымақтастықтың жаңа кезеңі

11 ақпанда Ядролық медицина және онкология орталығының директоры, м.ғ.д., профессор Саят Таңатаров Алматыдағы Ядролық физика институтына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамына директордың ядролық медицина және стратегиялық жоспарлау жөніндегі орынбасары Баян Атантаева, сондай-ақ Орталықтың бас инженері Медет Идинов кірді.
Кездесуге Ядролық физика институтының бас директоры, ф.-м.ғ.д., КазҰЖҒА академигі Саябек Сахиев, бас директордың өндіріс жөніндегі орынбасары, ф.-м. ғ. к. Евгений Ермаков, сондай-ақ Институттың радиохимия және изотоптық өндіріс ғылыми-техникалық орталығының басшысы Елена Чакрова қатысты.
Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға және кеңейтуге, оның ішінде онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуге арналған радиофармпрепараттар өндіру саласындағы бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Қазіргі уақытта Ядролық физика институты радиофармацевтикалық препараттарды өндіру саласындағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Қазақстанда өндірілетін радиофармпрепараттардың барлық атауларының шамамен 85% Ядролық физика институтында өндіріліп келеді. Нақтылайтын болсақ, кездесуде, біздің Орталыққа арналған лютеций негізіндегі радиофармпрепаратты ядролық физика институтында өндіруі талқыланды. Синтезден кейін Орталығымызда оның негізінде қуық асты безінің қатерлі ісігін емдеуде қолданылатын Lu177-PSMA радиофармацевтикалық препараты жасалатын болады. Естеріңізге сала кетейік, жақында Орталығымызда қуық асты безінің қатерлі ісігін диагностикалауда қолданылатын фтор изотопына негізделген 18F-PSMA-1007 радиофармпрепаратының өндірісі жолға қойылған болатын. Lu177-PSMA радиофармацевтикалық өндірісінің басталуымен Орталықта тераностиканың толық циклін, яғни диагностикадан бастап қуық асты безінің обырын емдеуге дейінгі барлық кезеңдерді қамтитын болады.
«Ядролық медицина саласында біздің Орталық соңғы жылдары айтарлықтай нәтижелерге қол жеткізді, бірақ сонымен бірге біз пациенттерімізді диагностика мен емдеудің ең озық әдістерімен қамтамасыз ету үшін осы саланы дамытуды мақсат етіп отырмыз. Біз үшін басты басымдық – тераностиканы, радиофармпрепараттарды пайдаланудың толық циклін енгізу. Орталық пен Ядролық физика институтының екіжақты ынтымақтастығы жылдар өткен сайын дамып, онкологиядағы ядролық медицина саласында жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынына сенімдіміз», – деді кездесу барысында Орталық директоры Саят Таңатаров.
Орталық директоры атап өткендей, қазіргі уақытта біздің басты басымдылықтарымыздың бірі – Орталық жұмысына тераностиканы енгізу болып табылады. Бұл радиофармацевтикалық препараттардың кең ауқымын өндіруден бастап, онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолдануға дейін толық циклді қамтамасыз ететін Орталық үшін үлкен мүмкіндіктер ашады. Ағымдағы жиын осы міндетті жүзеге асырудың маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады.

«Ашық есік күні» өтті

Құрметті достар, бүгін біздің Орталығымызда биылғы жылда ең көлемді «Ашық есік күні» өтті. Бұл күні өңіріміздің ондаған тұрғыны онколог дәрігерлерден кеңес алып, кешенді тексеруден өтті. Атап айтқанда, маммологтың кеңесін 76 адам алды, 81 адам онкоурологтың, онкоЛОР дәрігері мен онкохирургтың, 44 онкогинекологтың, 45 адам эндокринологтың кеңесін алды. 250-ге жуық диагностикалық процедуралар жүргізілді. Осының нәтижелері бойынша көптеген патологиялар, соның ішінде онкологияға күдікті патологиялар да анықталды. Барлық анықталған дерттер бойынша дәрігерлерден егжей-тегжейлі ұсыныстарын берілді.
Айта кету керек, барлық онколог дәрігерлер, бейінді мамандар, диагностикалық процедуралар мен зертханалық зерттеулер жүргізген мамандар, сондай-ақ емхананың медбикелері бүгін де жоғары кәсібилік пен іс-әрекеттің үйлесімділігін көрсетті. Осының арқасында «Ашық есік күніне» келген барлық пациенттердің ешқайсысы назардан тыс қалмған жоқ.
Қорытындылай келе, мұндай скринингтік тексерулер қатерлі ісіктерді ерте кезеңде анықтауға, сондай – ақ асқынған қатерлі ісік ауруларының санын азайтуға мүмкіндік беретін онкологиялық аурулармен күрестегі маңызды кезең екенін атап өткен жөн. Сондықтан баршаңызды өз денсаулығына немқұрайлы қарамауға және уақытында тексеруден өтуге шақырамыз. Ал «Ашық есік күніне» қатысушылардың барлығына – зор денсаулық пен амандық тілегіміз келеді.

Ядролық медицина және онкология орталығы фтор изотопы негізіндегі жаңа 18F-PSMA-1007 радиофармпрепаратын шығарып, қолдана бастады.

Осы күндері ядролық медицина және онкология Орталығында ядролық медицина мамандары үшін радионуклидті бейнелеуде, атап айтқанда ПЭТ/КТ зерттеулерінде қолданылатын 18F-PSMA-1007 фтор негізіндегі простата-спецификалық мембрана-антигенді қолдану бойынша Шеберлік сабағы өтуде. Жетекші консультанттар ретінде Петровский атындағы РҒХО (Ресей) диагностиканың радионуклидтік әдістері бөлімінің меңгерушісі сәулелік диагностика және терапия кафедрасының профессоры, м.ғ.д. Игорь Альбертович Знаменский және Н.Н.Александров атындағы Республикалық онкология және медициналық радиология ғылыми-практикалық орталығының (Беларусь) изотоптық циклотрондық-радиохимиялық зертханасының меңгерушісі– Игорь Александрович Ковалев мастер-класс өткізуде.
Айта кету керек, Қазақстанда бұл радиофармпрепарат алғаш рет өндіріліп отыр. 18F-PSMA-1007 фтор-18 – радионуклидті фтор изотопына негізделген радиоактивті белгісі бар. Осының арқасында пациенттің денесіне енгізілгеннен кейін препарат простатада жинақталуға бейім, соның арқасында препараттың жинақталуы және жинақталу дәрежесі мен орналасуы бойынша пациенттің простата обыры, метастаздары немесе басқа да онкологиялық патологияларының бар-жоғын дәл анықтауға болады. Аталған жинақталу дәрежесі ПЭТ-КТ зерттеулерінің арқасында бақыланады, бұл бейнелеу әдісі сәулелік диагностика сияқты басқа дәстүрлі бейнелеу әдістерінен едәуір асып түседі.
Айта кету керек, радиофармпрепаратты өндіруден бастап ПЭТ/КТ тексерулерін жүргізуге дейінгі барлық процестер толығымен біздің орталықтың базасында жүзеге асырылады. Күрделі және көп деңгейлі технологиялық процестің басында арнайы аппарат – циклотронда фтор-18 изотопы жасалады, содан кейін бұл изотоп синтез зертханасына жеткізіледі, онда технолог химиктер 18F-PSMA-1007 радиофармпрепаратын синтездейді. Ол әрі қарай сапаны бақылау зертханасына жіберіледі, онда аналитикалық химиктер оның барлық сапа стандарттарына сәйкестігін тексереді. Сапа бақылауынан өткеннен кейін радиофармпрепарат радиофармацевттерге жеткізіледі, онда әрбір пациенттің жеке физиологиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, инъекциялар дайындалады. Осыдан кейін, арнайы қорғаныс контейнерінде пайдалануға дайын радиофармпрепарат радионуклидті диагностика бөлімшесіне жеткізіледі, осы бөлімшеде ол пациентке салынады. Препаратты енгізгеннен кейін пациент ағзада препараттың жинақталу процесі жүріп жатқан кезде арнайы палатада күтуі керек, содан кейін пациент ПЭТ/КТ тексеруден өтеді, оның нәтижелеріне онколог дәрігерлер толығымен талдау жасайды.
ПЭТ/КТ зерттеуінің нәтижелерін талдау немесе сипаттау ең маңызды кезеңдердің бірі болып табылады, себебі оның нәтижелері бойынша пациенттің диагнозы қойылып ғана қоймай, сонымен қатар емдеу тактикасы да анықталады және қолданылатын емнің тиімділігі бақыланады. Шеберлік сабағының барысында нәтижелерді оқудың барлық ерекшеліктері туралы профессор Игорь Знаменский айтып берді.
«Шеберлік сабағы барысында біз диагностика процесінде радиофармпрепаратты қолдануға, препарат пациенттің денесіне қалай енгізілетініне, қандай дозада, жинақталуға қанша уақыт кететініне, пациенттің ағзасында препараттың жинақталу процесінде қандай күйде болуына, зерттеу алдында қандай дайындық қажет екеніне назар аударатын боламыз. Сондай – ақ, ПЭТ/КТ зерттеулерін жүргізгеннен кейін нәтижелерді сипаттау әдістемесі бойынша консультация жүргіземіз», – деп атап өтті Игорь Знаменский.
Тағы бір атап өтетіні, осымен іске қосылып отырған фтор негізіндегі 18F-PSMA – 1007 радиофармпрепараты біздің орталықта толық циклі игерілген үшінші радиофармпрепарат болды. Осы үлкен жетістік онкологиялық ауруларды, оның ішінде простата обырын диагностикалау және емдеу мүмкіндіктерін едәуір кеңейтуге және одан әрі терапияны жоспарлауға мүмкіндік береді.

Колледж студенттеріне арналған оқыту семинары

Ісікке қарсы Халықаралық күрес күніне арналған онкүндік аясында Ядролық медицина және онкология орталығының онкологтары Д.Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медициналық колледжінің студенттеріне оқыту семинарын өткізді. Кездесу тақырыбы Онкологиялық аурулардың алдын алу және ерте диагностикалау болды. Орталықтың онкологтары қатерлі ісіктерді диагностикалау және емдеу саласындағы білімдері мен тәжірибелерімен бөлісті, Қазақстанда жұмыс істейтін скринингтік бағдарламаларға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар, кездесу барысында онкологиялық аурулардың маңызды аспектілері, оның ішінде қатерлі ісіктің алғашқы белгілері мен алдын алу шаралары талқыланды. Сондай-ақ, колледж студенттері онкологтарға ойда жүрген сауалдарын қоюға да мүмкіндік алды.

2024 жылдың қорытындысы бойынша есеп беру жиындары өтуде

Осы аптада Ядролық медицина және онкология орталығында есеп беру жиындары өтуде, онда Орталықтың барлық бөлім меңгерушілері және құрылымдық бөлімше жетекшілері 2024 жылы атқарылған жұмыстарын қорытындылады. Жиын барысында өңірдің онкологиялық қызметіндегі жұмыстардың негізгі аспектілері, оның ішінде Абай облысы бойынша онкологиямен сырқаттанушылық көрсеткіштері, қатерлі ісікті ерте анықтау, қатерлі ісіктердің асқынған жағдайларын азайту бойынша жұмыстар талқыланды. Өңірдің онкологиялық қызметінің мәселелері мен даму перспективалары да айтылды.

Ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау саласындағы жаңа тәсілдері

Дипломатиялық нотаға сәйкес (Дипломатиялық нота № 0950/24), АҚШ Энергетика министрлігінің Ұлттық ядролық қауіпсіздік басқармасының Радиологиялық қауіпсіздік басқармасы 2025 жылғы 28-31 қаңтар аралығында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Ядролық физика институты» РМК Ядролық қауіпсіздік оқу орталығының базасында (Алматы қ.) «Физикалық қорғау және қауіпсіздікті басқару» атты радиоактивті көздердлен физикалық қорғау қауіпсіздікті басқару саласындағы дағдыларды дамыту мақсатында оқу курстары өтті. Еліміздің барлық онкологиялық орталықтарынан мамандар шақырылды. Біздің орталықтан физикалық қорғау инженері Тұрсын Төлеген, инженерлік-техникалық қамтамасыз ету қызмет басшысы Даулет Кагазбеков қатысты.
Бұл семинардың маңызы өте зор екені көрініп тұр! Ядролық қауіпсіздік және физикалық қорғау саласындағы білімді жетілдіру, әсіресе онкология орталықтарында, қауіпсіздік пен қорғаныс деңгейін көтеруге үлкен ықпал етеді. Қатысушылардың тәжірибе алмасуы мен алған білімдерін практикалық тұрғыда қолдануы бұл саланың дамуына зор әсерін тигізері сөзсіз.

✅Білгенге абзал

2024 жылы Абай облысы бойынша қатерлі ісік ауруының 1 641 жаңа жағдайы тіркелді. Ең көп өлім-жітім тіркелген, анағұрлым қауіпті онкологиялық аурулар – өкпе обыры, асқазан обыры, колоректальды обыр, сүт безі обыры, сондай-ақ өңеш обыры.
Қатерлі ісік немесе онкология-бұл иммунитет белсенділігінің төмендеуі аясында жасушалардың бөліну процесінің бұзылуына негізделген ауру. Қатерлі ісік жасушалары тез бөлінеді, сондықтан адамда ісік пайда болады, ол локализация орнында тіндерге әсер етеді, қоршаған құрылымдарға еніп, оларды бұзады және/немесе қысады, сонымен қатар метастаздар арқылы басқа органдарға таралады.
Қазіргі уақытта қатерлі ісіктің нақты себептері белгісіз, бірақ қатерлі ісік қаупін арттыратын бірқатар факторлар бар. Олардың ішінде генетикалық бейімділік, физикалық (тікелей күн сәулелері) немесе химиялық (алкоголь, темекі) канцерогендердің әсері, вирустардың, бактериялардың, паразиттердің кейбір түрлері және қартаю, сондай-ақ онымен байланысты қауіп факторларының жинақталуы.
Клиникалық көрініс неоплазманың түріне байланысты. Дегенмен, бірқатар белгілердің пайда болуы дәрігерге қаралуға себеп болуы керек. Олардың қатарында тұрақты шаршау, дене температураның жоғарылауы, лимфа түйіндерінің ұлғаюы, салмақ жоғалту, тәбеттің нашарлауы, ұзақ жөтел, жұмсақ тіндердегі немесе бездердегі қатаюлар, меңдердің мөлшері мен түсінің өзгеруі, сондай-ақ дененің, бастың ауыруы.
Қазіргі уақытта қатерлі ісік диагностикасының кең әдістері қолданылады, соның ішінде инвазивті, ағзаға араласатын және инвазивті емес түрлері қолданылады. Бірінші топта биопсия: пациенттен зертханада тексеру үшін тіннен бөлшек алу. Сонымен қатар ісік онкомаркерлерге арналған зертханалық қан тестілері. Инвазивті емес зерттеу әдістерінің екінші тобы жоғары технологиялық зерттеу әдістерін қамтиды, мысалы компьютерлік томография, магнитті-резонанстық томография, позитронды-эмиссиялық томография, ультрадыбыстық зерттеу.
Қатерлі ісікті емдеуде үш негізгі тәсілді ажыратуға болады: хирургия, химиотерапия, сәулелік терапия. Бұл әдістер тиімді болып қала береді, бірақ жыл сайын олар ісіктің белгілі бір түрімен күресуге бағытталған аялағыш болады.
Қатерлі ісік ауруларының жартысына жуығы қауіп факторларын жоққа шығару арқылы алдын алуға болады, дейді ДДҰ. Күйзелістің, семіздіктің, физикалық белсенділіктің қатерлі ісік қаупіне тікелей әсері туралы ғылыми дәлелдер әлі жоқ. Профилактикалық ұсыныстарға темекі шегуден және алкогольден бас тарту, ультракүлгін сәулелерден қорғану, созылмалы инфекцияларды тоқтату, сондай-ақ күдікті белгілер болмаса да мерзімді скринингтік тексерулерден өту кіреді.
Қазақстанда іске асырылып жатқан, ісікке дейінгі және ісік ауруларын ерте анықтауға бағытталған скринингтік бағдарламалар: сүт безі скринингі, жатыр мойны скринингі, сондай-ақ тоқ ішек және тік ішек скринингі.

✅Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған онкүндік

Құрметті достар! Осы күндері Орталығымызда 4 ақпанда – Халықаралық қатерлі ісікке қарсы күрес күніне арналған онкүндік өтеді. Бұл күндері біз аймақтағы ең көп кездесетін онкологиялық аурулардың негізгі мәселелрі, аспектілері мен ерекшеліктеріне назар аударатын боламыз. Қатерлі ісіктердің алдын алу, диагностикалау және емдеу шаралары туралы да айтылатын болады. Сондай-ақ, осы күндері кезекті Ашық есік күні өтеді деп жоспарлануда, оның барысында кез келген адам алдын ала жазылусыз, дәрігердің жолдамасынсыз біздің онкологтардан тегін кеңес алып, кешенді тексеруден өте алады. Іс-шараның күнін кейінірек әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда хабарлайтын боламыз. Сондықтан біздің жаңалықтарымызды қадағалап отыруды ұмытпаңыздар және пайдалы сілтемелермен бөлісуді де ұмытпаңыздар!

Ядролық медицинадағы жаңа мүмкіндіктер

27-31 қаңтар аралығында АҚХА-нің «Шығыс өңірінің ядролық медицина және онкология орталығында клиникалық тәжірибені жақсарту» жобасы аясында біздің орталықтың бір топ мамандары Португалияның Коимбра қаласында Institute for Nuclear Sciences Applied to Health – денсаулық сақтауда қолданылатын ядролық ғылымдар институтытында ғылыми сапарда жүр. Делегацияны Орталық директоры, м.ғ.д., профессор Саят Таңатаров басқарды. Делегация құрамына радиациялық қауіпсіздік қызметінің жетекшісі Дәурен Әділбаев пен РФДП өндірісі және жабдықтау бөлімінің меңгерушісі Әсет Сәрсекеев те кірді.
Денсаулық сақтауда қолданылатын ядролық ғылымдар институты – Португалиядағы ең көне университеттердің бірі – Коимбра университетінің зерттеу бөлімі, сонымен қатар ядролық медицина саласындағы ғылыми және клиникалық зерттеулерде көшбасшы болып табылады. Жұмыс сапары барысында біздің Орталықтың мамандары португалдық әріптестердің онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде қолданылатын радиофармпрепараттар өндірісіндегі жұмыс тәжірибесін көріп, білді. Әсіресе, институттың галлий-68 негізіндегі радиофармпрепаратты өндіру мен қолданудағы мүмкіндіктері мен жетістіктері ерекше қызығушылық тудырды, бұл бағытта институт ғалымдары мен инженерлері галлий-68 радиофармпрепаратын сұйық өндірудің патенттелген бірегей әдісін медициналық практикаға енгізу арқылы үлкен нәтижелерге қол жеткізгенін атап өткен жөн. Бүгінгі таңда әлемде галлий-68 негізіндегі радиофармпрепаратының өндірісі жолға қойылған ғылыми және медициналық орталықтар саны санаулы. Тағы бір атап өтетіні, қазіргі уақытта институт мамандары мыс изотоптары негізінде радиофармпрепараттар өндіруге бағытталған зерттеулер жүргізуде.
Ғылыми сапар аясында біздің делегация ICNAS директоры Antero Abrunhosa, патенттелген галлий-68 радиофармпрепаратының сұйықтықты өндіру әдістемесінің авторы – профессор Francisco Alves және циклотрондарды жаңғырту жөніндегі бірегей жобалардың авторы, физик, PhD – Sergio do Carmo-мен кездесті.
Ғылыми сапар Орталығымыздың дамуындағы маңызды кезең болды, атап айтқанда радиофармпрепараттарды өндіру мен қолданудың барлық техникалық және технологиялық аспектілерін зерделеуге мүмкіндік беріп қана қоймай, Орталықтың барлық буындарының тиімді жұмысы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін Денсаулық сақтау менеджментіне де көп назар аударылды. Осы бағыттар бойынша іс-сапар барысында біздің мамандарға оқыту семинарлары өткізілді.
Алынған тәжірибе мен білім таяу болашақта ядролық медицинаны қолдану жөніндегі Орталықтың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталатын болады, атап айтқанда, АҚХА мамандарының қолдауымен Орталық базасында онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеуде жаңа мүмкіндіктер ашатын, бірқатар радиофармпрепараттар өндірісін енгізіп, қолдану жоспарлануда.

✅Қорытындылар мен перспективалар

Осы күндері еліміздің оңтүстік астанасында, С. Ж. Асфендияров атындағы қазақ Ұлттық медицина университетінде 2024 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы онкологиялық қызметінің Үйлестіру кеңесінің отырысы өтуде. Кездесу барысында еліміздегі онкологиялық көмек жұмысының маңызды аспектілері мен негізгі көрсеткіштері талқыланады, қорытындылар шығарылып, перспективаға арналған басым бағыттар белгіленеді.
Үйлестіру кеңесінің отырысы барысында жалпы Қазақстанның онкологиялық қызметінің, сондай-ақ өңірлердегі онкологиялық орталықтардың жұмысы талқыланады. Өткен жылдың 12 айының қорытындысы бойынша жұмыс көрсеткіштерін Абай облысының Ядролық медицина және онкология Орталығы да ұсынды, осы бойынша Орталықтың директоры, медицина ғылымдарының докторы, профессор Саят Таңатаров баяндама жасады.
Баяндамада Орталық жұмысының, сондай-ақ Абай облысындағы онкологиялық көмектің негізгі индикаторлары, оның ішінде онкологиялық сырқатқа шалдығу мен одан болатын өлім-жітім көрсеткіштері айтылды. Орталық директоры атап өткендей, өткен жылы өңірде 2023 жылмен салыстырғанда қатерлі ісік ауруына шалдыққандар санының 0,6% – ға өсуі байқалады, алайда өткен жылы онкологтар қатерлі ісіктен болатын өлім-жітімнің 3,2% – ға төмендеуіне қол жеткізді, 2023 жылмен салыстырғанда ерте диагностикалау мүмкіндіктері жақсарды және қатерлі ісік ауруларының асқыну жағдайларының саны азайды. Тағы бір атап өтетіні – бүгінгі күнде өңірімізде адамдардың өмірі мен денсаулығына ең көп қауіп төндіретін қатерлі дерттердің қатарында өкпе, асқазан, өңеш, колоректальды қатерлі ісік және сүт безі қатерлі ісігі болып табылады.
Баяндама барысында Орталық директоры Саят Таңатаров 2023-2027 жылдарға арналған онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі Кешенді жоспарды іске асырудың негізгі индикаторларын, сондай-ақ өңірде онкологиялық көмекті одан әрі дамытуға бағытталған шараларды атап өтті. Мәселен, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Абай облысының Ядролық медицина және онкология орталығы базасында сараптамалық эндоскопиялық орталықтың ашылуы жоспарлануда. Бұл өз кезегінде Орталықтың бірқатар қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі мүмкіндіктерін едәуір жақсартады.

Медициналық терминология

абсцесс абсес
азооспермия азооспермия
артериовенозная  фистула артериовеналық жыланкөз
асцит шемен
атеросклеротическая бляшка атеросклерозды түйін
бедренная кость ортан жілік
большеберцовая кость асықты жілік
брюшная аорта іштік қолқа
буж сүмбі
бужирование сүмбілеу
вдавление батыңқы
венозная недостаточность веналық жетіспеушілік
вертлужная впадина ұршық ойыс
верхняя (средняя, нижняя) прямокишечная артерия тік ішектік жоғарғы (ортаңғы, төменгі) артерия
ветвь тармақ
внутренняя грудная артерия кеуделік ішкі артерия
возвратный нерв қайырылма нерв
восходящая ободочная кишка жоғарылаған жиекті ішек
гангрена гангрен
геморрой геморрой
гладкая мускулатура тегіс салалы бұлшықет
глазница көзұя
голень сирақ
голосовая связка дауыстық байлам
гортань көмей
грудная клетка кеуде торы
двенадцатиперстная кишка он екі елі ішек
диафрагма көкет
дистрофические изменения дистрофиялық өзгерістер
дупликатура қосқаттам
дыхательная система тыныс алу жүйесі
заднепроходный канал артқы өтіс өзегі
задний проход артқы өтіс
зонд сүңгі
инкапсулирование қапшықтау
инкапсулированный абсцесс қапшықталған абсес
инфильтрат инфильтрат
капиллярная сеть капиллярлық тор
киста жылауық
кожный покров тері жабыны
комбинированные оперативные вмешательства біріккен операция жасау

 

копчик құйымшақ
кости предплечья білек сүйектері
кости таза (тазовые кости) жамбас сүйектері
лобковая кость қасаға сүйек
локтевая артерия шынтақ жіліктік артерия
локтевая кость шынтақ жілік
лучевая артерия кәрі жіліктік артерия
лучевая кость кәрі жілік
малоберцовая кость асықты жілік шыбығы
микроцистис микроцистис
мочевой пузырь несепқуық
мышечная оболочка бұлшықетті қабық
непроходимость бітеліс
нерв нерв
неспецифический язвенный колит бейспецификалы жаралы колит
нефролитотомия нефролитотомия
нефросклероз нефросклероз
нефротомия нефротомия
нефроэктомия нефроэктомия
нисходящая ободочная кишка төмендеген жиекті ішек
носовая раковина мұрын кеуілжірі
общая (наружная, внутренняя) артерия жалпы (сыртқы, ішкі)  мықын артериясы
общий желчный проток жалпы өт түтігі
околоушная железа шықшыт безі
пальцы стопы бақай
паренхиматозный орган паренхималық ағза
первичный перитонит ілкі перитонит
перегородка қалқа
перешеек қылта
перикард жүрекқап
перстневидный хрящ жүзіктәрізді шеміршек
печеночная сумка бауырқап
пластика пластика
плевра өкпеқап
плечевая кость тоқпан жілік
поджелудочная железа ұйқы безі
подкожно жировая клетчатка теріасты шелмай
подколенная ямка тақым шұңқыры
подмышка қолтық
подошва табан
подслизистая основа шырышасты негіз
позвоночный столб омыртқа бағанасы
поперечная ободочная кишка көлденең жиекті ішек
поперечно-полосатая мускулатура көлденең жолақты бұлшықет
промежность бұтаралық
прямая и боковая  проекция тік және бүйір проекция
прямая кишка тік ішек
разлитый перитонит жайылған перитонит
ранняя инфекция бастапқы инфекция
расширенные оперативные вмешательства кеңейтілген операция жасау
релаксационный релаксациялық
сальник шарбы
сальниковая сумка шарбықап
седалищная кость шонданай сүйек
селезенка көкбауыр
серозная оболочка сірлі қабық
сигмовидная ободочная кишка сигматәрізді жиекті ішек
слепая кишка соқыр ішек
столб бағана
стопа аяқбасы
стриктура тарылу
толстая кишка тоқ ішек
тонкая кишка аш ішек
тромб тромб
фасция шандыр
фиброзная капсула почки бүйректің фиброзды қапшығы
фимоз қылкүпек
эпифренальный дивертикул көкетүсті дивертикул
язвенный дефект ойықжара дефекті
ятрогения ятрогения