Сәлеметсіздер ме, құрметті біздің Орталығымыздың ресми сайтының оқырмандары!
Ядролық медицина және онкология орталығы Қазақстандағы жетекші орталықтардың бірі болып табылады, онда онкологиялық науқастарға амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын нысанда жоғары мамандандырылған көмек көрсетіледі. Біз онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің барлық заманауи әдістерін қолданамыз, сонымен қатар ядролық медицинаны қолдану бойынша елдегі көшбасшылардың бірі болып табылады. Осы сайтта, сондай-ақ Орталығымыздың әлеуметтік желілердегі парақшаларында біздің жұмысымыз, көрсетілетін медициналық көмек, мамандарымыздың жұмыс кестесі және т.б. туралы егжей-тегжейлі біле аласыздар. Бірақ егер қажетті ақпаратты таба алмасаңыздар, арнайы форманы толтыру арқылы, барлық қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыздар, сонымен қатар +7(747)797-47-24 нөмірі бойынша WhatsApp-та өз пікіріңізді қалдыра аласыздар.
Егер сіздерде біздің Орталықтың жұмысын жақсартатын ұсыныстарыңыз немесе бастамаларыңыз болса, біз оларды қуана қарастыратын боламыз. Біздің басты басымдығымыз-пациенттердің әл-ауқаты, медициналық көмектің сапасын жақсартуға ықпал ететін үздіксіз даму.