Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Іс-шара барысында 15 азамат онкология және ядролық медицина саласының білікті мамандарынан тегін кеңес алды. Қабылдау нәтижесінде 2 пациентте обыр алды жағдайлар анықталды. Бұл – аурудың ерте сатысында анықталып, емдеу шаралары дер кезінде басталғанын білдіреді.
Профилактика мен ерте диагностика – денсаулықты және өмірді сақтаудың маңызды кепілі. Іс-шараға қатысқан барлық азаматтарға алғыс білдіреміз. Өз денсаулығыңызға бей-жай қарамаңыз – ол сіздің ең басты байлығыңыз!