Сапардың мақсаты – МАГАТЭ-нің техникалық ынтымақтастық жобалары аясында Орталықтың қызметімен танысу болды.
МАГАТЭ – ядролық технологияларды бейбіт мақсатта қолдануды ілгерілететін, ядролық және радиациялық қауіпсіздікті нығайтатын, сондай-ақ қатысушы мемлекеттердің ғылыми-техникалық әлеуетін арттыруға бағытталған БҰҰ жүйесіндегі мамандандырылған ұйым. Агенттіктің техникалық ынтымақтастық бағдарламалары денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, экология және өнеркәсіп сияқты салаларда ядролық және радиациялық технологияларды қолдануды қолдауға бағытталған.