Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Жақында Абай облысындағы онкологиялық қызметті Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Кездесуге өңіріміздің барлық алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсететін ұйымдарының онкологтары мен бас дәрігерлері қатысты.
Үйлестіру кеңесінің отырысында биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы онкологиялық қызметі жұмысының қорытындысы айтылды, оның ішінде онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі кешенді жоспарды іске асырудың маңызды индикаторлары ұсынылды. Сондай-ақ, өңірдегі онкологиямен сырқаттанушылық көрсеткіштері, онкологиялық аурулардың асқынған жағдайлардың алдын алу шаралары және қатерлі ісіктерді ерте анықтау бойынша қолданыстағы бағдарламалардың тиімділігі талқыланды. Біздің Орталықтың 2025 жылдың үш айындағы жұмыс нәтижелері туралы директордың емдеу-диагностикалық жұмыстары жөніндегі орынбасары Баян Бекетова баяндама жасады.