Құрметті достар! Қаңтар айы бойы біздің Орталығымызда жатыр мойны обыры туралы хабардар болу айы өтетін болады. Жатыр мойны обыры- қатерлі және ең көп таралған қатерлі ісіктердің бірі, ол онкологиялық аурулардың жалпы құрылымында жетекші орындарға ие. Қаңтар бойы біз осы ауру туралы, оның ішінде алдын алу шаралары, пайда болу себептері, алғашқы белгілері туралы және тағы басқа пайдалы ақпаратпен мүмкіндігінше толығырақ бөлісетін боламыс. Сіздерді біздің сарапшылардың баяндамалары, осы тақырып бойынша пайдалы мақалалар күтеді, сондай-ақ ашық есік күнін өткізу де жоспарланған, оның барысында кешенді тексеруден өтуге болады. Өткізілетін іс-шаралардың барлық егжей-тегжейлері біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда айтылатын болады. Сондықтан бізге жазылуды ұмытпаңыздар және пайдалы сілтемелермен бөлісулеріңізді сұраймыз.