Осы айда Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген онкогинекологтарға 20 жылдан астам тәжірибесі бар еліміздің жетекші онкогинекологы, медицина ғылымдарының кандидаты, ҚазОРҒЗИ онкогинекология орталығының басшысы Ерлан Кукубасовтың басшылығымен оқыту курстары өткізілді.
Аталған курстарда білім алмасқандардың қатарында Орталығымыздың онкогинеколог дәрігері Лаззат Аликенова. Қатерлі және қатерсіз дерттердің, әйелдердің ұрпақты болу жүйесінің әртүрлі патологияларын, соның ішінде жатыр мойны, жатыр, аналық бездерді диагностикалау мен емдеудің негізгі әдістері қарастырылды.
Айта кету керек, осындай курстардың арқасында дәрігерлер білім тәжірибесін кеңейтіп қана қоймай, сонымен қатар қатерлі ісік түрлерін диагностикалау мен емдеуде озық әдістерді енгізуге мүмкіндік береді.