Жақында Мәскеуде Орталығымыздың химиотерапевт-дәрігері Жаннұр Алтыбаева XXVIII Ресей онкологиялық конгресінің жұмысына қатысты.
Ресейдің онкологиялық конгресі- көрші мемлекеттегі ең ірі ұлттық онкологиялық шара болып табылады. Онкологиялық Конгрестің жұмыс күндерінде пленарлық сессиялар, дәрістер, шеберлік сабақтары, сондай-ақ сателлиттік симпозиумдар өткізілді. Дәстүрлі түрде кәсіби және ғылыми қоғамдармен бірлескен сессиялар да өтті.
Бағдарламада өткен жылы қатерлі ісіктерді диагностикалау мен емдеудегі негізгі жетістіктерді көрсететін жетекші ресейлік және шетелдік онкологтардың баяндамалары ұсынылды. Оған қоса, Ресей нарығында ұсынылған ірі фармацевтикалық компаниялардың, сондай-ақ кітап және журнал жаңалықтарының көрмелері ұйымдастырылды.