Қымбатты достар! Күнделікті жұмысымызда ауылдар мен аудан тұрғындарының, әсіресе шалғайдағылардың қалаға арнайы тексеруден өтуге немесе медициналық көмектің толық кешенін алуға мүмкіндігі бола бермейтін жағдайларын жиі кездестіреміз. Бұл әртүрлі асқынуларға және азаматтардың денсаулығының нашарлауына әкелуі мүмкін.
Ауыл тұрғындарына мамандандырылған медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2024 жылдың 5-6 қарашасы аралығында онкологтардың мобильді бригадасының кезекті сапары болды, бұл жолы Бородулиха ауданына. Дәрігер-радиолог Светлана Рахимовна Удеринаның жетекшілігімен барған мобильді топтың құрамында онкомаммолог Бәтима Қайратқызы Жайықова және сонолог Даулет Серікханұлы Оспанов болды.
Осы күні 73 адам тексерілуден өтті, онкомаммологтың тексерілуінен 14 пациент өтті, онкохирургтың қабылдауында 19 пациент болды. Онкогинеколог ретінде Удерина Светлана Рахимовна 26 пациент қабылдады. 26 пациентке сүт бездерінің УДЗ жасалды.