Қазақстандағы алғашқы Радионуклидтік терапия бөлімшесі Семей қаласының ядролық медицина және онкология орталығында ашылды.
Радиоиодтерапия радиоактивті йодтың (натрий йодиді I-131) әсеріне негізделген қалқанша безінің ауруларын емдеудің бірі. Терапияның мақсаты-қалқанша безінің қалдық тіндері мен ісіктерін жою, қалқанша безінің сараланған қатерлі ісігінің метастаздарын емдеу және қалқанша безінің шамадан тыс жұмыс істейтін аймақтарының функционалдық белсенділігін басу.
Бұл әдістің бірегейлігі – натрий йодиді I-131 шығаратын бета-бөлшектер тек 2 мм ішінде тіндерге әсер етеді. Радиацияның бұл түрі басқа органдар үшін қауіпті емес. Радиоиодты терапияның негізін құрайтын және оның тиімділігін анықтайтын радиоактивті йод әсерінің дәлдігі мен мақсаты.
Бүгінгі таңда радиоиодотерапия бөлімшесінің жалпы төсек қоры 15 орынды құрайды.
Науқастар бөлімшеде 5-7 күн емделеді. Радиоиодтерапия кезінде ауруханада болу ерекшеліктері – препаратты қабылдағаннан кейін пациенттер қысқа уақытқа гамма-сәулелену көзіне айналатындығымен түсіндіріледі. Сондықтан олар бөлек желдету және кәріз жүйелері, сондай-ақ арнайы ауа айналымы жүйесі бар арнайы палаталарда қалуы керек.
Қауіпсіздікке қатысты қатаң ережелерге қарамастан, біз палатада болуды мүмкіндігінше ыңғайлы етуге тырыстық. Әр бөлмеде теледидар, тоңазытқыш, интернет, душ, жуынатын бөлме бар.
Есболатова Назигуль Сайлаубайқызы
Бөлімше меңгерушісі.
Набиева Гүлжан Ахметқызы
Радионуклидтік терапия бөлімшесінің дәрігері