Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Қалыптасқан дәстүр бойынша қарттар күніне пациенттерімізге ерекше сый – қаламыздың шығармашыл ұжымдар мен жас таланттардың орындауында көңілді концерттік бағдарлама әзірледік.
Дәрігер-сарапшы Мұхтарғазы Тулеутаев концерттік бағдарламаны аша отырып, құттықтау арнады. Мұхтарғазы Есенжанұлы өз сөзінде пациенттерімізге күш-қайрат, жақсылықтар, биік рух, сергек көңіл күй, тезірек сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Жас таланттар өз кезегінде тамаша туындыларды, халық әндерін, заманауи хиттерді орындады, сондай-ақ музыкалық аспаптарда тамаша әуендерді орындап, барша көрерменге көтеріңкі, жанды жадыратар көңіл-күй сыйлады!
Біздің Орталықтың әкімшілігі атынан барлық жас таланттарға тамаша, мәнді концерттік бағдарламасы үшін шынайы алғысымызды білдіреміз! Шын жүректен жасалған игілікті істер қашанда еселеп қайтатынына сенімдіміз!