Абай облысы Денсаулық сақтау басқармасының ядролық медицина және онкология орталығы
Құрметті аға буын өкілдері! Ядролық медицина және онкология орталығының ұжымы атынан сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аға буынның тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті, қоғамдағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімді нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өткіміз келеді. Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, өшпес ерік-жігердің үлгісісіздер!
Сіздер әрқашан құрметке лайықсыздар. Барлық уақытта адамзат үшін қарттардың даналығы жастар үшін баға жетпес байлық болып табылады.
Абай облысының ардагерлері бүгінгі күні де өз өмірлік ұстанымына адал болып қала береді – әрқашан игілікті істердің басынан көрініп, өзінің бай өмірлік тәжірибесі мен еңбек дәстүрлерін жас ұрпақ бойына сіңіріп келеді.
Құрметті аға ұрпақ өкілдері! Осынау айтулы мерекемен құттықтай отырып, сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және белсенді ұзақ ғұмыр тілейміз.