Құрметті достар! Бүгін біздің Орталығымызда кезекті «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға біздің өңірдің 30-ға жуық тұрғыны қатысты. Барлығна біздің онкологтар терінің қатерлі ісігі мен меланоманы анықтауға бағытталған тексерулер жүргізді. Терінің әртүрлі патологиялары, соның ішінде қатерлі ісіктер – қазіргі уақытта өте кең таралған. Айтылғанды «Ашық есік күнінің» нәтижелері де дәлелдейді. Нақты айтқанда, біздің мамандар 3 қатерлі ісікке дейінгі патологияларды және атеромаларды, кератоздың әртүрлі түрлерін анықтады. Пациенттердің жартысынан көбінде дәрігерлер невус диагнозын қойды – ол дегеніміз терідегі қатерсіз ісіктер, қарапайым тілде оны мең деп атаймыз. Бұл дақтар адам денсаулығына қауіп төндірмейді, бірақ олардың қатерлі тіндерге айналуы қауыпы да бар.