Онкохирургия бөлімшесі 2019 жылдың сәуір айында бұрын қолданыста болған бөлімшені тарату нәтижесінде қайта құрылды. Соңғы 4 жыл ішінде ол жалпы онкология бөлімі деп аталды және екі хирургиялық бөлімшенің — маммогинекология және онкохирургия бөлімшелерінің бірігуі нәтижесінде құрылды. Бүгінгі таңда онкохирургия бөлімшесінің жалпы төсек қоры 20 төсекті құрайды. Меңгеруші-жоғары санатты дәрігер-онкохирург Әділғазыұлы Шыңғыс. Бөлімшеде тәжірибелі, жоғары білікті онкохирург дәрігерлер жұмыс істейді.
Бөлімшенің негізгі міндеттері:
– қатерлі ісіктері, ісікке дейінгі аурулары бар науқастарды хирургиялық емдеу;
– онкопатологиядан туындаған бұзылуларды түзету;
– қажет болған жағдайда-стационар жағдайында толық тексеру.
Бөлімше мамандары ісікке қарсы үгіт-насихат, қаланың басқа емдеу-алдын алу мекемелерде консультациялық көмек жүргізеді. Бөлімше базасында стомирленген пациенттерді оңалту кабинеті жұмыс істейді, «Fast track» жедел сауығу бағдарламасы енгізілуде. Бөлімше базасында «Онкология» мамандығы бойынша студенттер мен курсанттарды даярлау жүргізіледі. Бөлімше қызметкерлері «Онкология» мамандығы бойынша магистратура шеңберінде қосымша білім алады.
Бөлімшенің пациенттері Абай облысының әртүрлі өңірлерінің, ҚР облыстарының және жақын шет елдердің тұрғындары болып табылады. Бөлімше өзінің жабдықталуын заманауи емдеу жүргізу үшін қажетті жаңа аппаратурамен үнемі толықтырып келеді. Бөлімше базасында онкохирургияға, оның ішінде жоғары мамандандырылған медициналық көмек шеңберінде барлық негізгі операциялық араласулар жүргізіледі.
2013 жылдан бастап бөлімшеге эндовидеоскопиялық жабдық орнатылды. Оның көмегімен хирургиялық араласудың минималды инвазивті әдістері енгізілуде, олардың спектрі үнемі кеңейіп отырады.
Онкохирургия бөлімшесінің қызметкерлері Қазақстан Республикасының, жақын және алыс шетелдердің (Ресей, Франция, Түркия, Германия, Корея, Үндістан, Израиль, Швейцария және т.б.) бірқатар жетекші клиникаларының базасында оқудан өтіп, өз біліктілігін арттырып келеді.