Бүгін Семей қаласында Қазақстан онкоурологтар қоғамының бастамасымен өңірдің медициналық ұйымдарының онколог – дәрігерлеріне, хирургтарға, урологтарға арналған ғылыми-практикалық семинар өтті. Кездесудің басты мақсаты МСАК дәрігерлерінің, сондай-ақ облыстың онкологиялық қызметінің онкологиялық ауруларды диагностикалау мен ерте анықтаудағы бірлескен іс-қимылдарын нығайтып, жолға қою болды.
Ғылыми-практикалық семинар жұмысына Қазақстанның онкоурологтар қоғамының төрағасы Талғат Құрманов, сондай-ақ Қазақстанның бас онкоурологы, онколог, уролог, хирург, жоғары санатты дәрігер, ҚазОРҒЗИ онкоурология орталығының басшысы Хусан Өмірзақов қатысты. Біздің Орталықтан семинар жұмысына MD, уролог, хирург, хирургия бөлімшесінің онкологы Асхат Қабыкенов қатысты.
Семинар барысында простата обырын диагностикалаудың заманауи алгоритмдері туралы Қазақстанның онкоурологтар қоғамының төрағасы Талғат Құрманов, сондай-ақ Қазақстанның бас онкоурологы Хусан Өмірзақов баяндама жасады. Уролог, хирург, онколог Асхат Қабыкенов Абай облысының онкологиялық науқастарының эпидемиологиясы мен жүргізілетін емдеу түрлері туралы айтып берді.
Айта кету керек, ғылыми-практикалық семинар тәжірибе алмасу және онкологиялық ауруларды диагностикалау мен ерте анықтауда бірлескен іс-қимылдарды нығайту үшін маңызды диалог алаңына айналды.