Ондаған елдердің жетекші онкологтары, радиологтары осы күндері қатерлі ісіктің диагностикасы мен емдеудің озық тәжірибелері мен ғылыми зерттеулерін талқылайды. 25-27 сәуір аралығында Тәжікстандағы Душанбе қаласында ТМД және Еуразия онкологтары мен радиологтарының XIV съезі өтуде. Съезд жұмысына біздің Орталықтың жетекші мамандары – химиотерапия бөлімшесінің меңгерушісі, онколог-химиотерапевт Нұрбол Елемесов, сондай-ақ маммология және гинекология бөлімшесінің меңгерушісі, онколог-дәрігер, хирург Төлеген Құрманғалиев қатысуда.
Съезд бейнеконференция форматында өтеді, оған 5 мыңнан астам жетекші мамандар қатысады. Форумның басым міндеттерінің бірі жинақталған тәжірибемен алмасу болып табылады. Сондай-ақ, съезд онлайн-форматта өтеді деп көзделген, бұл барлық елдер мен өңірлердің медицина мамандары үшін ең өзекті ақпаратқа қол жеткізуге және қатысуға мүмкіндік береді. Бүгін Әбуәли Ибн Сино атындағы Тәжік мемлекеттік медицина университетінде Съездің салтанатты ашылу рәсімі өтуде, сондай-ақ бүгін пленарлық отырыс жоспарланған. Естеріңізге сала кетейік, ТМД және Еуразия елдерінің онкологтары мен радиологтарының съезі екі жылда бір рет өткізіледі, дәстүр бойынша ол ТМД-ның әртүрлі елдерінде өтеді.