Бүгін Ядролық медицина және онкология Орталығында кезекті «Ашық есік күні» өтті, оның барысында колоректальды обырдың, сондай-ақ жатыр мойны обырының алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған скринингтік тексерулер жүргізілді. Скринингтерді қорытындылай келе, осы күні өңірдің 40-қа жуық тұрғыны тексеруден өтіп, біздің онкологтардың консультацияларын алғанын атап өткен жөн. Қуанышқа орай, науқастар арасында қатерлі ісіктің расталған жағдайлары анықталған жоқ, бірақ аналық без қатерлі ісігіне бір күдік анықталды.
Сондай-ақ, көптеген қатерлі ісіктер көбінесе бастапқы кезеңдерде ешқандай белгілерсіз өтуі мүмкін, ал белгілердің пайда болуы көбінесе дерттің асқынғанының көрсеткіші. Сондықтан қатерлі ісік ауруын ерте анықтаудың негізгі механизмі әлі де скринингтік тексерулер болып табылады.