Бүгін Ядролық медицина және онкология орталығында «Қазақстан Халық партиясы» облыстық филиалының қолдауымен «Қатерлі ісікке қарсымыз – вместе против рака» атты дөңгелек үстел өтті. Диалог алаңы әртүрлі салаларының, оның ішінде мемлекеттік органдардың, депутаттық корпустың, қоғамдық ұйымдардың өкілдерін жинады. Кездесудің басты мақсаты өңірде қатерлі ісіктермен сырқаттанушылық көрсеткіштерін талқылау және қатерлі ісіктен сырқаттанушылық пен өлім-жітімді төмендетуге бағытталған өзара іс-қимылдың тиімді тетіктерін әзірлеу болды.
Кездесуді Ядролық медицина және онкология орталығы директорының міндетін атқарушы Саят Таңатаров алғашқы сөзімен ашты. Өз сөзінде ол өңірдегі қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықтың негізгі көрсеткіштерін ұсынды және Орталықтың өткен жылғы жұмысының қорытындыларын атап өтті. Сондай-ақ проблемалық мәселелер де көтерілді. Атап айтқанда, Саят Танатаров скринингтік бағдарламалар туралы халықтың хабардарлығын күшейту, олардың қатерлі ісікті емдеуге деген тиімділігін арттырудың және өлім-жітімді төмендетудің маңыздылығын атап өтті.
«Қазіргі уақытта мемлекет қатерлі ісіктің алдын алуға және ерте анықтауға бағытталған бірқатар скринингтік бағдарламаларды жүзеге асыруда. Мемлекет осы мақсаттарға зор назар аударып үлкен қаражат бөледі, өйткені скринингтердің арқасында ауру мен өлім-жітім көрсеткіштерін айтарлықтай төмендетуге болады. Дегенмен, қандай да бір себептермен байланысты бұл мүмкіндікті елемейтін, уақытында тексеруден өтуге асықпайтын адамдар аз е мес. Мысалы, жақын арада елімізде қыздарды жатыр мойны обырының пайда болуының негізгі факторы – адам папилломавирусына қарсы вакцинациялауды бастау жоспарлануда. Әлемде вакцинацияның тиімділігі ғылыми түрде дәлелденгеніне қарамастан, біздің қоғамда бұл процеске деген көзқарас біржақты емес», – деп атап өтті Саят Таңатаров.
«Қазақстан Халық партиясы» қоғамдық бірлестігінің облыстағы филиалының төрағасы Айдын Егеубаев басқа да маңызды мәселелерді атап өтті. Атап айтқанда, ол өкпе обырымен өңірінде сырқаттанушылықтың жоғары көрсеткішіне тоқталып, бұған қолайсыз экологиялық жағдай, атап айтқанда, жылу көздерінің көптігі және пешпен жылытылатын жеке сектордағы тұрғынүйлер себеп болуы мүмкін екенін атап өтті.
«Өкінішке орай, қалада көмірмен жұмыс істейтін жылу қазандықтары өте көп, олардың көпшілігі моральдық тұрғыдан ескірген және қазіргі заманғы сүзу жүйелері жоқ. Пешпен жылытылатын жеке тұрғын үй қоры да аз емес. Бұл қаншалықты проблемалы екенлігі әсіресе қыс мезгілінде шығарындылар ақ қарға түскен кезде жақсы көрінеді. Бұл шығарындылар ешқайда кетпейді, біз олармен күн сайын дем алып келеміз», – деді Айдын Егеубаев.
Өңірдегі онкологиялық аурулардың көрсеткіштерін төмендетуге бағытталған түрлі құрылымдар мен ұйымдардың күш-жігерін шоғырландырудың проблемалық мәселелері мен мүмкіндіктерін талқылай отырып, Айдын Егеубаев өңірде арнайы мониторингтік топ құру туралы ұсыныс жасады, оның міндеті коммуналдық қызметтер мен кәсіпорындардың қызметін және олардың қоршаған ортаға әсерін қадағалау болмақ. Дөңгелек үстелге қатысушылар атап өткендей, өңірде осындай форматтағы кездесулер тұрақты негізде өткізілетін болады.